1 балуан шолақ шығармалары (Әндері, өлең-жырлары. Естеліктер, мақалалар, аңыз) Құрастырған Балжан Хабдина



жүктеу 1.52 Mb.
Pdf просмотр
бет7/29
Дата15.03.2017
өлшемі1.52 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29

87
Жастайымнан атандым...
Жастайымнан атандым «Шолақ дəу» деп, 
Бұл дүниені кім ойлар шолақ-ау деп, 
Мал-мүлік пен байлықты тəрк етпеймін, 
«Ақыр бір күн артымда қалады-ау» деп.
Көкшетауым, күнде жауын 
Көкшетауым, күнде жауын, 
Сексен көл айдын шалқар, 
Қайран ауылым!
Сөйтіп жүрген Сұрша қыз 
Сөйтіп жүрген Сұрша қыз, 
Көкшетауда қалдың-ау, 
Ау-өй, Сұрша қыз, 
Енді есен бол-ай!
Өз атым əкем қойған... 
Өз атым əкем қойған Нұрмағамбет, 
Халқымнан көріп жүрмін қадір-құрмет. 
Бас қосқан оязнайдың съезінде, 
Көтердім кірдің тасын елу бір пұт!
Салайын «Жай қоңырға» 
Салайын «Жай қоңырға» жайыменен, 
Барады өтіп өмір айыменен.
Бір аты əндерімнің...
Бір аты əндерімнің «Кенже қоңыр», 
Тең болмас арғымақ пен қара шобыр. 
Армансыз Үйсін, Дулат араладым, 
Көп жатып бір ауылды етпей ығыр. 
Əнімнің əркім құмар мұқамына, 
Кей жігіт қарап отыр тұтамына. 
Сайраған Сарыарқаның бұлбұлы едім, 
Жетісу, қонақтадым бұтағыңа... 

88
Жұртқа жағар ер жігіт...
Жұртқа жағар ер жігіт қылығынан, 
Сілтегенім кеткен жоқ құрығымнан; 
Анталаған сан дұшпан қамаса да, 
Сырдың суы келмейді жұлығымнан. 
Баласы Баймырзаның...
Баласы Баймырзаның Балуан Шолақ, 
Оң қолым отқа күйіп болдым шолақ.
Бұл күнде отыз бесте...
Бұл күнде отыз бесте менің жасым, 
Қамалдың бұзып жүрмін тау мен тасын. 
Кешегі сентябрьдің базарында, 
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Бұл күнде қырық тоғызда...
Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым, 
Ардақты ел ішінде менің басым. 
Қалтамнан жетпіс бес сом залог салып, 
Сындырдым Карон балуан қабырғасын.
Мен, Шолақ, жас басымнан 
Мен, Шолақ, жас басымнан болдым ояу, 
Оң қолым отқа күйіп болды қаяу. 
Тал түсте Қояндының базарында 
Қырық сан өгіз сатқан мені қой-ау.
Атандым мен жасымнан Балуан Шолақ, 
Оң қолым отқа күйіп болдым олақ. 
Бір өзім қырық өгізді айдап кетіп, 
Соңымнан қуа алмады жалғыз дорақ.

89
Қаңғырып Қараөткелде...
Мен, Шолақ, жас басымнан болдым ояу, 
Қаңғырып Қараөткелде жүрдім жаяу. 
Жаласы сексен өгіз маған ауып, 
Алдында жалғыз оқтың тұрдым таяу.
Тартады денем ауыр...
Атандым Балуан Шолақ мен жасымнан, 
Тартады денем ауыр қорғасыннан. 
Бетіңнің алақандай қызылы үшін 
Айрылман қияметтік жолдасымнан.
Болса да біздің қатын бостың босы, 
Жарасар жігіттікке жүрген қосы. 
Жұбымыз əлі күнге айрылған жоқ, 
«Қоса ағар алғаныңмен» деген осы.
Атанған мен жасымнан... 
Атанған мен жасымнан Шолақ едім, 
Намаз бен оразаға олақ едім. 
Айында қатын-бала бір көрмейтін, 
Мен жүрген ел шетінде қонақ едім.
Баласы Баймырзаның... 
Баласы Баймырзаның Балуан Шолақ, 
Бойымда толып жатыр күш пен бақ. 
Сұлу қыз, келіншекке тынышсызбын – 
Жалғыз-ақ тал бойымда мінім сол-ақ.
Тұрыңдар дұға қылып, құрбы-құрдас!
Атандым Балуан Шолақ бала күннен,
Ту ұстап, ерлік етіп, тұлпар мінген.
Ешкімге опасы жоқ жалған дүние,
Өттің ғой талай-талай кемеңгерден.
Бұл дүние – баяны жоқ, жалған дүние,
Пендесі əрбір жолға салған дүние.

90
Ойласаң, түбі зарар сондай ащы,
Лəззатты болса-дағы балдай дүние.
Дүниенің алданбадың несін біліп,
Жастықта тəубе етпедім есім біліп.
Дүниеге жаяу келіп, жаяу кеттім,
Үстіме жеңсіз көйлек тесіп іліп.
Өлімнен құтылу жоқ батыр болып,
Сөзге шешен, əнге жүйрік, ақын болып,
Барамын алыс сапар қайтып келмес,
Қалыңдар, елім-жұртым, бақыл болып.
Көп сəлем жақсыларға болған сырлас,
Дəурені жігіттіктің қолда тұрмас.
Көз көріп, заманымда атын білген,
Тұрыңдар дұға қылып, құрбы-құрдас!
(Балуан Шолақтың өлеңдері мен əндерінің мəтіндері «ХХ ға сырдың 
басындағы  қазақ  ақындарының  шығармалар  жинағы» (1963), «Бал-
уан  Шолақ» (1998, құрастырған  С.  Оспанов)  кітаптарынан,  Сəбит 
Мұқановтың  «Балуан  Шолақ»  аңызы  мен  жекелеген  зерттеушілердің 
(Ахмет  Жұбанов,  Естай  Мырзахметов,  Балғабек  Қыдырбекұлы,  т.б.) 
еңбектерінде келтірілген үзінділерден құрастырылды).

91
Екінші бөлім
ТУА БІТКЕН КҮШ ИЕСІ, 
ПАЛУАН, АҚЫН, ӘНШІ, САЗГЕР
Естеліктер, мақалалар, аңыз

92
 Сəбит МҰҚАНОВ
БАЛУАН ШОЛАҚ
 («Өмір мектебіндегі» тарау)
Біз  елге  беттеп  келе  жатқанда,  Марьевка
1
  дейтін  қалада 
«Ылиын»
2
 атты базары боп жатыр екен.
Жаздың ортасында болатын базарға халық аса көп жиналыпты. 
Біздің елден де Əлти, Сəпі, Көшке сияқты байлар келіпті.
Біз Ылиынға келген күннің ертеңіне, Көшебе Сибанның базар-
шылары бас қосып кеңесе отырды, сондағы сөзі: «Осы базарда жүр 
деген  Балуан  Шолақты  қонаққа  шақырудың  жабдығы.  Сөздеріне 
құлақ салсам, Балуан Шолақ дейтін адам менің бұған дейін көрген 
адамдарымның бəрінен де басқа».
Жұрттың айтуынша, Балуан Шолақ атан өгізді бұзаудай арқалап 
əкетеді, етіне темір қысқаш батпайды, білектей темірлерді сымдай 
бұрайды,  асау  атты  жалғыз  ұстап  үйретіп  мінеді,  аттың  үстінде 
«шайтандай»  ойнайды,  зəулім  қорғандардан  мысықтай  қарғиды, 
денесіне  оқ  өтпейді,  қылыш  кеспейді,  ағаш  үйдің  қа бырғасын 
басымен  сүзіп  құлатады,  дария  көлдерден  үйректей  жүзіп  өтеді, 
жүгіргенде  жөбішенді  атқа  жеткізбейді,  бір  жеуіне  бір  тайдың 
еті  жұқ  болмайды,  киімді  салдарша  малынып  киінеді,  қыздың 
қалыңмалына бермейтін ат мінеді, ер-тұрманы жарқыраған алтын 
мен күміс. Сөйлесе кетсе, алдырмайтын шешен, қасарысқан ада-
мына мейірімсіз, досына қоң етін кесіп берсе «е» демейтін шыдам-
ды. Дауыс біткеннің əншісі, саусақ біткеннің домбырашысы жəне 
сырнайшысы, жүрген жері ойын-сауық...
– «Жігіт сегіз қырлы болсын» деуші еді, – деп қайран қалысты 
мына  мақтауларды  естіген  жұрт, – рас  болса,  мұның  қыры  бір 
«сегіз» емес, əлденеше сегіз боп кетті ғой...
Біреулер:
–  Соның  өкіметке  қылмысты  боп  қашып  жүр  деген,  қонаққа 
шақырып пəлесіне қалармыз, – деп қашқалақтап еді, көпшілік:
–  Не  болар  дейсің,  пəле  боп?  Бəрімізді  тізіп  айдар  деймісің? 
Жəне қашып жүргені де өтірік соның. Қашса базарға келе ме? Ба-
зар басталғалы жұрттың көзі өзгеде емес, сонда. Жұрт көргенде, 
өкімет  көрмей  жүр  деймісің,  оны?  Шақырайық,  бір  күн  де  бол-
1
Орны биыл – 1969 жылы – «тың» аталатын, Есіл өзенін бөгеуден жасалған 
теңіз астында қалды.
2
«Ильин» деген сөз.

93
са мəжілістес болайық, – деді. Көпшіліктің аузы шақыруға бірік-
кеннен кейін:
– Қонағасына не соямыз? – деп ақылдасып еді:
– Нөкері көп көрінеді ғой қасында, – десті əркімдер, – кем бол-
са қырық-елу кісі серігімен келеді, ол. Мұнда да бірқыдыру жан 
бармыз, бие сою керек...
–  Əуелі  хабарлану  керек, – десті  біреу, – келетін  болса  ғана 
шығынданайық.
– Неге келмейді. Дəмнен үлкен бе? – деді екінші.
– Келуі келер, – деді үшінші, – сонда да беделді, сөз білетін, 
жол білетін жігіттерді жұмсау керек.
Жұмсаған жігіттер іңірде оралды.
– Келетін болды, – деген хабар əкелісті олар.
Ту бие сойыла бастады. Жұрт қонақты күту жабдығына кірісті. 
От  айнала  жиналған  жұрт  Балуан  Шолақтың  кісілігі,  қайраты, 
өнері  туралы  толып  жатқан  қызық  əңгімелер  айтады.  Соларды 
естіген сайын, оны көруге менің құмарым арта түседі...
Сырнай  дауысы  естілді  бір  кезде!..  Көпшілік  құлақ  түрісе 
қалды...  Со  жақтан  түйдектелген  көп  салтты  шауып  келеді!.. 
Міне,  жақындап  қалды  салттылар!..  Сырнай  дауысы  даланы 
жаңғырықтыра, көтеріле шықты... Қосылып айтқан əндер естілді... 
өзгенің  не  екені  маған  мəлім  емес,  ал  менде  шапқан  салттылар, 
үні  сұңқылдаған  сырнай,  оған  қосылған  əн  жақындаған  сайын 
ес  қалатын  емес...  Міне,  келді  де  олар!..  Бізге  жете  кілт  тоқтай 
қалысты... Күтіп түрғандар қарсы жүрісті... Салттылар аттан түсе 
бастады...
– Балуан Шолақ қайсы екен? – деп сыбырлаған біреуге:
– Көзің жоқ немемісің өзің, – деді екінші, – көрмей тұрмысың? 
Түр-тұлғасынан-ақ белгілі емес пе? Сол сияқты кім бар осында?
Бұлай сипаттаушы кісі, Балуан Шолақты көргенімде, асырып 
айтқан сияқтанады: жауырыны кең, төсі жалпақ болғанмен, дене 
құрылысы асып кеткен ірі емес, ортадан аз-ақ биік екен, бұл топта 
одан биік те, денелі де кісілер бар?.. Кескіні бірсыдырғы көркем 
екен: имектеу зор мұрынды, қалың қабақты, қою қасты, үлкен қара 
көзді,  ат  жақты,  қою,  ұзын  қара  сары  мұртты,  дөңгелектеу  қою 
қара сақалды...
Ерекше  көзге  түсетін  киім-кешегі  екен:  сыртына  желбе-
гей  салған,  ақ  ботаның  түбітінен  тоқыған  шекпен,  астары  бат-
сайы, өңіріне жалпақтығы төрт елі қып құндыз ұстаған, басында 
батсайымен  тыстаған  жекей  ақ  бұйра  тымақ,  ішкі  қара  барқыт 
қамзолының беліне жалпақ қып қызыл жібек белбеу байлаған да, 

94
бір жақ ұшын шашақтандырып оң жақ мықынынан төмен түсіріп 
жіберген, бұтында көк шұға шалбар, аяғында көк сауырлап, кес-
телеп, күмістеп тіккен қосай етік... Бұл сияқты киінген кісіні мен 
өмірде көрген емен.
Балуанның мінезі ақжарқын, сөзшең, ойыншы кісі екен. Аман-
дықтан бастап-ақ ол біздің топты жатсынбай, ежелден таныс адам-
дарынша  араласып,  шүйіркелесіп  кетті.  Сөзді  аздап  мұрнынан 
сөйлейтін кісі екен.
– «Қызмет қыл да, міндет қыл» деген, – деді ол, қарсы алған 
топпен  біраз  кеңесіп,  қымызға  қанғаннан  кейін, – ойын  көрем 
деп  шақырдыңдар  ғой  мені,  бастайық  сол  ойынды. – Көпшілік 
мақұлдай кетті. Əуелде күш көрсетпек болған ол:
– Кəне, маған ең ауыр аттарыңды əкеліңдер! – деп, зор денелі 
бір  атты  алғызды  да,  астына  кіре  беріп,  төсін  иығына  келтіре, 
көтере жөнелді...
– Кəне, ең балуан деген жігіт кел де, мені алқымымнан қыс! – 
деді ол, атты иығынан түсіргеннен кейін.
«Түйе  балуан»  атанған,  денесі  Балуан  Шолақтан  əлдеқайда 
зор, Кəлен деген жігіт:
– Мен қысып көрейін, – деп алқымынан алды.
– Қатты қыс! – деді Балуан Шолақ.
– Болдың ба қысып? – деп сұрады ол Кəленнен.
– Болдым, – деді Кəлен.
Со кезде, Балуан Шолақ мойнын бұрып кеп қалғанда, Кəленнің 
қолы алқымнан ытып шығып кетті...
Адам  қайран  қаларлық  тағы  да  біраз  күштер  көрсеткеннен 
кейін:
– Тіл-аузымыз тасқа, – дестік көпшілік, – ертегідегі батырлар 
болмаса, бұл заманда көрмеген күшіміз, бұл. Енді тыныста, өзге 
ойыныңды содан кейін баста.
Ет  жегеннен  кейін,  көпшілік  Балуан  Шолақтан  əн  айтуын 
өтінді. Ол іркілген жоқ. Тек қана сұрағаны:
– Сырнаймен бе, домбырамен бе?
–  Естіп  жүрген  домбыра  ғой! – десті  көпшілік, – таңсық 
сырнайға қосыл.
– Болады, – деді Балуан Шолақ.
Сырнайды  ол  басқа  бір  жігітке  ойнатты  да,  өзі  қосылды. 
«Ияйяһ» деген əнінен бастады ол. Бұл əнді ол жұртқа белгілі «Бұл 
күнде қырық тоғызда менің жасым» деген өлеңмен айтты. Өлеңді 
ол мұрнынан келтіре, екпіндей айтады екен. Дауысы қоңыр, бірақ 
əдемі екен.

95
– Батырыңның айтысы-ай! – деп сүйсінді тыңдағандар.
Тағы  бірнеше  əннен  кейін,  жұрт  оған  атақты  «Ғалиясын» 
айтқызды.  Бұл  əнді  ол  ырғала,  теңселе  шырқайды  екен  жəне 
Ғалиясы алдында отырғандай, күлімсіреген, еркелеген кескінмен 
айтады екен.
– Міне, əн! – деп қайран қалысты жұрт...
Балуан  Шолақпен  мəжіліс  құрған  жұрт  күн  шыға  тарқасты. 
Қошеметпен аттанған Балуан Шолақтың тобы кең даланы басына 
көтере, сырнайлата, əндете жөнелді...
– Жігіт осындай болсын, – десті артында қарап тұрғандар.
Қанша дұшпан қамалап тұрса-дағы, 
Сырдың суы келмейді жұлығымнан! – 
деп  өзі  айтқандай,  өлмей  кісіге  кеудесін  бастыратын  жігіт  емес 
қой, мынау!.. Дүнияға күліп кеп, күліп кетуге жаралған жігіт қой, 
бұл!.. Ұл туса, осындай тусын да.
Кешікпей базар тарады! Жұрт мекен-мекеніне бытырасты. Біз 
де елге беттедік.
Базардан  тарағанша  да,  тарағаннан  кейін  де  көпшіліктің, 
олардың ішінде менің серіктерім: Мəшік пен Таспайдың аузынан 
Балуан Шолақ түскен жоқ, Бір сөздің ретінде, Мəшік маған:
–  Көп  жерді  көрдің,  бала. «Көре-көре  көсем  болады»  деген-
дей, «ел  аралаған  сыншы,  тоғай  аралаған  үйші»  дегендей,  өстіп 
жүріп кісі боп кетуің мүмкін, – деп отырып, Ақан сері мен Балуан 
Шолақты еске алды да, екеуінің қылықтарын айта кеп:
– Ақын бола қалсаң, кімге еліктер едің? – деп сұрады менен.
Бəтеңнің алдында əдеп сақтап үйренген мен, сұрауына жауап 
бере қоймап ем:
– Ақан серіге ме? – деді ол. 
Мен басымды шайқадым.
– Балуан Шолаққа ма? – деп сұрады ол. 
Мен күлімсіреп төмен қарадым.
–  Ə,  соған  еліктегің  келеді  ғой, – деді  Мəшік. – Елікте, 
шырағым! Еліктейтін кісі, ол. Сондай қайғыға қарсы тұра алатын 
жігіт болуға, жігіттің гүлі – жігіт болуға тырыс!..
(Сəбит Мұқанов. Таңдамалы шығармалар. 9-том. Алматы, 1976)

96
Кенен ƏЗІРБАЕВ
 
МЕН КЕЛДІМ СƏЛЕМ БЕРІП, БАТЫР АҒА
Мен келдім сəлем беріп, батыр аға, 
Атағың кең жайылған Сарыарқаға.
Бала едім жаңа талап, іздеп келдім,
Өзіңнен сұрайын деп ақыл, аға.
Атағыңа, ардақты аға, құмар едім,
Нашарға саяң түскен шынар едің.
Қасыңда тоғыз жігіт жолдасың бар,
Жақтырсаң – мен де бірге шығар едім.
Көзіңнің қырын салшы, Балуан аға,
Даңқыңыз талай елге барған аға.
Бала едім жаңа талап ақын-əнші,
Əніңді үйренейін алуан, аға.
(Кенен Əзірбаев. 
Таңдамалы шығармалары. 
Алматы, 1974)
БАЛУАН ШОЛАҚПЕН КЕЗДЕСКЕНДЕ
А! Мен келдім сəлем беріп, батыр аға, 
Атағың кен жайылған Сарыарқаға.
Бала едім жаңа талап, іздеп келдім, 
Өзіңнен сұрайын деп ақыл, аға. 
А-а, а-а, а-а-а-ай.
Атыңа, ардақты аға, құмар едім, 
Нашарға саяң түскен шынар едің. 
Қасыңда тоғыз жігіт жолдасың бар, 
Жақтырсаң – мен де бірге шығар едім.
Көзіңнің қырын салшы, Балуан аға, 
Даңқыңыз талай елге шыққан дара. 
Бала едім жаңа талап, ақын-əнші, 
Əніңді үйренейін алуан дана.
(«
Балуан Шолақ» 
жинағы. 
Алматы, 1998)

97
Ахмет ЖҰБАНОВ
БАЛУАН ШОЛАҚ
1910 жыл шамасы. Бұрынғы Қотыркөл болысында сайлау жа-
қындап,  ел  арасында  əңгімесі  көбейіп,  жақ-жақ  болып  бө лініп, 
қазақ  арасындағы  əйгілі  кезең  келе  жатты.  Сайлау  орны  болып 
Шабаққала, Жаңасу белгіленді. Үй тігіліп, мал сойылып, сайланам 
деушілердің мойындарына мінген шығын аспанға асып жатыр.
Бір  кедергі  болмаса,  ел  арасы  қатты  шайқалысқа  кездескелі 
тұр.  Таласушы  жаңтар  ешнəрседен  тайынатын  емес,  жауласуға, 
дауласуға да дайын. Еңбегімен күн көрген шаруа күнелту жолында 
жүргенде, азғана атқамінерлер осындай шала бүлінуде. Сайлау десе 
шекесі  қызатындардың  бəрі  де  сол  арада.  Біреулері  үшін  кімнің 
сайланғанының  тіпті  мəні  жоқ,  кім  болғанда  да  байдың,  бардың 
сайланатыны  əлімсақтан  белгілі.  Сондықтан  бірді-екілі  аяқ-лауы 
бар кедейлердің ішінде мына бір ақысыз-пұлсыз байлықтан ауыз 
тиіп  қалуға  келгендер  де  бар-ды.  Күткен  күн  жақындап,  екі  жақ 
аңдысып,  бəлені  неден  бастарын  біле  алмай  отырғанда, «Шолақ 
тобы» келеді деген хабар жетті. Бай да емес, бағлан да емес, əкім 
де емес болғанымен, халық Шолақты қатты сыйлайды, тіпті кейде 
жасқанатындары  да  бар.  Өйткені  Шолақ,  жуан  тұқымның  біреуі 
болса, өршеленіп шатақты өзі бастап та кетеді. Ал Шолақ тобының 
мына бір келуі кейбіреулерге жаға қойған жоқ. Бірақ, амалы жоқ, 
бəрі де шулап қарсы алуға шықты.
Астында ақбоз ат, басында үкілі пұшпақ бөркі бар, топтың ең 
алдында Шолақтың өзі келеді. Тобында домбырашы, əнші, жыр-
шы, ойыншы, балуан бар. Сайлауға деп тігілген бір үйді бұларға 
түгел береді. Демалып, тамақ ішіп болғансын кешкі салқынмен топ 
сауық бастады. Арқаның небір тəтті күйлері орындалды, əн салын-
ды.  Одан  кейін  жігіттері  ат  ойынын  көрсетті. «Бағдарламаның» 
соңында  Шолақтың  өзі  шығып,  бірнеше  əсем  əндерді  орындап 
берді. Бір кезде үстіндегі əдемі киімдерін шешіп тастап, жəй киім 
киіп,  Шолақ  жерге  жата  қалғанда,  жігітінің  бірнешесі  жиналып 
үлкен  бір  тасты  оның  жүрегінің  басына  қойды.  Өздері  ұстаның 
үлкен пұттық балғасымен əлгі тасты ұра бастады. Шолақ біраздан 
кейін  əлгі  тасты  бір  қолының  басымен  ысырып  жіберіп  тұрып, 
иығына үлкен бөренені салдырып, екі жағынан он-оннан жиырма 
кісіні асылтып қойды. Оған өзі майысқан да жоқ. 

98
Тағы осы сияқты күш көрсететін біраз қимылдар көрсеткеннен 
кейін,  Шолақ  тобы  қонақасыға  отырып,  сөз  арасында  Шолақ 
сайлауға таласып жатқанды есіткенін, екі елдің арасы шиеленісіп 
кетпес үшін, олардың көңілін аз да болса да алаңдатуға келгенін, 
ал жағдай нашарласа, тағы қайта айналып соғатынын айтты. Бұл 
Шолақтың  соңғы  кездерде  біраз  нəрсені  сезіп,  қыр  елінің  осын-
дай  пайдасыз  іске  тым  шұғылдануының  халық  үшін  ешбір  мəні 
жоқ  екендігін  түсініп,  біраз  ондайдан  тыюдың  жолын  таппай, 
өзінше  араласқандағысы  еді.  Өйткені  Шолақ  тек  қара  күштің 
иесі  ғана  емес,  ақын,  əнші,  азамат,  сезімтал  адам  болды.  Жас 
кезінде  «жалғанды  жалпағынан  басып»  артық-кемді  қимылдар 
жасағанмен, осы бір шамада көп ойланған кезі болатын.
Жапалақ құс болғанмен кімге дəрі, 
Жаманның кісілікке бар ма сəні. 
Мисызға айтқан сөзің еш қонбайды, 
Ағады құлағынан қалмай бəрі, –
деп,  малы  арқылы  ауылнай,  болыс  болған  талапсыз,  қырсыз  жа-
мандарды  сынай  бастаған  уақыты  еді.  Ал  Шолақтың  өмір  жолы 
болса, ол «кейде қар, кейде жаңбыр бұрқасынға» толы еді.
Қан тауын мекен еткен Ұлы жүздің Дулаттан тараған Сəмбет 
деген руы болды. Сол Сəмбет ішінде Баймырза деген кісіден 1864 
жылы  Шолақ  туды.  Оның  азан  айтып  қойған  аты  Нұрмағамбет. 
Кейін қолының басы күйіп (біреулер үсіп дейді) саусақсыз қалады. 
Нұрмағамбет өзінің бір өлеңінде:
Баласы Баймырзаның Балуан Шолақ, 
Оң қолым отқа күйіп болдым шолақ, –
дейді. Сөйтіп, Шолақ атанып кетеді. Ал «Балуан» деген сөз Шолақ-
тың күшіне байланысты халықтың өзінің қосқаны.
Баймырза Шолақтың бала кезінде Көкшетауға көшіп барады. 
Сонда ұсақ кəсіпшілік етеді. Ағаштан түйін түйетін шебер бола-
ды.  Бай  балаларына  əшекейленген  ер,  бөбектеріне  бесік  жасап 
таратады.  Бірде  тай,  бірде  қой  алып  жүреді.  Осылай,  қолының 
ұсынақтылығының  арқасында  кемшілік  көрмей,  біреуден  ілгері, 
біреуден кейін деген сияқты өмір сүреді. 
Шолақ болса, ол жасынан күреске құмар, қайда төбелес болса 
іздеп жүреді. Күрессе, өзі қатарлылардың бəрін де шаң қаптырады, 
төбелессе, қан шығармай қоймайды. Оның үстіне өзі жасынан ат 
үстінде ойнайтын болады: тізгінді ұстап тұрып түрегеліп шабады, 
айыл-тартпаны қатты тартып алып, аттың бір жағында тұрып ша-

99
бады, кейде жүріп келе жатқан аттың бауырынан айналады. Осын-
дай өнерімен қатар домбыра, əн құмар болады. Дауысы жақсы, əн-
күйді бір айтқаннан, бір тартқаннан қағып алады. 
Оның  осы  зеректігі  еңбегімен  күн  көріп  отырған  Баймыр-
заны  қуантады.  Баласының  қабілетіне  риза  болып,  оның  бетін 
қақпайды.  Тек  төбелесі  жөнінде  жеңілген  балалардың  шешелері 
қарғар  деп  қорқып,  Нұрмағамбетке  ақыл  айтады.  Есті  тентек 
орынсыз  ұрынуын  азайтады.  Бірақ  əнін,  өлеңін  өрбітумен  қатар, 
денесін шынықтыруын да дамыта береді. 
Он  үш-он  төртке  келгенде-ақ  Нұрмағамбеттің  бетіне  қарауға 
көрінгеннің шамасы келе бермейді. Өйткені кішкене Нұрмағамбет 
ойнап  құрбыларын  жауырынға  қойып  жібергенде,  олардың  көбі 
біразға шейін қиқайып, жөнге əрең келеді. Оның үстіне қаңтардың 
қылшылдаған  аязында  бас  киімсіз  желбегей,  жиырма-отыз  ша-
қырым  жер  жүргенде  тоңбайды.  Бірақ  жоғарыда  баяндалғандай, 
Шолақ тек бірбеткей күшін ғана дамытып қоймай, əншілік жағына 
да  көп  көңіл  аударды.  Ол  Біржанның,  Ақанның  əндерін  бабына 
келтіріп орындайды. Денесіне үні сай, дауысы аса күшті болады. 
Ол əсіресе драмалық, күш керек ететін шығармаларды сүйеді.
Шолақтың  өмірі  осылай  кемшілікке  соқпай  келе  жатқанында 
əкесі Баймырза қайтыс болады. Көп ұзамай шешесі де өледі. Шолақ 
Ғайныкей деген қызға үйленеді. Əкеден қалған малмен біраз уақыт 
күнелтеді.  Бірақ  жəй  адамдай  көптің  бірі  емес,  табиғаттың  үйіп 
берген  күш  пен  көркем  сыйы  Шолақты  отырғызбайды.  Жасы 
жиырмаға  келе  ол  сапарға  шығады.  Ел  аралайды.  Əңгіменің  ба-
сында айтылғандай, айналасына өнерлі жастарды жинайды. Соны-
мен, Шолақ жалғыз емес, өз алдына бір «ансамбль» болып жүреді. 
Біреулердің  айтуынша,  Шолақтың  ансамблі  қазақ  даласында 
бірінші рет кейбір əндерді хор болып қосылып орындаған (əрине, 
жалғыз дауысты – унисон).
Шолақ отыз бес жасында елу бір пұт тас көтереді. Өзінің бір 
өлеңінде:
Бұл күнде отыз бесте менің жасым, 
Қамалдың бұзып жүрмін тау мен тасын. 
Кешегі сентябрьдің базарында, 
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын, –
дейді.
Бұл  əн  халық  арасында  «Сентябрь»  деген  атпен  тарай-
ды.  Əн  көңілді,  ер,  күш  иесінің  аузынан  шыққаны  салған  жер-
ден  білінеді.  Əсіресе  қайырмасында  «ой-ау»  деп  келетін,  өрлеп 

100
қайтып, кейде бір нотада тұрып қалатын жерлерінде басқа халық 
композиторларының  əндеріне  ұқсамайтын  кесектер  кездеседі. 
Оның əн аяғында ешбір дайындықсыз шалғай интервалға «жоғары 
қарғығандай»  немесе  «секіріп  түскендей»  барып  бітуі  де  тек 
Шолақтың туындысында болады.
Шолақ Омбыға патшаның мұрагері келгендегі салтанатта бо-
лады. Онда Севр деген балуанмен күресіп, жығып кетеді.
Омбыға патша келді Русия,
Əмірін айта келді халқын жия.
Севрден сонда күшім асып кетіп,
Мен болдым жан шықпайтын биік қия, –
деп өлеңдетеді. Ал жасы қырықтың тоғызына келгенде Қояндының 
базарында Карон деген балуанмен күресіп, оның қабырғасын сын-
дырады. Бір өлеңде:
Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым, 
Ардақты елі ішінде менің басым. 
Қалтамнан жетпіс бес сом залог салып, 
Сындырдым Карон балуан қабырғасын, –
дейді.  Біреулер  Шолақ  Қажымұқанмен  де  кездесіпті,  екеуі  қол 
алысып болғаннан кейін күресуден бас тартыпты-мыс дейді.
Бұл сияқты күштің тасуы, үнемі табысқа ие бола беру, қалай 
дегенмен  де,  Шолақтың  көкірегін  көтереді.  Оның  үстіне  дала 
заңының айналасында өскен, қазақтың əдетінің шеңберінде қалып 
қойған  адам,  кейбір  жаңалықты  түсіне  алмайды.  Əсіресе,  оның 
көзқарасынша,  қазақ  жеріне  орыс,  украиндықтардың  келіп  ор-
наласуы,  шағын  ауылдардың  түсуі – жамандықтың  басы  болып 
көрінеді.  Мемлекеті  бір,  жері  бір  елдердің  ондай  араласуының 
жақсылық  басы  екендігіне  көзі  жете  алмайды.  Күш  иесінің  əр 
кезде де аңғалдау болатынын пайдаланып, кейбір кертартпа ауыл 
«жақсылары»  Шолақты  айдап  салады.  Міне,  осындай  жəйлар 
бірқатар уақыт Шолақты дұрыс жолдан тайдырады.
Мен, Шолақ, жас басымнан болдым ояу, 
Оң қолым отқа күйіп болды қаяу. 
Тал түсте Қояндының базарында 
Қырық сан өгіз сатқан мені қой-ау.
Атандым мен жасымнан Балуан Шолақ, 
Оң қолым отқа күйіп болдым олақ. 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет