1 билет ішкі аурулар туралы ілімнің даму тарихы және орыс және кеңестік терапевтік мектептердің қысқаша сипаттамасы



бет12/57
Дата29.04.2022
өлшемі127,46 Kb.
#32763
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
Аурудың сана сезім (есі) күйі.

Ауру адамның санасы (есі) көптеген ауруда бұзылмайды. Мұндай жағдайда науқас адам өмір сүретін ортаның өзгеру құбылыстарына сәйкесті (адектатты) реакция жасайды. Бұл жағдайды анық сана немесе ауру адамның есі дұрыс деп атайды. Ал кейбір науқастарда ауру адамның (есі) санасы бұзылады. Сана бұзылуының екі түрі бар:



  1. Сананың депрессивті (лат.depressioндеу, бәсеңдеу) бұзылуы.

  1. Сананың ирритативті (лат. Irritatio-қозу, қобалжу, тынышсыздану) бұзылуы.

Сананың депрессивті бұзылу түрлеріне:

  1. ступор (лат. stupor –есеңгіреу, мелшиіп қатып қалу)

  1. сопор (лат. Soрor – ұйқы)

  1. кома (грек. Koma – терең ұйқы) жатады

Ступор не есеңгіреуде науқас адам айналасындағы құбылысты жөнді айырып білмейді, қойған сұрақтарға көп кешігіп жауап береді, мелшиіп қатып қалған белгі көрсетеді.Ступор контузияда (лат.contusio жалпы жарақаттану, басты соғып алу ) уланғанда т.б жағдайларда кездеседі.

Сопор терең ұйқыдағы жағдай. Науқас адамды қатты дауыспен, не жұлқылап оятуға болады. Бірақ ол сол бойда тағыда ұйқыға кетеді. Сана бұзылуының бұл түрі қатаң жұқпалы ауруларда (сүзектерде) және диабеттік, уремиялық және бауыр комасының бастамасында кездеседі.

Кома деп науқастың ессіз күйін атайды. Кома қант диабетінде (диабеттік және гипогликемиялық кома), уремияда несеп - haima қан несепқан), бауыр функциясының бұзылғанында (бауыр комасы), қатты уланғанда (морфиймен, ұйқы дәрілерімен, алькогольмен, көміртегі шалатотығымен т.б.), жұқпалы ауруларда, бас миы ауруларында (миға қан құйылу, мидың жарақаттануы, мидың ісігі), анемияда және эпилепсияда (гр. еpilepsia – талма) кездеседі.

Сананың ирритативті бұзылатын түрлерінің ішінде ішкі ауруларда жиі кездесетіні сандырақ. Ол жұқпалы ауруларда және уланғанда кездеседі.




  1. Экспираторлық және инспираторлық ентігу. Демікпе тыныс алу ырғағының бұзылуы бронх демікпесі (белгілері).

Ентігу – бұл тыныс алу тарылуының субъективтік сезімі. Әдетте ауа жетіспеу жағымсыз сезіммен бірге жүреді. Ентігудің объективтік белгілері тыныс алу қозғалысының жиілігінің, тереңдігінің және ырғағының, сондай-ақ дем алу немесе дем шығару ұзақтығының өзгеруі болып табылады.
Ентігу физиологиялық (мысалы, дені сау адам үлкен дене жұмысын орындағаннан кейін) және патологиялық (өкпе, жүрек, ми, қан және т.б. кеселдерінде) болып келеді. Тыныс алу ағзаларының дерттерінде ентігу, шарт бойынша тыныс алу қозғалыстарының жиілігінің артуымен білінеді және өкпе желденуінің (вентилляциясының) және өкпедегі газ алмасу бұзылысын белгілі бір дәрежеде компенсациялайды. Тыныс алу мұнда көбіне беткейлі болып қалады.
Кейде сырқаттардан әлде дем алудың, әлде дем шығарудың анық білінетін қиындығын байқауға болады. Инспираторлық ентігу (оған қиналысты шулы дем алу тән) жоғары тыныс жолдарында механикалық кедергі болғанда туындайды (кеңірдектің стенозы, дауыс саңылауының спазмы немесе ірі бронхты ісіктің қысуы және с.с.). Экспираторлық ентігу қиындаған дем шығарумен сипатталады. Ол ұсақ бронхтардың тарылуында (спазмында) пайда болады (мысалы, бронхиалды астмасы бар науқастарда).
Аралас ентігу дем алудың да, дем шығарудың да қиындауымен ерекшеленеді.     

Бронх демікпесі – тыныс алу жолдарының созылмалы ісіну ауруы, олар сыртқы және ішкі әрекеттерге жоғары сезімтал болады және кезеңмен тұншығу ұстамалары қайталанып тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет