1-бөлім Ауыз әдебиеті туралы 2-бөлім Тұрмыс салт-жырлары бөлім Бата тілектер



бет1/31
Дата07.01.2022
өлшемі75,1 Kb.
#17144
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Халық ауыз әдебиеті тарауы бойынша сұрақтар жиынтығы бірнеше бөлімнен тұрады:

1-бөлім Ауыз әдебиеті туралы

2-бөлім Тұрмыс салт-жырлары

3. бөлім Бата тілектер

4. бөлім Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар

5 .бөлім Аңыз-әңгімелер

6. бөлім Батырлар жыры

7. бөлім Лиро - жпостық жырлар

8. бөлім Шешендік сөздер

9. бөлім Айтыс
1-5-бөлімдерде барлығы – 20-25 сұрақ, оның 15-і сұрақ – жауаптан және 5-10-ы бір немесе бірнеше жауаптан құралған тестіні қамтиды, бұл-оқушыға жаңа тестіле жүйесіне бейімделуге дағдыландырады.

6-9 бөлімдер тек сұрақ - жауаптан құралған, себебі оқушы ойының шашыраңқы болмауына ықпалын тигізеді. 6-бөлімде барлығы – 30 сұрақ, 7-бөлімде 50, 8-бөлімде-70 , 9-бөлімде - 90 сұрақ қамтылған


1-бөлім. Ауыз әдебиеті туралы 

Ауыз әдебиеті - халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы болып табылады.

Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 



1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет