1 билет ішкі аурулар туралы ілімнің даму тарихы және орыс және кеңестік терапевтік мектептердің қысқаша сипаттамасы



бет37/57
Дата29.04.2022
өлшемі127.46 Kb.
#32763
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
Дене терісінің өзгеруі. Терінің кілегей қабыршақтарының көкшілдігі байқалады, оны цианоз деп атайды. Цианоз екі түрде байқалуы мүмкін: жергілікті және орталық (барлық денеде). Бұндай өзгеріс тыныстың бұзылғандығынан, өкпеде оттегінің жеткіліксіздігінен байқалады. Бетінің қызаруы өкпенің крупозды қабынуында, дене қызуы көтерілгенде, ал бозаруы өкпенің іріңді ауруларында және т.б жағдайларда кездеседі.

Қолмен басып қарау (сипалау, пальпация). Кеудені, арқаны оның ауыра-тын жерін, серпімділігін, дыбысты өткізуін анықтау үшін жүргізіледі. Екі қолды науқастың кеудесіне қойып сан мен сөздерді айтқызып, ауаның тербеу дыбысының әр ауруға байланысты жоғарлауын немесе төмендеуін анықтайды. Бұл сипалаудың түрін бронхофония әдісі деп атайды.

Саусақпен соққандағы өкпеден шығатын дыбыстардың өзгерістерін анықтау (тықылдату, перкуссия). Өкпенің таза дыбысы өкпеде таза ауаның барында, өкпенің ауруы жоқ кезіңде естіледі. Перкуторлық дыбыстың өзгергендегі түрлері мыналар:

  1. тұйық дыбыс өкпе ұлпасында ауа жоқтығын білдіреді;

  1. қорап тәрізді дыбыс өкпе ұлпасының созылғандығын және өкпеде ауа көптігін білдіреді;

  2. тимпаникалық перкуторлы дыбыс – тегіс қабырғаға ұрғандай дыбыс.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет