1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата22.12.2016
өлшемі3,66 Mb.
#28
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Мал шарыуаларының ұйымы.
Мал бағыуды жандандырып өршітіу үшін көп жұмыс істеу керек. Бұл 
жұмысты  орындайтұн  еңбекші  қара  шарыуалар  болады.  Орындау  үшін 
қара шарыуалар мал өсіретүн серіктік иə ұйым ашыулары керек. 
Серіктік  өз  алдына  басқарма  сайлайды.  Басқарма  тұқым  малын  аман 
сақтайды. Керек қылған аудандарға тұқым малы сатылыуын қарап тұрады. 
Шарыуаға керек ақыл мен мағлұмат беріп тұрады. Жас төл сатқысы келген 
кісі басқармаға айтады. Басқарма жас малды қасапшыға иə сойатұн қасап 
зауытына сатпайды. Мал қылып тұтынатұн жерге сатады. 
Бұл күнде тұқым малын елге жетістіретүн орындары – шарыуалық, иə 
асыл  тұқым  (племқоз,  племкүултүр)  тарататұн  ұйымдар.  Бұлардан  басқа 
тұқым  малын  сататұн  жер  жоқ.  Бірақ,  бұлардың  тұқым  малы  əрі  аз,  əрі 
қымбат. 
Əр жерде мал бағыушылар сертіктігі, ұйымдары ашылып, кеңсеге тір-
келсе, іс тіпті жақсы болар еді. Мұндай серіктіктер əр үйездеде болыуға 
тійіс. Үйездің жер бөлімдері жас малды қайда сатып, қайдан алатұнын қа-
лыққа білдіріп отырыуы керек. 
Əзір  мұндай  іс  жоқ.  Алыушы  сатыушыны,  өз  беттерінен  іздеп  тауып 
отыр. Бұл ескі жол. Мұны мен жүріуге болмайды. 
Ондай  мал  қашыратұн  орындарды  бірігіп  қалықтың  өзі  ашса,  іс 
жемісті  болады.  Қалық  өзі  араласып  істесе,  жұмыстың  керектігіне  түсі-
неді. Өз күшіне өзі сенеді, белсеніп іс қылады. Ортақ істеген жұмыстың 
артықшылығына көзі жетеді. 
Үйрге  жарарлық  мал  аз.  Қалық  өзі  ұйымдастырса,  онанда  бетер  аза-
йады. 
Бір  неше  шарыуалар  сыйырының  тұқымын  асылдандырғысы  келсе, 
алды мен сол ойлаған тұқымның бұқасын сатып алыу керек. Жақсы бұқа-
ны сатып алыуға əркімнің əлі келе бермейді. Бірігіп сатып алыу оңай. Сон-
дай  шарыуалар  мал  қашыратұн  серіктік,  айғыр,  бұқа,  қошқар  серіктігін 
ашыуға болады. 
Мұндай  серіктік  мүшелерінің  міндеттері  мыналар: 1) үйір  малының 
тізбесіне  түскен  сыйырды  серіктіктің  бұқасына,  айғырына,  қошқарына 
қашырыу, 2) үйірге арналған малды маңындағы мал (өстебкесіне) көрінісі-
не  алып  барып  тұрыу, 3) басқармаға  малы  тұуралы,  малының  сүттілігі, 
күштілігі, жүнділігі тұуралы, малын қалай асырайтұндығы тұуралы мағлұ-
мат беріп тұрыу, 4) арналған мүшелік жарнасын төлеп тұрыу. Биесін, сый-
ырын,  саулығын  серіктіктің  айғырына,  бұқасына,  қошқарына  қашырған 
адам ол малын оның баласын басқармаға айтпай иə сатыуға, иə сойыуға 
болмайды. 
Қалық осындай серіктікке араласса ғана мал тұқымын асылдандырыу-
ға болады. 
С.Пыройдолійн
Кайткенде шарыуа түзеледі?
«Қара топырақсыз жердің шарыуасы түзеліуге жалғыз ақ шара бар. Ол 
шара – мал бағыу». 

Бес томдық шығармалар жинағы
33
Мал бағыуды күшейтсе, шарыуа түзеледі. Шөпсіз, пішенсіз мал бағыу-
ға  болмайды.  Жоңырышқа  сыйақты  шөп  ексең,  жайылым  мен  тоғайды 
оңдасаң шарыуа түзеледі. 
Торғай  жеріне  үйренген  малдың  тұқымын  сұрыптасаң,  төлін  дұрыс 
күтіп асырасаң, шарыуа түзеледі. 
Мал тұқымын асылдандыратұн серіктіктер ашылса, шарыуа алға баса-
ды. 
Малды қалай болса, солай асырауды тастап, салмаығна қарай мөлшер-
мен асырасаң шарыуа түзеледі. 
Қораңды таза, жылы, құрғақ қылып ұстасаң шарыуа түзеледі. 
Малдан өнген тірнекті серіктесіп дұрыстап сататұн ұйым болсаң, ша-
рыуа түзеледі. 
Шарыуа  жайында  шығып  жатқан  кітаптарды,  газеттегі  мақалаларды 
көп оқысаң, шарыуа түзеледі. 
Өзіңе өзің сеніп, белсеніп іс қылсаң, шарыуа түзеледі. 
Бұл  жолдардың  қолдарыңнан келетүн  біреуін таңдап  алып іске асыр-
саңдар, біріндеп бəрін қолдансаңдар тіпті жақсы. сонда тамағың тоқ, көй-
легің  көк  болады.  Мемлекетке  мықты  пайда  келтіресің.  Тек  жалқаулан-
баңдар. 
Пройдолійн 
 
 
Тоғай.
Шөпті жерді адам түрліше пайдаланады. Шөбін шаппай, тек мал жай-
ып пайдаланатұн жерді жайлым дейді. Орыс қалқы тек жайлым мен тоғай 
деген ғана атты біледі. Қазақта жайылымның бір неше түрі бар. Малдың 
айағы жетіп жайылып қайтатұн жерді өріс дейді. Күз мал жайатұн жерін 
күзеу дейді. Жаз мал жайатұн жерін жайлау, қыс мал жайатұн жерін тебін 
дейді. Күз иə қыс жеуге арнап, басқа кезде мал түсірмейтүн жерін қорық 
дейді. 
Шөбіне,  жеріне  қарай  тоғайда  түрлі  болады. 1) Өзен  алабына  тасқан 
сұу шайатұн тоғайды жайыйлма дейді, шөбінің бітіктігі мен жақсылығы 
жағынан тоғайдың ең жақсысы жайылма. Қазағыстанда жайылманың ең
жақсы  жерлері  Ертіс  бен  Жайықтың  сол  қабырғасы.  Бұл  байағыда  ат-
ты-қазаққа зорлық бен қазақтан тартып алынып, бұл күнде қазаққа қайта-
рылып жатқан жерлер. Сонан соң жақсы жайылмалар Есіл, Тобыл, Торғай, 
Ырғыз, Оралдағы Шежін мен Қабыршақты (орысша Кушум) бойларында, 
Елек  жағасындада  əр  жерде  бар.  Басқа  өзендер,  көлдер  жағасында  жай-
ылма көп. Ресейде үлкен жайылмалар Еділ, Ока (Еділдің сағасы), Мəскеу 
(Мəскеу қаласы тұрған өзен), Болқұп (Ленинград бен Мəскеу арасындағы 
өзен) өзендерінің бойында болады. 2) Алап тоғайы сай саланың алабын-
да, аңғарында болады. Мұндай тоғайға сұу көбінесе түспейді, Қазағыстан-
ның  орталығындағы  тоғайдың  көбі  осындай  Ресейдің  орталығы  мен  оң 
түстігінде тұрады. 3) Қыраң тоғай деген қырдағы бозды жер. Қазақ жерін-
дегі тоғайдың көбі осы. Ресейдің оң түстігіндеде болады. 4) Орман тоғай 
ағаштың  алаңында  болады.  Қазағыстанның  аман  қарағай,  ара  қарағай, 
Қазанбас ормандарының арасындағы тоғайлары сыйақты. 5) Саздақ тоғай 
сазды жерде болады. Шөбі мүк, шырмауық сықылды кеелді. Қазақ жерінде 

Бес томдық шығармалар жинағы
34
мұндай тоғай жоқ. Ресейде Арқалық жақта болады. 6) Таулы жер тоғайы 
Қазағыстанда Семей, Жеті сұу гүбірнелері тауларының арасында болады. 
7) Күреңсе – Қара құм, Борсық сықылды құмдардың ойында болады. Жер 
астындағы сұудың ызасы мен құм ішіндегі шоқырларға қалың шөп шыға-
ды. Соны қазақ күреңсе дейді. Ресейде күреңсе жоқ. 8) Көлтабан – жазғы 
тұры сұу түсіп, шалыу шыққан соң сұуы кеуіп кететүн ойпаң жерлер, көл-
табан шөбі жайылма шөбіндей қалың бійік болып шығады. Көлтабан Қа-
зағыстанның орталығында көп. Түбі төмпешікті көлтабанды қазақ томар 
дейді. 

Бес томдық шығармалар жинағы
35
ІІ. Егіншілік. 
Егіншілікке жаратылыстың əсері.
Егіншілікке əсер беретүн жаратылыстың күшті нəрселері мыналар: жер 
ыңғайы, жер жаратылысы, жер құйқасы, ауа. 
Жер  ыңғайы  дегеніміз  жердің  жылы,  орташа  иə  сұуық  үйекте
тұрұуы,  болмаса  солардың  біріне  жақын  тұрұуы;  батысқа  иə  шығысқа 
жақын  болыуы.  Əрійне,  жазы  қысқа,  қысы  қатты.  Күн  көзі  бір  неше  ай 
көрінбейтүн  мұз  теңізінің  жағасында  тары,  бійдай  салыуға  келмейтүні 
анық. 
Жер  ыңғайына  жер  бетінің  бійіктігі  де  кіреді.  Тау  басының  ауасынан 
тегістік ауасы басқа. 
Жер  жаратылысының  егіншілікке  əсері  молдығы  мынау:  егін  сұусыз 
шықпайды. Жер астындағы сұу терең жатса, иə аз болса, болмаса ашшы 
болса,  əрійне  егін  салыуға  қолайсыз.  Қолдан  сұуарыуға  тіпті  келмейді. 
Сұудың ашшы болыуы да жердің топырағы ашшылығынан. Жер үстіндегі 
тас, құм сазына қарай жердің құйқасы болады. Сүйтіп, жер жаратылысы-
ның егінге əсері көп екенін көреміз. 
Қысқартып, жеңілдетсек, жер құйқасы деп өсімдік шығаратұн құуаты 
бар  қыртысын  айтады.  Құйқа  екі  қабат: 1) үстіңгі  қабаты  өлікті,  қоңыр 
түсті; 2) астыңғы  қабаты  да  өсімдік  тамағын  əсіресе  сұу  сақтауға  керек. 
Жер құйқасы: 1) ауыр 2) жеңіл болады. Ауыры сазды құйқа; топырағы жа-
бысқақ,  жыртыуға  ауыр.  Сұу  өтіуі  шамалы.  Боқтық  сықылды  өзекті  зат 
ауыр  құйқада  жай  шірійді.  Сондықтан  мұндай  құйқада  өсімдікке  тамақ 
молырақ болады. Жеңіл деп құмды құйқаны айтады. Бұл құйқа жыртыуға 
оңай, сұуды өткізгіш. Бірақ өзекті зат мұндай құйқада тез шірійдіде құйқа-
да өсімдікке керек жөнді тамақ қалмайды. Бұл екі арасында саздақ, құмдақ 
топырақ болады. 
Егіске ең қолайлысы – қара топырақ, өлікті топырақ. Өсімдікке та-
мағы мол топырақ – қара топырақ. Қара топырақты жерде егін салыуға 
қолайлы  болады.  Қара  топырағының  көптігін  салыстырғанда,  Ресей-
дей бай ел жоқ. Ішкі Ресей жерінің үштен біріндейі қара топырақ. Бұл 
қара топырағының жалпы ауданы 103 мілійон десетійне шамасы. Қара 
топырақтың  арқалық  шегі:  Бердійшоп,  Кійіб,  Арол,  Тамбоб,  Қазан, 
Мензелі  қалалары  арасынан  тартқан  сызық.  Сонан  Кірастүупимк  үй-
езінде Орал бөктеріне тоқталады. Оң түстік шегі: қара теңіз бен Азау 
теңізіне тайау, онан Нобо-шеркеш қаласы мен Қобан, Терік, Ыстабро-
пол гүбірнесі мен жүріп Еділді Камшин қаласы тұсынан кесіп алады. 
Онан əрі Самар гүбірнесінің оң түстік шегі мен Орынбор гүбірнесінің 
арқалық бетіне құлайды. Осы қара топырақтың сілемі Қазағыстанның 
арқалық жағынада келіп айқасады.
Ауаның егіншілікке беретүн əсері тіпті анық. Сұуық жерде жеміс ағаш-
тарын,  күріш  сықылды  астықты  егіуге,  əрійне,  болмайды.  Шөл  жерде,
жауын  шашыны  кем  жерде  шөлдегіш  астықты  салыуға  келмейді.  Жазы 
қысқа жерде көп тұрып пісетүн астықты салыуға болмайды. 

Бес томдық шығармалар жинағы
36
Ішкі Ресейде соғыстан бұрын қандай жерлер бар еді.
Ішкі Ресейде барлық жерінің ¼ асыуы егістік еді. Қалғаны тоғай, орман, 
иə шарыуашылыққа келмей бос жататұн жер еді; астықда жаман шығатұн 
еді. Ресейде орташа алғанда, бір десетійнеден 47 пұт, Гермениеде 143 пұт 
бійдай түсетүн еді. 
Астық  жаман  шыққанын  жердің  жамандығынан,  ауаның  қолайсыз-
дығынан  көріседі. «Сұу  жетпейді,  жаңбыр  аз»  деседі  күн  шығыс  бен  оң 
түстік жақта. 
«Сұу  көп  болып  шірітіп  кетті»  деседі  арқалық  жақта. «Жеріміз
құрсын!» – төмпешік, батпақ, дұрыс жер жоқ» деседі Темір қазық жағы-
мызда. Бірақ істей білген адам егістігін молайтып, жаман жерді жақсы қы-
лады. 
Қазағыстан топырағы.
Арқадан оң түстікке қарай жүрсең, Қазағыстанда топырақтың мынадай 
түрлері ұшырайды: 1) қара топырақ, 2) каштан топырақ, 3) қатқыл топы-
рақ, 4) көгіс кебір топырақ. Бұлар арасында таздың шұбарындай əр жерде 
сортаң, құм, күлсымақ топырақтар ұшырайды. 
Қара топырақ Қазағыстанда тіпті аз. Қара топырақ жерлер: Қостанай, 
Қызылжар,  Көкшетау  үйездері,  Алақаудан  Атбасар,  Омбы  үйездерінде, 
Керекіу  үйезінде;  Зайсан,  Семей,  Өскемен  үйезінің  шығыс  бен  оңтүстік 
бұрыштарында қара топырақтың оңтүстік шегі: Орынбор мен Орал гүбір-
несі  арқалығындағы  сырт  дөңінен  Елек  құйады.  Елек  құйып  жоғары-
дан  Ақтөбе  қаласы  тұрған  шамаға  барады.  Елек  пен  Жайық  арасындағы 
жон  тəуір  топырақ.  Онан  Жаманқаланың  оңтүстігінен  бұрылып,  Қоста-
най  үйезіндегі  Құсмұрын  (Обаған)  көлінің  солтүстік  жағынан 53-53,5° 
шамасынан  өтеді.  Мұнан  Қызылжар  үйезін  кесіп  алады.  Қызылжардан 
оңтүстікке бұрылып Көкшетау өтіп, Атбасар үйезін 52,5°де кесіп алады. 
Бұл  жерден  күншығысқа  қарай  тағы  Арқаға  бұрылып, 53,5°-ге  кійлігіп, 
əрі  қарай  Ертісті  кесіп  өтеді.  Ертістің  оң  бетінде  үздік-үздік  құндыздық 
қара топырақ бел-ағаш құлайды. Сүйтіп, қазақ жеріндегі қара топырақтың 
Көкшетау тұсындағы жері оңтүстікке салбыраңқы, екі шеті арқаға қарай 

Бес томдық шығармалар жинағы
37
түрік. Қазағыстан қара топырағының екі басы жіңішке, орта шені бұуыл-
тық. Тұрпаты арбаның бел ағашы сыйақты. 
Қазағыстанда қара топыраққа жалғас оңтүстікке қарай каштан топырақ 
жатады.  Бұл  алаптың  арқа  жағы  қоңыр  каштан.  Оңтүстік  жағы  сарғылт 
каштан. Каштанымыз көбінесе селеу сықылды. Шөп бітетүн Шыңғырлау 
маңы  Жымпыйты  үйезі,  Ақтөбедегі  Ойсылқара,  Қамысақты  болыстары. 
Қостанайда жеті гүл, Бестөбе, Аққарға, Торғайдағы Наурызым болыстары 
тұрған жерлер топырағы каштан аталады. Атбасар, Қара өткел, Қарқаралы 
жерінің орта шені каштан топырақты. Каштанның оңтүстік шегі 47-48°дер. 
Қатқыл  топырақ  каштанның  оңтүстігінде  жатады.  Мұнымыз  кəдімгі 
жұусан,  ійзен  көп  шығатұн  топырақ.  Кейбір  топырақтың  Қазағыстанға 
солтүстік ұшы келеді. Түркістан мен аралығында ашшылы, бұталы татыр, 
кебірлер. 
Егіске қолайлысы – қара топырақ. Мал бағыуға каштан топырақда жа-
райды. Бірақ егінге онша емес. Қатқыл мен кебір топырақ қай шарыуаға 
да қолайсыз.
Пропесұр Глінкеден.
Сұраулар: Өз жерлерің қай топырақ ауданына кіреді? Қандай кесіпке 
қолайлы? Картеден Қазағыстандағы 4 түрлі топырақ тұрған жерлерін шегі 
мен жүргізіп көрсетіп шығыңдар. 
Қазағыстан ауасы.
Орнына,  табійғатына  қарай  Қазағыстанды  ауасы  жағынан  екіге  бөліуге 
болады: 1) Темірқазық бет, 2) оңтүстік бет. Бұл екеуінің шегінің шамасы 50%.
Қазағыстан  топырағы  ылғал,  ұстауға  қолайсыз.  Үйткені  қара  топы-
рақ кем. Түскен ылғалды күн қыздырып кептіріп кетеді. Топырағы ылғал 
ұстап  тұра  алмайды.  Айнала  ылғал  ұстарлық  нəрсе  болмаған  соң,  ауа 
құрғақшылық.  Алыстағы  теңіздерден  келген  ылғалды  жер  иə  тоқтамай 
асып кетеді, иə кең далада құрғап кетеді. Жер бетінде жыйлған ылғал иə 
күн мен қызып кеуіп кетеді, иə жер астына алысқа сіңіп кетеді. Арал мен 
Каспій теңізі кішкене, олардың ылғалға септігі жоқ. 
Қазағыстан ауасы кантійнент ауа (құбылмалы құрғақ ауа). Ауа ашық, 
айқындығынан, сійректігінен күн көзі оңай өтіп, жаздыгүні жер бетін қат-
ты қыздырады. Ашық сійрек ауа болған соң, қыс қар көзін кейін тептіріп, 
жерге өткізбейді. Сүйтіп, Қазағыстан жазы тым ыссы боладыда , қысы тым 
сұуық болады. Түні мен күніде осылай құбылмалы, күндіз жылыған жер 
түнде ауа ашық болған соң, жылылықты тез шығарып жібереді. Жаз күндіз 
ыссы, түнде салқын болады. Қысқы түндері айазды болады. 
Қазағыстан  желі  көбінесе  арқалық  жағында  оң  түстік  бен  батыс  ара-
сынан соғады. Оңтүстігінде арқа мен шығыс арасынан соғады. 
Қазағыстан əр жерінде жауыны əр түрлі. Жеріне қарай жылына 90-385 
миллиметр (қазақ əйелінің сыйыр сауатын тікше ақ шелегінің бійіктігі 290 
мійллиметірдей) ылғал болады. 
Қазағыстан  əр  алабындағы  топырағына  қарай  жауыны  да  түрліше. 
Жақсы қолайлы топырақты алабында жауын да көп, топырағы жаман ала-
бында жауында кем. Түстік Түркістен шегіндегі ең қолайсыз кебір – татыр 

Бес томдық шығармалар жинағы
38
топырақты ауданда жылына 150 мійлиметір жауын жауады. Онан бергі кө-
гіс қатқыл топырақты ауданда жылына 150-200 мійлиметір жауын жауады. 
Орталық каштан топырақты қалың селеу мен боз шығатұн ауданда жылы-
на 200-300 мійлиметір жауын жауады. Арқалық қара топырақты ауданда 
жылына 300-400 мійлиметір жауын жауады. Таулар арасында 300-400 мій-
лиметір жауын болады. 
Бұл жауынды басқа жерлер мен салыстырсақ анығырақ түсінеміз. Үн-
дістанда Ганг деген өзен құйылысында жылына 23269 мійлиметір жауын 
жауады. Ішкі Ресейде 150-650 мійлиметір жауады. 
Қазағыстанда  жауын  ең  көп  жауатұн  мезгіл  жаз  бен  жазғытұры.  Қа-
зағыстанда жауған жауынның жарыдан көбі иə кеуіп, иə жер астына сіңіп 
кетеді. 
Қазағыстанда бұлтты күн аз болады. Оңтүстікте жылына қалың бұлтты 
күн 60, жай бұлтты күн 185, ашық күн 120 болады. Солтүстікте жылына 
қалың бұлтты күн 110, жай бұлтты күн 195, ашық күн 60 болады. Қазағыс-
танда ең бұлтты ай декебір.
Макейібтен.
Ресейде егіншілік.
Ресейде  пабірік-зауыт  кесібінен,  кен  қазыудан  басқа  өнерлі  кесіптен
ауыл шарыуашылығы басым. Ауыл шарыуашылығы Ресей кесібінің ұйыт-
қысы деуге болады. Бүтін Ресей қалқының 70% ауыл шарыуашылығынан 
күн  көреді.  Кей  жерінде  елдің 90% ауыл  шарыуашылығы  мен  тұрады. 
Ауыл шарыуашылығынан жылына түсетүн нəрсе пабірік-зауыттан түсетүн 
нəрседен 2-3 ірет артық. Ресейдің өз ішіндегі алып-сататұн нəрсесінің тең 
жартысы  ауыл  шарыуашылығынан  өнеді.  Ресейдің  сыртқа  сататұн  нəр-
сесінің 5/6 ауыл шарыуашылығының тірнегі. Бұларды тасыудан мемлекет-
ке көп түсім тағы түседі. 
Ауыл  шарыуашылығының  ішінде  Ресейде  егіншілік  басым.  Ресейді 
егінші  жер  деуге  болады.  Егін  ішінде  Ресейде  астық  салыу  күшті. 1913 
жылы Ресейде 88 мүлійен десетійне жер салынған. Мұның 91% шарыуа, 
қалғаны басқалар салған. Соғыс салдарынан егін салыу кеміп, 1922 жылы 
тек 51,219,000 десетəйне салынған. 
Ресейде көп салынатұн астық қара бійдай, сонан соң ақ бійдай, сонан 
соң сұлы, тары, жүгері. 1922 жылы қара бійдай 16 ½ мүлійен десетійнедей, 
ақ бійдай 9 мүлійен десетійнедей, сұлы ½ мүлійен десетійнедей, тары 4½ 
мүлійен десетійнедей, жүгері 2 мүлійен десетійнедей салынған. 
Соғыстан бұрын бүтін жер жүзінде шығатұн қара бійдайдың 50,9%, ар-
паның 29,6%, бійдайдың 28,6%, сұлының 24,2%, картоптың 23,6% Ресейде 
өнген. 
Соғыстан бұрын Ресейде жылына барлық астығы мен картобы 7 мілій-
ард  пұттан  асыу  болған.  Мұның  көбін  шығаратұн  орын  қара  топырақты 
аудан. Соғыстан бұрын Ресейде жылына 780-800 мүлійен пұт астық өзінен 
өршіп  отырған.  Мұны  шығаратұн  да  қара  топырақты  аудан. 1922 жылы 
барлық астығы мен картобы Ресейдің 2825 мүлійен пұт ғана шыққан. 
Ресейде егіншілікті күшейтіу кезекті мəселе.
Барисұптен.

Бес томдық шығармалар жинағы
39
Қазағыстанда қанша егін салынады?
 Қазағыстанның көбірек егін салатұн жері Темір қазық аудан. Бұрынғы 
атын  атасақ,  Ақтөбе.  Қостанай,  Қызылжар,  Көкшетау  ең  егінші  үйездер 
еді.  Бұл  күндеде  солай.  Бұл  үйездердің  жері  де,  жауыны  да  Қазағыстан-
ның  басқа  жерінен  егінге  қолайлы.  Бұрын  бұл  үйездер  өзі  тамағын  асы-
рамақ түгіл, сатыу үшінде егін салатұн еді. Десетійнеге салып көрсетсек, 
Қазағыстанда  мынадай  жер  айдалып  келе  жататұнын  көреміз  (бұл  санақ 
Қазағыстан кіндік санақ мекемесінің «1924 жылғы Қазағыстан шарыуасын 
шолыу» деген кітаптан алынды). 
Губернелер 
Жылы 
1917
1922
1922
1923
1924
Орынбор 981078
659113
253656
323630
414711
Қостанай 593760
569900
232999
241010
268846
Ақтөбе 493666
397110
237670
18670
182752
Бөкей 19258
22643
11950
21790
31595
Семей 6262100
2
719100
335800
320000
353561
Орал 389954
196090
149101
122980
13040
Ақмола 995533
821510
316170
349650
409371
Адай





Барлық Қазақыстан 4102459
3295766
1537646
1561730
1790143
Сырдарыйа
3
 681100



Жетісіұу 469600



Қарақалпақ 
Бұрынғы Амұударйыа 
бөлінісіндегі 
59700
39800



Бұл  сандардан  көрінетүн  нəрсе  сол – 1917 жылдан  бері  қарай  Қа-
зағыстан егін салыуы ылғи кеми келген. Тек 23-24 жылдардан бері қарай 
тамтымдап көтеріле бастаған. 
Егіс азайтыудың себебі көп: соғыстан, жұт, ашаршылық, құралдың то-
зыуы, жаңа құрал жетісе алмай жатқандығы. Көлік кеміуі, тұқым жетіспеуі 
тағысын тағылар қосылып егісті азайтқан. 
Қоныстандырыу  дұрыс  тез  жүріуі,  ауыл  шарыуасына  қарыз  күшей-
іуі, қара шарыуа бірігіп егін салыуы – егісті молайтып шарыуа түзеліуіне 
мықты себеп болмақ. 
Сұраулар: Елдеріңде егін кеміген себебі не? Егіс осы күні артып келе-
ме, кеміп келеме? Егіншілікті күшейтіуге не істеу керек?
Жоғарғы сандарға дыйағырам салыңдар! 
2
 1916 жылы 
3
 «Түркістен шарыуашылық жағырапыйасы» Балашұп.

Бес томдық шығармалар жинағы
40
Қазағыстанда қандай астық көп егіледі.
Қазағыстан арқалығы болмаса, кең жалпақ сар даласы бійдай сықылды 
астыққа қол емес. Бійдай арыш, сұлы сықылды астық өлікті, қара топы-
рақты жерді сүйеді. Бійдайды тал өкпе, Орал үйезінің арқалығында, Ақтө-
бе, Орынбор гүбірнесі, Қостанай, Көкшетау, Қызылжар үйездерінде, Атба-
сар, Ақмола, Керекіу, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы үйездерінің кей 
жерлерінде егіуге болады. 
Орталықтағы, Оңтүстіктегі кең далада бійдай тамағы жоқ, ексең аштан 
өледі. Құмақты шөл деп мыш болып қалады. Əлекке түседі: тары шөлге 
берік, бійдай мүсе тұтпайтұн тамақты жей береді. Келер жылы орнында 
бійдай шығады. Сондықтан Қазағыстан көп жерінде тары егіледі. Құмақ 
жерге бійдай еккісі келген қазақ жерге тары салады. Жері өлікке байып, 
бійдайға тары тамақ əзірлеп кеткен соң, келер жылы тары орнына бійдай 
салады. Тарының əзірлеп кеткен тамағы бійдайға кейде бір жылға, кейде 
екі жылға жетеді. Ырғыздың төртқара, шөмекей, Торғайдың арғыны жаман 
құмақ жеріне осылай əдіс қолданады. 
Сондықтан солтүстікте болмаса, оңтүстікте көбінесе тары егіледі. 
Қай жерде қандай астық көбірек салынатұнын төмендегі саннан байқау-
ға болады. 
Қазағыстан кіндік санақ мекемесінің мағлұматы бойынша, 1923 жылы 
себілген түрлі астықтан 
%ге салғанда:
Губірнесі
Арыш Быйдай Арпа Сұлы Тары
Кендір, жүгері,
картоп, күнбағыс, 
бақша секілділер 
Барлығы
Орынбор 61,1
52,4
6,4
9,4
8,4
7,7
100
Ақтөбе
9,7
42,3
7,1
6,1
31,0
3,9
100
Қостанай
4,3
57,9
8,0
11,2
12,4
6,2
100
Торғай –
6,7
1,0
0,9
84,2
7,2
100
Орал 24,4
24,2
2,4
2,3
43,5
3,2
Ақмола
4,1
68,4
4,0
12,6
6,8
4,1
100
Семей
1,5
49,2
4,7
13,3
23,6
7,7
100
Бөкей
14,2
52,4
2,1
1,4
22,8
7,1
100
Адай







Бүтін 
Қазағыстан 
8,6
52,3
5,5
9,9
17,5
6,2
100
Тарыны  ең  көп  себетүн  жерлер  Торғай,  Орал,  Ақтөбе,  Семей,  Бөкей 
екенін  жоғарғы  саннан  аңғарамыз.  Тарыны  көп  салатұн  сол  жерлердің 
оңтүстік  жағы.  Бөкейлікте  теңізге  қараған  құм  арасында  тары  көбірек 
егіледі. 
Сұраулар:  Жерлеріңде  қандай  астық  егіледі?  Оның  себебі  не?  Басқа 
астық салыуға болар ма? Құмақ жерде бійдайды қалай салуға болады? Оң 
түстікте тары салмасқа болады ма? Жоғарғы санға дыйағырам салыңдар! 

Бес томдық шығармалар жинағы
41
Үш нəубетті егіс.
«Аштық еш кім мен бірге тұуысқан жоқ» деген бұрынғылардың мəтелі 
бар. 
  Жер  жүзінде  жəндəк  біткеннің  іздегені  тамақ.  Аштық  салдарынан 
тамақ іздеп адам баласы тағы кезінде-ақ егін салыуға кіріскен. Бұрынғы 
заманда  ел  аз,  жер  көп.  Бір  жерді  тозғанша  айдап,  тозған  соң  оны  тас-
тай  береді.  Тың  жерден  барып  айдайды.  Бес-алты  жылдан  соң  бұл  жер 
тағы тозады. Дыйқаншы үшінші жерге барып соқасын төсейді. Сонымен
тозған жерді қалдырып тың жерді жырта береді. Орман ішінде тұрған қа-
лық болса, ағашын отап иə өртеп, ағаштан жерді тазартып алып егін сала-
ды. Тозған жерін бұларда тастап кете береді. Жер кең. Еш кімнен тоқтау 
жоқ. 
Жыйрма  бес  жылда  жер  қайта  жаңғырады,  тыңланады.  Дыйқаншы 
жыйрма бес жыл шамасы өткенде байағы жеріне қайта келіп егін салады. 
Осылай егін салыу түрін аудармалы егіс дейді. 
Неше замандар өткен соң, ел көбейеді, өседі; бірақ жер өспейді. Қоныс 
тарылады. Жұрттың бəріне бірдей егіске қолайлы жер жетпейтүн болады. 
Бірақ адамның бəрінеде тамақ керек. Енді қалай қылыу керек. Аштықтан 
құтылыу үшін бір нəрсе ойлап табыу керек. 
Айдалған  жерді  жыйрма  бес  жыл  тұусыратып  қалдырыудың  орнына 
енді  бір-ақ  жыл  қалдыратұн  болды.  Жерді  бір  жыл  егіп,  келесі  жыл  бос 
жатқызып, үшінші жылы тағы дем алғызады. Мұнымен екі нəубетті егіс 
шықты. 
Бері келе адам баласы жердің тең жаратысын жылына бос жатқызыу-
дың  тіймсіз  екенін  түсінді.  Енді  дыйқаншы  жерін  үш  танапқа  бөліп,  екі 
танабына егін салып, бір танабына дем алғызып қойатұн болды. Соны мен 
үш  нəубетті  егіс  басталды.  Екі  нəубетті  егісте  жылына  жердің  жартысы 
бос жатса, үш нəубетті егісте жылына жердің үштен бірі ғана бос жатады. 
Бұрынғы  қайта-қайта  жер  жаңғыртып,  бір  жерден  екінші  жерге  тынбай 
шоршып түсіп егетүн егістікті бір нəубетті деуге келеді; үйткені жер танап-
қа бөлінбейді. Жердің бəрі – бір танап сықылды. 
Бұл күнде жері құмақ, тез тозатұн оң түстік аудандарда қазақ жерді бір 
нəубетті егіс жолы мен айдайды. Арқалық қара топырақты аудандарда үш 
нəубетті.  Қазақтың  үш  нəубетті  егіске  түскеніне  жыйрма-отыз  жылдың 
шамасы болды. 
Ресейде үш нəубетті егіс ХV ғасыр айағында шыққан осы күні Ресейдің 
қай жерінде болсада үш нəубетті егіс бар. Еуропада үш нəубетті жоқ десе 
болады. 
Үш нəубетті егісте жер тез тозады. Мал ұстауға жөнді келмейді. Осы 
күні  ағраномдар  Ресей  шарыуасының  күйзеліуінің  мықты  бір  себебі  үш 
нəубетті егіс деп отыр. Ресей көп нəубетті егіске түссе шарыуасы түзеледі 
деп отыр. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет