1 билет Материалдық нүктенің кинематикасы.Қозғалыс заңдылығы, траектория, жол, орын ауыстыру



бет1/4
Дата11.05.2022
өлшемі24,94 Kb.
#34040
  1   2   3   4

1 билет


  1. Материалдық нүктенің кинематикасы.Қозғалыс заңдылығы, траектория, жол, орын ауыстыру

Кинематика – механикалық қозғалыстың себебін түсіндірмей, қозғалыстың математикалық сипаттамасын қарастыратын механиканың бөлімі. 

Материалдық нүкте дегеніміз массасы қарастырылып отырған дененің массасына тең геометриялық нүкте. Қарастырылып отырған материалдық нүктенің қозғалыс кезінде із қалдыруын оның траекториясы дейді. Траекторияның формасына қарай, қозғалысты түзу сызықты және қисық сызықты деп бөледі.

Дене түзу сызық бойымен қозғалса, қозғалыс түзу сызықты деп аталады. Егер қозғалған дене кез-келген өзара тең уақыт аралығында бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.

Жүрілген жол – дене бойымен қозғалған траекторияның ұзындығы.

Қозғалып келе жатқан нүктенің бастапқы орны мен қарастырылып отырған уақыт мезетіндегі орнын қосатын вектор  орын ауыстыру деп аталады.

Материалдық нүкте кинематикасы 2 түрлі мәселені қарастырады:

1. Нүктенің қозғалыс теңдеуі – қозғалыстағы нүктенің берілген санақ жүйесіне қарағандағы орны уақытқа тәуелді теңдеулер арқылы беріледі.Осы теңдеулер арқылы қозғалыстағы нүктенің барлық кинематикалық сипаттамаларын (траекториясын, жылдамдығын, үдеуін) табу;

2. Қозғалыс траекториясы – қозғалып бара жатқан нүктенің кеңістіктегі геометриялық орындарын қосатын үздіксіз сызық.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет