1. Биотехилогиялық өндірісте қоректік ортаны дайындау үшін әр түрлі заттар қолданылады, (минералды, жануар және өсімдік текті) және химиялық жолмен синтезделетін -табиғи заттар



Дата27.09.2022
өлшемі18,42 Kb.
#40463
түріҚұрамы

Билет 11
1.Биотехилогиялық өндірісте қоректік ортаны дайындау үшін әр түрлі заттар қолданылады, (минералды, жануар және өсімдік текті) және химиялық жолмен синтезделетін -табиғи заттар. Бұл зат (оларды шикізат деп атайды) қоректік орта құрамына кіреді, сондықтан олардың құрамында зиян келтіретін қоспалар болу мүмкін емес, бағасы қымбат емес және онай табылатын болуы керек.
Шикізаттың барлық түрлері мемлекеттік стандарт талабына сәйкес болуы керек (МЕСТ). Күрделі табиғи зат және өндірістік қосымша өнім қоректік ортаны дайындау үшін шикізаттың жарамдылығына биохимиялық тексерулер қатаң жасалуы керек. ІІІикізаттың нетізгі түрлерін қарастырамыз.
Қоректік ортаны дайындау үшін су құбырынан немесе ашық су қоймасынан өзіне тән өңдеулер жасалғаннан кейін суды қолданады. Су биологиялық таза, түссіз, дәмсіз және иіссіз, құрамында тұнба болмауы керек. Судың құрғақ қалдығы 1000 мг/л жоғары болмауы керек, жалпы тұтқырлығы 7 мг-экв/л көп болмауы керек. Өте тұтқыр су микроорганизмнің өсуін төмендетеді. Судағы зиянды коспалардың құрамы келесі мәндерден көп болмауы керек, мг/л:
Қорғазын – 0,1
Мырыш – 5,0
Мышьяк – 0,05
Мыс – 3,0
Фтор – 1,5
1 мл судағы жалпы микроорганизмдердің саны 100-ден аспауы керек. Биотехнологиялық өндірістерде: су тек қоректік ортаны дауындау үшін емес, салқындату үшін, аппаратты жуу үшін қолданылады. Биотехнологиялық өндірістер таза судың үлкен көлемін қажет етеді. Мысалы: нан ашытқысы өндірісінде 1т ашытқыны алуда 150-180м3 су жұмсалады.
2. Биотехнологиядағы жетекші орындардың бірін алады және өнім көлемі үнемі өсіп келе жатқан салаларға жатады, ал қолдану аясы үнемі кеңейіп келеді.
Тез даму мыналармен байланысты:
- ферменттер ақуыз текті жоғары белсенді, уытты емес биокатализаторлар болып табылады,
- табиғатта кең таралған,
- онсыз көптеген биохимиялық процестерді жүзеге асыру мүмкін емес.
Ферментті препараттарды алу көздері:Ферменттердің көзі әр түрлі дәнді дақылдардың (уыт)өсірілген астығы болуы мүмкін:
- тікелей техникалық ферментті препарат ретінде пайдаланылуы мүмкін,
- тазартылған ферментті препараттарды алу үшін бастапқы материал болып табылады.
Тропикалық және субтропикалық елдерде өнеркәсіптік өндіріс үшін шикізат протеиназ ретінде қауын ағашының латексін, фикус өсімдіктерінің латексін (мысалы,жапырақтары, інжір өркендері, ананас жасыл массасының шырыны және т. б.) пайдаланады. )
Ферменттерді қолдану саласы:Қазір 2000-ға жуық ферменттер сәйкестендірілген. Өнеркәсіптік 250-ге жуықтау шығарылады.
Шығарылатын препараттардың арасында ең үлкен үлес салмағын протеиназа
мен амилазалар алады (ферментті препараттарды шығарудың жалпы көлемінің
60% - ын құрайды).
Ірі салалар – тұтынушылар:
– фармацевтика 15 %;
– шарап және шырын өндірісі 10 %;
– спирт өндірісі 8 %;
– ірімшік өндірісі 5 %;
– нан пісіру 5 %;
– сыра қайнату 6 %;
– аналитикалық мақсаттар мен ғылыми зерттеулер шамамен 1%;
– өзге салалар 6% болып табылады.

3. Вирустармен әдеттегі химиялық әдістермен күресуге болмайды, себебі олардың тіршілік әрекеті өздері ішіне енген қожа өсімдік жасушаларының метаболизмімен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта 600-ден астам фитопатогендік вирустар белгілі. Олар адамға қауіпсіз болса да, екпе өсімдіктерді зақымдап, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Мысалы, вирус ауруларының әрекетінен түсім шығыны картопта 25-88%, жүзімде-60% дейін, шиеде-35-96%, қара өрікте-5-95%, алмада-66% төмендейді де, ақырында бұл өсімдік сорттарының азғындауына әкеліп соғады. Мысалы, Францияда картоптың Бельде-Фонтанэ деген бағалы сорты вирусқа шалдығу себебінен мүлдем жоғалып кетті. Мұндай мысалдар басқа өсімдіктерде де кездеседі.


Вирустар қоздыратын аурулармен күресудің негізгі жолы, ол аурудан таза, сауықтырылған көшет алу. Соңғы кезде вирусы жоқ картоп және басқа вегетативтік жолмен көбейетін өсімдіктерді алу үшін апикальдық меристеманы өсіру әдісімен бірге термоөндеуді, хемотерапияны және вирустарды сарапқа салуды табысты қолданылады. Әдеттегі вирустан құтылу әдістерінен апикальдық меристеманы өсіру әдісінің негізгі айырмашылығы мынада. In vitro жағдайында регенерант өсімдіктері алынғанда, олар инфекцияға шалдықпайды. Бұл әдістің негізін қалаған француз ғалымдары П.Лимассе мен П.Корнуе. олар 1949 жылы көрсеткендей теңбіл кеселді темекінің жапырақтарында вирустың концентрациясы өсімдіктің ұшына жақындағанда төмендеген. Өркен ұштарының, яғни апикальдық меристемалардың жартысында вирус тіпті болмаған. Апикальдық меристеманы өсіру әдісін вегетативтік жолмен көбейетін өсімдіктерді бірінші пайдаланған 1952 жылы Г.Морель мен К.Мартин. Олар бұл әдісті нарғызгүлді (георгин) теңбіл вирусынан сауықтыру үшін қолданған.
Вирустардың меристема ұлпасында көбеймеуінің себептері жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Бір зерттеушілер болса меристемада вирустардың болмауын олардың бір жасушамен екінші жасуша арасында баяу қозғалысымен түсіндіреді. Себебі меристемада өткізгіш жүйесі жоқ, ал плазмодесмалар көлемі өте кішкене. Басқалары болса, бұл фактіні меристемаларға тән ерекше вирустық нуклеопротеидтің синтезін тежейтін метаболизммен түсіндіреді. Жылумен өндегенде өсіп келе жатқан өркен ұштарында вирустың көбеюі күшті тежеледі, сондықтан жаңадан пайда болған меристема жасушаларында вирустың болмауы мүмкін. Жылумен өндеу нәтижеді болу үшін донорлық өсімдіктерді жоғары температурада (30-40°С) өсуге жақсы жағдай жасап ұзағырақ ұстау қажет. Сол кезед жаңадан өсіп шыққан өркендердің ұштары вирустан алас болады. Бірақ барлық өсімдіктер ұзақ мерзімді жылумен өндеуге шыдамайды. Олардың өсуі бәсең болады және басқа да жағымсыз өзгерістер байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет