1-билет 1,Ацетилен өндірісі және оны қайта өңдеу


Өнеркәсіпте азот қышқылының 2 сорты шығарылады



бет5/13
Дата05.05.2023
өлшемі100,78 Kb.
#90387
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Өнеркәсіпте азот қышқылының 2 сорты шығарылады:
1.Құрамында 50-60%
HNO3 бар сұйық азот қышқылы
2. 96-98% HNO3 бар концентрленген азот қышқылы
Аммиактан сұйытылған азот қышқылын алу
Өндірістік технологиялық үдерісі:
Атмосфералық;
Жоғары қысымда;
Комбинерленген.
Синтетикалық жолмен алынатын аммиактың 35%-ы азот қышқылын алуға кетеді. Өндірісте негізінен сұйытылған азот қышқылы алынады.
Азот қышқылын аммиактан өндіру мына сатылармен жүреді:
1. Аммиакты катализатор қатысуымен азот оксидіне дейін тотықтыру:
4NH3 + 5O2 ↔ 4NO +6Н2О + 907кДж
2. Азот оксидін оның диоксидіне дейін тотықтыру
2NO + O2 ↔ 2NO2 +112кДж
3. Азот диоксиді сумен абсорбцияланады.
3NO2 +Н2O ↔2HNO3+NO +136 кДж
Бөлінген азот оксиді диоксидке дейін тотығып қайтадан абсорбцияланады.


2.Инженерлік энзимология.
Инженерлік энзимология – биотехнологиялық процестерді қарқындандыру қажеттілігіне байланысты пайда болған жаңа ғылыми-техникалық бағыт.
Инженерлік энзимологияның міндеттері - клеткадан бөлініп алынған немесе онда орналасқан ферменттер мен полиферменттік жүйелердің негізіне «берілген қасиеттері» бар органикалық катализаторларды конструкцияландыру.
«Берілген қасиет» термині осы қасиеттердің алынған катализатордың практикалық қажеттіліктері, ферментативті процестерді жүргізу жағдайы, арнайылығы, қажетті өнімділігі және т.б. туындағандығын білдіреді.
Тірі ағзалар үнемі қозғалыста және тепе-теңдікте болады, яғни ағзаға сырттан қоректік заттар еніп тұрады және керексіз өнімдер сыртқа шығарылады. Бұл құбылысты зат алмасу процесі деп атайды. Зат алмасудың қалыпты жүруін орталық жүйке жүйесі және эндокрин (ішкі секреция) бездерінің гормондары реттейді. Эндокрин бездері өз әсерін ферменттер әсері арқылы іске асырады.
Егер ферменттер қатыспаса, ағзадағы химиялық реакциялар өте баяу да тәртіпсіз жүрер еді. Мұндай жағдайда тіршіліктің өзі де болмайды. Сондықтан да ферменттер барлық тіршілік процестерінің негізі болып табылады. Ал ферменттер әсерінің қандай болмасын бұзылуы әртүрлі жайсыз құбылыстарға душар етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет