1 балуан шолақ шығармалары (Әндері, өлең-жырлары. Естеліктер, мақалалар, аңыз) Құрастырған Балжан Хабдина



жүктеу 1.52 Mb.
Pdf просмотр
бет28/29
Дата15.03.2017
өлшемі1.52 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

305
Бұл  хабарларды  естігенде,  Ғалияның  əйелдік  мінезі  де  ұстап 
қап,  қызғаныш  оты  да  қоза  кетеді...  Балуанға  өшіге  де  қалады... 
бірақ  ол  қызуы  тез  қайтып,  қалтқысыз  сүйетін  қалпына  орала-
ды да, тағы да аңсай, тағы да сағына бастайды... Бұндай сезімге 
түскен сəттерінде «қашан келсе де, қалай келсе де, тек аман кел-
се екен!.. Көзіме тірі көрінсе екен!.. Сонда мен оған бəрін де ке-
шер едім, қайда тұрсаң да, кіммен тұрсаң да еркің, тек тірі бол!» 
дер едім!.. 
Енді, Балуанның тірі келе жатқанын естіген Ғалия, бұл хабарға 
қуана отыра, қандай жайда келе жатқанын білмей бір сасса, екінші 
сасуы – қала  əкімдерінің  сөздеріне  құлақ  түрсе,  аңшылардың 
«қанды басың бері тарт!» деуіндей, Балуан баяғы қылығын қоймай 
келсе,  ұстап  ап  қамап  қоюға  қолдарына  түкіріп  отыр... «Бұл 
құрылған  қақпанға  Балуанды  шақырушы  менмін»  деп  ойлаған 
Ғалия,  не  істеуге  білмей  сасады. «Алдынан  шығып,  келме  деп 
хабар берем бе?» деп бір ойлайды ол. «Хабар бергеніммен, басқа 
жаққа  кете  ме  ол?..  Кетсе,  қайда  кетеді?..»  деп  тағы  ойлайды... 
«Аяғына оралғы бола бергеннен біржола жоқ болсам қайтеді?» деп 
те ойлайды ол... 
Ғалия осынша ойдың шытырманына кіріп шатасып жүргенде, 
Балуан келіп қалды. Ғалияны ол үстінен қапыда басты. Əнеугі бір 
шақта, келе жатқан Балуанды жақындатып қойған жұрт, жуық ара-
дан  бері  алыстатып, «əлі  əртінде  дейді»  деп,  Ғалияның  лепірген 
шыдамын  басып  тастаған  еді.  Енді  біреулер:«Неге  тым-тырыс 
бола  қалды,  хабары  естілмейді?!..  Не  сырқаттанып  қап,  не  біреу 
қастық  қып...  дегендей  пəле-жаладан  аман  болғай  да  бейшара!» 
деп,  Ғалияның  көңіліне  қобалжу  түсірді.  Осындай  толқымалы 
сөздердің ішінде Ғалияға ең тиянақты көрінгені: «Аман-сау болса, 
Балуан,  əрине,  томаға-тұйық  келіп  қалмайды;  оның  келе  жатқан 
хабары, ең кеміне, күндік жер алдын орай жүреді...» 
Осы  сөзге  сенген  Ғалия,  сағынып  күткен  жолаушысынан 
анық  хабар  келе  қоймаған  соң,  əрі  «алыста  жүрген  болар»  деген 
үмітпен,  əрі  «не  болды  екен?!»  деген  қауіппен,  ешбір  əзірліксіз 
бейқам отырғанда, Балуан келді де қалды!.. 
Жəне ол қызық түрде келді. «Бүгін келеді» деген ой өңі түгіл, 
түсінде  де  жоқ  ол,  үйін  де  жинастырмай,  өзі  де  түзелмей,  Бал-
уан  кеткеннен  бергі  жобалғы  киім,  жобалғы  пішінмен,  іңірде  үй 
шаруасын атқарып жүр еді, сыртта қақпа сықырлады. 
–  Қақпадан  біреу  кірді  ғой!.. – деді  ол,  қолбала  ғып  жұмсап 
жүрген он үштегі жас қызға. –  Шықшы далаға!.. Білші кім екенін!.. 
Танымайтын біреу болса, «қондыруға уақытымыз жоқ» де!.. 

306
Қыз  шықса,  жобалғы  киімді  əлдекім  салт  аттан  түсіп  жатыр 
екен. Кім екенін білгісі келген қыз, сыпайылық сақтап тұр еді, жо-
лаушы атын байлады да, қызға кеп: 
– Аманбысың, балам? –  деді. 
Қыз əдеп сақтап, үндемеді. 
– Осы ма, Ғалияның үйі? –  деді жолаушы. 
– Осы, – деді қыз. 
– Үйде ме, өзі? 
– Үйде! – деді қыз, ішінен «апамды біліп тұрған бұл кім өзі?!» 
деп ойлап, бірақ кім екенін сұрауға қымсынып. 
– Əкесі бар ма, үйінде? 
Қыздың жүрегі бұл сұраудан зырқ ете қалды. «Балуан» деген 
адам барын, оның не қылған адам екенін, Ғалияға не қатынасы ба-
рын, сол «Балуанның» келе жатқан хабарын, ол хабарға Ғалияның 
қалай қарап жүргенін қыздың құлағы шалған. 
«Сол  адам  осы  болмағай  да, – деген  ой  кеп  кетті  қызға, – 
əйтпесе, əлдеқашан өлген атамды үйде ме деп неге сұрайды?!.» 
Осы ойдан сасып қалған қыздың аузына сөз түспей тұрғанда, 
жолаушы үйге қарай жөнеле берді. Оған ере жүрген қыз, танымай-
тын  адам  болған  соң,  Ғалия  тапсырған  «қондыруға  уақытымыз 
жоқ» деген сөзді айтуға бірнеше рет оқтанып еді, дірілдеген жүрегі 
аузына сөз түсірмей қойды... 
Балуан  қыздың  алдын  ала  үйге  кірсе,  кішірек  кəрəсін  шамы 
жанған ауыз бөлмеде Ғалия бүкшеңдеп, сəкі сыпырып жүр екен. 
Кіріп келген адамның жобалғы киіміне қарап, «көп жолаушының 
бірі болар» деп жорыған Ғалия, қондырғысы келмеуін қылығынан 
көрсетпек  боп,  амандықсыз-саулықсыз,  жолаушының  кескініне 
қарамастан, сəкісін сыпырған қалпымен күйбеңдей берді. 
Балуан  оның  бұл  қылығын  əуелде  танымауына  бір  жорып 
тұрды  да,  аздан  кейін  «осы  мені  əдейі  танымай  тұрған  жоқ  па?» 
деген  ой  түсіп  кетіп,  өкпелеудің  жетегімен  шыға  жөнелуге  ниеті 
кетіп  барып,  денесіне  əрең  дегенде  ие  болды.  Өйтетін  себебі – 
Ақмолаға жақындаған шақта, құлағын «Ғалия Балуанды ұмытқан, 
басқа бір елеусіз күйек асты күйеу тауып, сонымен жүріп жатқан 
жайы болса керек» деген сөз естіген. «Мына қылығына қарағанда, 
сол сөз рас болмағай да» деген ой да кеп кетті Балуанға. 
Есіктен  кіріп,  босағада  үн-түнсіз  тұра  қалған  зор  денелі, 
жұпыны  киімді,  сақалды  еркек  Ғалияның  көңілін  тез  бөлді  де, 
«не  қылған  жолаушы  бұның  өзі,  амандығы-саулығы  жоқ?!.  Неге 
үндемей тұр өзі?!. Мылқау біреу емес пе?» деп ойлаған Ғалия, кім 
де болса тіл қатқысы кеп: 

307
– Жолыңыз болсын! – деді еңкейген бойын жазып. 
– Əлей болсын! – деді Балуан, даусын əдейі өзгерте сөйлеп... 
– Неге тұрсыз, босағада? 
– Рұқсатсыз ілгері баса алмай тұрғаным да... 
Осы бір үн Балуанның дауысына ұқсап кеткен сияқты болған 
соң, Ғалия серпілген сезіммен денесіне қарай қап еді – Балуандікі 
сияқты!.. 
Жүрегі дір ете қалған Ғалия, қалтыраңқыраған дауыспен: 
– Жоғарылаңыз! –  деді, төргі бөлменің есігін қолымен нұсқап. 
Ғалияның  мұншама  жобалғы  жүруінен  жұрттың  ол  туралы 
өсегі бекер екен деп жорыған Балуанның бұрынғы мейірімі түсіп 
кетті де, өзіне өзі ие бола алмай: 
– Ғалия! – деп құшақ жая айғайлап қалды. 
Балуанның  дауысын  сонда  ғана  таныған  Ғалия,  не  істеуге 
білмегендей,  көзі  шарасынан  шыға,  кескіні  боп-боз  боп,  қаны 
ішіне құйыла, шегіне берді де, талықсып құлап кетті... 
Екі ғашықтың жан сыры сол түні түгел ақтарылып болды. Олар 
бұл жолы ер мен əйел болып емес, адам мен адам боп, сезімі би-
леген жас боп емес, санасы билеген мосқал боп сырласты. Сонда 
келген қорытындылары: екеуі өмірлік шын дос боп қалады, бірақ 
бастарына  туған  күнмен  есептесіп,  бірігіп  бір  жерде  тұрмайды, 
Балуан  Көкшетаудағы  бала-шағасының  қасына  барады  да,  ендігі 
өмірін соларды бағып-қағып өсіруге жұмсайды... 
Ғалия осы үйінде тұра береді де, аса сағынған күндерінде жүз 
көрісіп,  біріне-бірі  барып  қайтады...  ендігі  қалған  өмірде,  осы 
тиыштықтары бұзылмаса, екеуі де одан артық бақытты тілемейді... 
Бұл  шарттарды  Балуанға  айтқан  да  Ғалия,  тілін  алдырған  да 
Ғалия. Балуанның бұл шарттарға көнбей бұлтақтағысы келгенмен, 
Ғалияның жан сырынан көзіне көрсете тоқыған дəлел-торы бүлк 
еткізбеді, Балуан жүрегі сыздай отыра көнді. 
Ертеңіне  Балуан  Көкшетаудағы  үйіне  жүріп  кетті.  Оның 
Ақмолаға келуі мен кетуін Ғалия мен кішкене қыздан басқа ешкім 
білген  жоқ.  Қызға  Ғалия  «Балуанның  келіп-кеткенін  жан  адамға 
аузыңнан шығарма» деген тыйым салды. 
Балуанның елінде де елеусіз жүре берем деген ойы орындалған 
жоқ. «Ол ауылына келіпті» деген хабар, аттан түсе дүңк ете қалды 
да,  шалқып  ескен  желдей  жан-жағына  тарады  да  кетті.  Балуан 
ауылының  тағы  да  тобыр  болуын  іштей  тілемегенмен,  сағынған 
ел-жұрт  күні-түні  ат  ізін  суытпай  басып  кетті.  Балуан  үйінің 
шаруашылық күйі əлсіз екенін білетін олар, «көп жылдан бері же-

308
меген сыбағаң» деп, қара-құраларын жетектей, азық-түліктерін ар-
баларына тией келді... Солардың бəріне Балуанның айтары: 
– Рақмет, ағайын, сый-құрметтеріңе. Ендігі тілегім – оттың ба-
сында, ошақтың қасында тиыштық өмір өткізу... 
Бірақ,  Балуан  бұл  уəдесіне  жете  алмады.  Бұрын  ойға-қырға 
жүріп  қалған  көңіл  оны  үйіне  тоқыратпай,  ат  арқасына  қарай 
жетектей  берді.  Бұған  барғысы  келмей  тартыншақтайын  деген 
Балуанның  мазасын  ауылда  тағы  бір  нəрсе  ала  бастады:  бірінші 
дүниежүзілік соғыстың басталғанын Балуан Жетісуда естіген еді, 
енді,  еліне  келсе,  соғыс  шығыны  елді  албастыдай  басып,  тыны-
сын тарылтып тұр екен. Сонда, шығынның ауыртпалығы байларда 
емес, кедейлерде. Осыған шыдай алмаған кедейлер Балуанға кеп, 
біресе «мына пəледен қалай құтыламыз» деп, біресе «бұл нəледен 
құтқар!» деп маза бермейтін болды. 
Үйінде  отырғанда  тиыштығы  осылай  кете  бастаған  Балуан, 
қолынан келер дəрмен жоғын көрді де, көптен көз таса болу үшін, 
аңшылықпен шұғылданды. Дос адамның алғыр қаршығасын қалап 
алған ол, ұйқыдан басқа уақыттарының бəрін тау ішінде, маңында 
ел жоқ көлдер мен өзендердің арасында өткізді.. Сөйтіп, ол таудың 
тағысы боп кетті... 
34. ЖАСЫРЫН ҚАСТЫҚ 
Көкшетау уезінің соңғы кездегі уездной начальнигін сол уездегі 
қазақ елі «Дəуқара» дейтін еді. Ол: түрегелгенде төбесіне орта бой-
лы кісінің қолы əрең жететін, қарнына бір қапшық ұн байлағандай 
шермиген,  желке  мен  иыққа  ерекше  біткен  шүйделі  қалың  май 
тұтасып  кетіп,  арқасынан  қарағанда  шоқтығы  төңкерген  қазанға 
ұқсаған,  артынан  қараса  бүкір  сияқты,  алдынан  қараса  шалқақ 
сияқты, білектеріне өскен кесек май жыртық жеңдей салбырап түсіп 
кеткен, семіз саусақтарының буындары бунақталып, əр буыны бір 
жұмыртқа сияқтанып томпайған, ескірген табақтай дөңгелек семіз 
бетінде,  іннен  жылтыңдаған  қаптесер  сияқты,  шүңірек  кішкене 
қара көзі ойнақшыған, шошқаның тұмсығындай мұрны қайқиған, 
үңірейген  кең  танауының  қылтандары  сыртқа  шығып,  кірпінің 
тікенегіндей  ербиген,  көзінен  басқа  бетін  тұтас  жапқан  қалың 
қара  бұйра  сақалын  еркін  өсірмей,  елтірінің  бұйрасынан  аз-ақ 
ұзын қып қайшымен қырықтырып жүретін, қылшығы жылқының 
ту құйрығындай қалың қара мұрты иегі нен салбырап, омырауына 
түсетін, демалғанда беті тыржиып, бар денесі қозғалатын, күлкісі 
ақырған сияқты көрінетін, адамзаттың бір жануары еді. 

309
«Дəуқара  елге  шығыпты»  деген  сөз  халыққа  «өрт  қаптап 
келеді»  дегеннен  жаман  əсер  ететін.  Бір  жаққа  жолаушылап 
шықса,  оның  алдында  қос  атты  шапқын  жүреді.  Түсетін  үй  күн 
бұрын даярланады. Жолында не мал, не адам тұрмау керек. Өзі əрі 
қомағай, əрі мешкей – бір қойдың етін бір өзі меңгеріп тастайды. 
Қай ауылға түсетін болса да қой сойылып, жеуге даяр боп асулы 
тұрады. Түскен үйінің асы əзір болмаса, «елемедің» деп, үй иесін 
почтовойына сабатады. Кімді сабаса да, мұрнынан қанын ағызып, 
тепкілеп, талдырмай тоқтамайды. 
Қылмыссыз адамнан қылмыс табу оған дəнеңе емес. Ең күнəсіз 
деген  адамды  ол  «жеккен  атың  жаман,  асқан  дəмің  жаман»  деп 
айыптайды. Сондағы көздейтіні – қорқытып пара алу. 
Жабайы  халық  былай  тұрсын,  ол  ауылдың  əкімдері – болыс, 
старшындарға  да  өте  қатаң.  Ол  Көкшетауға  ояз  боп  келгелі-ақ 
түрменің ішіне кіріп шықпаған болыс, старшын аз. 
1916 жылдың аласапыраны басталар алдында Дəуқара шапқын 
жіберіп, Көкшетау уезіндегі барлық қазақ болыстарын шақыртты. 
Неге шақыртқанын білмеген болыстарда зəре-құт қалған жоқ. 
«Патшадан келген жарлық болғаны ғой, – деп қорықты барлық 
болыс та, – əйтпесе, бəрімізді тұтас шақырмаса керек еді!..»
«Кім біледі, – деген үрейлі сөздерді айтты кейбір болыстар, – 
соғыстың қатты жүріп жатқаны мынау!.. Заман тарыншылық боп 
кетті...  Өкіметтің  тапсырмасын  түгел  орындап  отырған  жоқпыз. 
Əлде соған ашуланып шақырып, жауып қоймаса, соттап жібермесе 
не қылсын!..» 
Осы қорқынышпен олардың көбі үйлерінен аттанарда қатын-
баласына, туысқандарына бақұлдасып жылап кетті. 
Бұйрық – Дəуқараның  өз  үйіне  келу  еді.  Көкшетаудың  орта-
лығындағы  алапта,  бақшаға  қарсы  тұратын  Дəуқараның  ақ  тас 
үйінен  болыстар  жыланның  қордасынан  жаман  қорықты,  бірақ, 
амал  жоқ,  қорқыныш  кеуделеріне  алдынан  найзадай  қадалса  да, 
сыздаған жүрекпен аттарын амалсыз қақпа алдына байлап, Дəу қа-
раның үйіне кірді. 
Күтпеген жерде Дəуқараның болыстарды жылы жүзбен қарсы 
алуы оларға қап-қараңғы түнде жарық күн шыққандай əсер берді. 
Бұрынғы Дəуқара емес, сыпайы, əдепті: «сіз, бізбен» сөйлеседі!.. 
Бұрын кеңседе ғана жолығып, өз үйінің маңайынан да жүргізбейтін 
ол, мына жолы үлкен ақ тас үйдің кең екі бөлмесін болыстарға бо-
сатып,  ішіне  қазақша  кілем,  көрпе  төсеп,  шынтақтарына  жастық 
қойған!.. 

310
«Тамаша! –  десті болыстар жасаулы бөлмеге кіріп орныққан 
соң. – Неғып  мұның  ықыласы  түсіп,  құдайы  иіп  қалды,  ə?!. 
Ғажап!..» 
Қазақ  əдетін  білетін  Дəуқара  болыстарды  шаймен  де,  етпен 
де тойғыза сыйлады. Күтуде кемшілік болмасын дегендей, болыс-
тар тамақ ішіп отырған кезде, бөлмеге өзі де кіріп: «Алыңыздар, 
ішіңіздер, қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!» –  деп жалпаңдады. 
Қазақтың  болыстары  жиырмадан  аса  кісі  еді.  Оған  қоса 
орыстың біраз болыстары мен атамандарын шақырған екен. 
Бəріне құрметті бірдей көрсеткен Дəуқара, іңірде қонақтарын 
кең кабинетіне жинап ап кеңесті: 
– Россияның басына ауыр күн туды, – деді ол, – міне, екі жыл, 
біз ата жауымыз – Германиямен соғысып жатырмыз. Бұл соғыста 
біз  жеңеміз.  Бірақ  Германия  тез  жеңдіре  қоятын  жау  емес.  Оны 
жеңуге  көп  күш  керек.  Орыс  халқы  бар  күшін  жұмсап,  малын 
да, жанын да аяп жатқан жоқ. Осындай қиын жағдайда Россияға 
бағынған  бұратана  елдер  де,  мəселен,  қазақтар  да  жəрдем  беріп 
жатыр.  Егер  олар  осы  жəрдемін  азайту  орнына  көбейте  берсе, 
ертең  соғыс  біткен  соң,  ұлы  мархабатты  патша  ағзам – Николай 
Александрович Романов оларға да рақымшылық көрсетеді. Қазақ 
халқы  бүгінге  шейін  малмен  ғана  жəрдем  беріп  келеді,  адам-
мен  жəрдем  берген  жоқ.  Патша  ағзам  қазақ  халқынан  енді  жігіт 
сұрамақ. Қазақ жігіттері соғысқа бармайды, соғыстың маңайында 
қара жұмыс істейді. Əрине, бұрын солдат беріп көрмеген ел, бұған 
тез көнбеуі мүмкін, жанжал жасауы мүмкін. Осыны ойлап, алдын 
ала даярлық жасау үшін, халыққа беделі бар болыстар – сіздерді 
шақырып  отырмын,  қалай  істесе  халықты  жанжалсыз  көндіруге 
болатындығын  ақылдасуға  шақырдым.  Жəрдемге  шақырдым. 
Сіздерді үкіметке сенімді кісі деп шақырдым... 
Дəуқара ұзақ сөйледі. Оның сөзін уездің кеңсесінде перевод-
чик болып істейтін қазақ жігіті дəлме-дəл аударды. 
–  Айтқаныңыз  орындалады,  тақсыр, – десті  болыстар, – 
халықты көндіреміз. Қанша жігіт болса да береміз! 
Қазақтан  солдат  алу  жұмысы  болыстар  ойлағандай  жеңіл 
емесін айта кеп, Дəуқара, егер жанжал бола қалса, оны тез басудың 
даярлық жайларын айтты: 
– Егер, қазақ елі бұл бұйрыққа қарсы шықса, басқаратын кімдер 
бар? – деп сұрады ол болыстардан. 
Əр болыс өз елінің қауіпті деген адамдарын атады. Тоқсамбай-
дың Сыздығы сол кезде Қотыркөл болысының управителі еді, ол 
Балуан Шолақты атады. 

311
Сыздықтың сөзіне Дəуқараның құлағы елеңдей қалды. 
– Рас, ол қауіпті адам!.. Ел көтерілсе, бастайтын адамның бірі 
сол болуында сөз жоқ, ендеше, одан құтылу керек, – деді Дəуқара. 
– Оны тірідей ұстау қиын, – деді Сыздық. 
– ...Сонда?.. 
– Қапысын тауып аттыру!.. 
Бұл ақыл Дəуқараға қона қалды. Бірақ ол «Балуанға хабарлан-
дырып қояр» деп қазақ болыстарына сенбей: 
– Аттыру жарамас, – деген болды арам ойын жасырып, – қолға 
тірідей  алу  керек,  о  да  адам  баласы,  мүмкін  сөзге  көндірерміз. 
Көнбесе, басқа шарасын істерміз. 
«Осы қауіпті-ау» деген елдің адамдарын Дəуқараға ұстап бер-
мек  боп,  солдат  алу  туралы  хабарды  ерекше  бұйрық  берілгенше 
ешкімге айтпауға ант беріп, болыстар елді-еліне тарады. 
Еліне  қайтуға  даярланып,  өзінің  пəтеріне  кеткен  Сыздықты, 
Қайрақты қаласының старостасы Егор Пропадконы Дəуқара іңірде 
үйіне шақырып ап, оңаша кеңесті. 
– «Балуан  Шолақты  аттыру  керек»  деген  сөзің  дұрыс, – деді 
ол  Сыздыққа, – бірақ  бұны  үшеуімізден  басқа  жан  сезбесін.  Кім 
айтқанын ел білмейтін болсын. Егер білсе, үкіметке ең зор пəле сол 
болады. Қазақ халқының Балуанды жақсы көретінін үкімет біледі. 
Егер  оны  өлтірген  адамды  қазақ  халқы  сезсе,  кегін  қайтарып, 
үкіметтің  талай  адамын  өлтіреді.  Ал,  егер,  солдат  алу  туралы 
патшаның жарлығы шықпай тұрып Балуан Шолақты өлтірмесек, 
елді үкіметке қарсы көтеруінде, бастауында сөз жоқ. Өзі осы күні 
де: «патшаны  жоймай  елге  жақсылық  жоқ»  деп,  ел  арасына  үгіт 
таратады дейді. 
Дəуқараның,  Егордың,  Сыздықтың  ақылдаса  кеп  тоқтаған 
тиянағы:  қаршыға  сап,  саятта  жүрген  шағында  Балуан  Шолақты 
аттыру. 
Бұл қылмысты ұйымдастыру Сыздық пен Егорға жүктеледі. 
35. БАҒЫ ҰШҚАН БАЛУАН 
Дəуқара мен болыстар қанша жасырам дегенмен, «ел құлағы –
елу»  дегендей,  патша  үкіметінің  қазақтан  солдат  алатыны  халық 
арасына тез тарай қалды. 
Бұл хабар жанын түршіктірген елдің көбірек ақылдасқан ада-
мы – Балуан Шолақ. 
– Ал, батыр! –  деді оған ақылдасқандар. – Солдат алады де-
ген  хабарды  естіп  отырсың.  Елдің  болысы,  биі,  байы  күн  бұрын 

312
айла тауып, балаларын солдаттан алып қап, ылғи кедейдің жігітін 
бергісі  келетінін  де  сезесің.  Біз  не  істейміз?  Баяғыда  «патшаны 
құртпай – жақсылық жоқ», – дейтін ең, оның не сөз еді? 
«Бөрі  арығын  білгізбес,  сыртқа  жүнін  қампайтар»  дегендей, 
көлденең  жұртқа  жуасыған,  аңшылықпен  ғана  алданған  сияқты 
көрінгенмен, Балуан Шолақтың жүрегінде қайнаған кек көкірегіне 
сыймайтын  еді. «Күш  қазандай  қайнайды,  күресерге  дəрмен 
жоқ,  қоян-қолтық  ұстасып  өлсең-дағы  арман  жоқ»  деп  көнетін 
еді. «Осы  қорлықта  іштен  сыздап  өлгенім  ғой»  деп  өкінетін  еді, 
«шіркін,  ел  бір  көтеріліп,  тізгінін  маған  берсе!» –  деп  арман 
ететін еді. 
«Құланның қасынуына мылтықтың басуы дөп келді» дегендей, 
он алтыншы жылдың хабары оның осы ойына дəл келе қалды. 
Балуан Шолақ ақылдасқан елге жауабын ойланбай берді: 
– Лақ та өлерінде бақырып, тұяқ серпеді, – деді ол, – аянғанмен 
жан  қалатын  емес,  бəрібір  өлім,  көтерілеміз!  Арпалысамыз.  Не 
жеңеміз, не өлеміз!.. Екінің бірі!.. Содан басқа жол қалған жоқ. 
– Дұрыс! –  десті жұрт. 
–  Бірақ  оған  ақыл  керек.  Мұндай  зор  іске  алды-артымызды 
шамаламай сұғынуға болмас. Ана жылы Ұлы жүз бен Орта жүзді 
тегіс араладым. Сонда патшаны ұнататын ел жоқ та, бəрі де іштен 
сыздап амалсыз отырған. Егер, көтеріле қалсақ, Үш жүз боп тұтас 
көтерілейік дескенбіз. Елдің ішінде бықсып жанып жатқан намыс 
өртін мына оқиға үрлеп лаулатуында күмəнім жоқ. Қазақтың кең 
даласы  тұтас  өртенсе,  оны  сөндіру  патшаға  оңай  бола  қоймас; 
білетіндер осы патшаны соғыстан қалжырады деп жүр. Тəуекелге 
бел байлап ұстасып көрейік, мүмкін жығармыз. Бірақ қазақ атанған 
ел  боп  тұтас  қимылдайық!  Ол  үшін,  жан-жаққа  шапқын  жіберіп 
хабар алайық. 
– Дұрыс!.. 
Жан-жаққа  астыртын  хабар  тарап  жатты. «Көтерілеміз,  біле-
гімізді біріктіреміз» деген хабарлар келіп жатты... 
«Қазақ түгіл, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түрікпен сияқты ел-
дер де көтерілгелі жатыр» деген хабар естілді. 
«Осы патшаға орыстың өзі де қарсы екен, жұмыскерлері мен 
кедейлері  бұл  патшаның  бізге  керегі  жоқ  деп  жанжал  жасап  жа-
тыр» деген хабар да келді... 
Ел күшін осылайша жинап жатқан күндердің біреуінде, көңілді 
Балуан  Шолақ  қаршығасы  ілген  құстарды  қоржынына  толтыра 
тиеп, күн төбеден құлай үйіне қайтты. Астына мінген аты Ақбоздай 
болмағанмен, сол маңайдағы жақсы аттың біреуі еді, өзі желгіш те, 

313
аяңшыл да. Қолындағы қаршығасы «жылан сырт» атанған алғыр, 
қыран құс. 
Бүгін  Балуан  Шолаққа  ерекше  сезім  пайда  болды.  Еліне  бет-
тегенде  ол  ауылына  емес,  жорыққа  аттанған  сияқтанды.  Барлық 
халқы  соңына  ергендей,  барлық  орман  қаруға  айналғандай, 
барлық  тас  жауға  ұстайтын  қалқан  болғандай,  барлық  сайраған 
құстар  жеңіс  əнін  шырқағандай,  патшаны  құртып,  жауын  жеңіп, 
өмірлік  арманы – Ғалияға  қосылып,  махаббат  аясында  бақытты 
өмір жасағандай сезінді!.. 
Балуанның жолында биік жақпар тасты кесіп өтетін тар кезең 
болушы  еді.  Бұрын  осы  тастан  өткенде  ол  əлденеге  сезіктенетін 
еді, сондықтан сақтанып, абайлап өтетін еді. 
Бүгін ол қауіп ойдан шықты. Орманды жаңғырта «Ғалия» əнін 
шырқаған ол тастың тар кезеңді жолынан желіп өте бергенде, ар-
тынан мылтық гүрс ете түсті. 
Селк еткен Балуанның жалт қарауға шамасы келмеді, тұла бойы 
əлденеге  шымырлап,  жүрегі  төмен  тартқан  сияқтанды.  Төсінен 
төмен қарай ып-ыстық бірдеме жылжи жөнелді... 
«Апырай,  не  болды!..» –  деп  ол  тізгіндегі  қолын  кеудесіне 
тығып, жып-жылы бірдеме білінгенге шошығандай қайта суырып 
алса, – қызыл қан!.. 
– Ұрған екен! – деді ол. 
Мылтық  тағы  атылды.  Бұл  жолы  оқ  тиді  ме,  жоқ  па,  байқауға 
шамасы  келген  жоқ.  Жүрегі  өрекпіп,  көзі  қарауытқан  ол, «аттан 
жығылам  ба»  деген  қорқынышпен,  оң  қолындағы  қаршығаны 
ұшырып жіберіп, ердің қасына кеудесін тіреді, аттың жалын құшты... 
Жанталасқан  оның  есі  əлі  бүтін  еді.  Жолын  тосып  біреудің 
қастықпен атқанын ол енді ғана білді, бірақ атқан адам Егордың 
офицер баласы екенін, оның қасында Сыздық барын білген жоқ. 
Балуан  Шолаққа  оқ  тигенін  шамалаған  офицер,  ат  жалын 
құшып  жортып  бара  жатқасын,  жай  ғана  жараланған  екен  деп 
ойлап,  соңынан  қуалап  барып  атып  өлтірейін  деп  еді,  алдыңғы 
жақтағы  алапта  бірнеше  арбалылар  келе  жатқан  соң,  қалың 
орманға жоқ болды. 
Арбалыларға  Балуан  аттың  жалын  құшып  əрең  жетті.  Салт 
аттың үстінде теңселіп келе жатқан адамнан олар əуелі шошынып, 
қасына келген соң: «кім де болса білейік» деп, атын бөгеп қараса –
Балуан Шолақ!!.. 
–  Балуан!..  А,  Балуан!..  Не  болды  саған?.. – деп  үрейленген 
жолаушыларға есеңгіреген Балуан Шолақ басын көтере қарады да, 
сөйлейін деп аузын ашып еді, лықсып қан төгіліп кетті... 

314
– Кім? –  деген сұрауға Балуан басын шайқады. 
Жолаушылар Балуанды аттан түсіріп, арбаға жатқызып денесін 
қараса,  жауырын  түбінен  тиген  оқ  төс  сүйегінің  жүрек  тұсын 
үңірейте  бұзып  шыққан  екен.  Жолаушылардың  біреуі  үстіндегі 
көйлегін сыпырып алып, жараны айналдыра байлады... 
Олар Балуанды ауылына алып жүрді. 
Үйіне əкеп, ұшықтап кіргізіп, төсекке жатқызғанда, Балуан тіл 
қата алған жоқ. Күн ол кезде батуға еңкейіп қалған еді. Сол күннің 
батуға айналған жарты жағы жердің астына малынған кезде, Бал-
уан Шолақ көзін қатты жұмды да, жарқырата ашып қайта жұмды... 
Бұл – көзін дүниеден біржола жұмуы еді... 
Балуанның жаназасына аз ғана ел шақырылған еді, бірақ жи-
налушы көп болды. «Балуан қайтыс бопты» деген хабар естілген 
соң, шақырмағанына қарамай, ат жетер жердегі халық түгел келді. 
Балуанның  ағайындары  «атылып  өлді»  дегенді  намыс  көріп, 
«кенеттен ауырып өлді» деген хабар таратып еді, ол хабар шын-
дыққа шымылдық бола алмады. Шындықты естіген жұрттың жо-
рамалы: «атқан, əрине, жаулары!» 
– Бұл кекті тегін жібермеспіз! –  деп гуледі халық. –  Табармыз, 
атқан  жауды!..  Жуармыз  қанды  қанмен!..  Бірдің  орнына  мыңды 
шалармыз құрмалдыққа!.. 
Жаназаға  жиналған  жұрттың  ішінде  тұрғын  ел  танымайтын 
жолаушы адамдар бар еді. Олардың кейбірі Балуан Шолақты жер-
лесуге де барған. 
Балуан  Шолақ  жерленіп  болып,  дұға  оқылып,  іші  ашыған 
халық, бусанған жас қабірді қимай, «енді қайттік!» – деп өкініште 
отырғанда, тұрғын ел танымайтын бір орта жасты адам: 
– Уау, жұрт, ұлықсат болса, айтар сөзім бар еді, – деді түрегеп. 
– Айт! – десті əркімдер, «бұл кім?» дегендей таңдана қарап. 
–  Мен  Торғай  оязынан  келген  ем,  руым – Қыпшақ,  атым – 
Тоқтар. 
– Алыстан келе жатыр екенсің, жол болсын! 
– Əлей болсын! –  деді Тоқтар. –  Жол шетім осы ара. Іздегенім 
Балуан Шолақ, бірақ, амал қанша! –  деп күрсінді ол. –  Тірі көрем 
бе деп ем, жаназасына кездестім. 
– Жұмысың не еді? – деп дуылдасты көпшілік. 
– Торғайда Амангелді батырды естіген боларсыздар? 
– Естідік. 
– Балуан Шолақ Амангелдіге: «Сол жақта көтерілгелі жатқан 
елді  сен  бастайды  деген  хабар  келді,  егер,  рас  болса,  білекті 
біріктіріп бірге көтерілейік» деп хат жазған екен. 
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет