1 билет ішкі аурулар туралы ілімнің даму тарихы және орыс және кеңестік терапевтік мектептердің қысқаша сипаттамасы



бет36/57
Дата29.04.2022
өлшемі127,46 Kb.
#32763
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
Объективтік тексеріс Объективтік тексеру әдісі қараудан басталады. Қарағанда науқастың жалпы жағдайын, төсек тәртібін, көңіл күйін, дене пішінінің өзгерістерін және т.б. байқайды.

Кеудені қарау. Кеуденің сыртқы бейнесіне қарап қалыпты немесе патололгиялық түрін анықтайды. Кеуде қуыс өзгерістерінің үш түрі болады:

бөшке тәрізді кеуде (эмфизематозды) – кеуде торшасының ұзындығы қысқалау, көлденең кеуде бөшке сияқты дөңгелектеу келген пішінде болып келеді. Қабырға арасы сиректелген, дем алғанда бұлшық еттерінің қабысуының сирегені байқалады.

сал көкірек қуысы (паралитикті) – бөшке тәрізді кеудеге қарама – қарсы келген өзгерістер байқалады: кеуде торшасы тар және ұзын. Бұл өкпенің туберкулез ауруында жиі кездеседі, дем алу қимылы бәсеңдейді.

мешелді кеуде (“тауық” кеудесі) – бұнда кеуде қуысының алды артына қарай ұзарғаны байқалады, қабырға шеміршектері жуандайды, кішкентай балалардың мешел мен ауырған кезінде пайда болады.

Кеуде құрылысының ауытқуы (деформациясы) омыртқаның өзгергендігіне байланысты болады: омыртқаның алға қарай қисаюы - лордоз, артқа қарай – кифоз, бір жақ қырына – сколиоз, ал артқа және бір жақ жамбасына қарай қисаюы – кифосколиоз деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет