1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет1/3
Дата18.06.2022
өлшемі63,5 Kb.
#37000
  1   2   3

1-билет
1. Жаңа педагогикалық технологиялар.
Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.
Жаңа педагогикалық технологияның негізі – саралап оқыту.
Мақсаты: оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.
Жаңа пед-қ технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.

  • Ынтымақтастық педагогикасының 3 мақсаттық бағыты анықталған: 1.Педагогикалық талап етуден педагогикалық қарым-қатынасқа көшу. 2. Балаға ізгілік-жеке тұлғалық тұрғысынан қарау. 3. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Ынтымақтастық педагогикасының ерекшелігі – мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субьект, мұғалім де субьект. Симон Львович Соловейчикті ынтымақтастық педагогикасының негізін қалаушы деп санауға болады.

  • Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты – баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, жанына жылулық ұялату.

Ерекшеліктері: ынтымақтастық педагогикасын тұжырымдау, бала психикасының дамуына, есеюіне және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру, әсемдікті, әдемілікті сезіну, рухани жетілдіру, ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Принциптері:
1. Оқушылармен жылы қарым-қатынас жасау.
2. Баланың жеке басын қадірлеу.
3. Оқушылардың кемшілігін сынып алдында айтпау.
4. Балаға сенім білдіру, талап қою, болашағына үмітпен қарау.
5. Баланың қуанышы мен қайғысына ортақтаса білуі.
Авторы: Шалва Александрович Амонашвили – 1931 жылы 8-наурызда Тбилиси қаласында дүниеге келген. Ұстаз-новатор, ынтымақтастық, бірлесу педагогикасын зерттеген ғалым.

  • Проблемалық оқыту технологиясы - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин білікті маман жеке тұлғасының қалыптасу тұжырымдамасын Л.А.Волович, Г.И.Ибрагимов, Г.В.Мухаметзянова өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. 

  • Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері — үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту. Авторы – В.Ф. Шаталов.
    Тірек сызба белгілерін пайдаланып оқытудың тиімділігі мынада: 1. Оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі; 2. Оқушының сызбабелгіні түсінуі үшін ойлау, салыстыру, есте сақтау қабілеттерінің мүмкіндік туады; 3.Оқу материалының ішінен негізгісін таңдай білуді үйренеді; 4.Топпен және өзара бірлесе жұмыс істеуді үйренеді; 5. Оқушы сызу, сурет салу, өз бетімен шартты белгі ойлау, оның мәнін білуге мүмкіндік туады; 6. Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін өзі бағалап үйренеді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет