1 Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис



Pdf көрінісі
бет1/37
Дата23.12.2022
өлшемі243,74 Kb.
#59305
түріУрок
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37


1
Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Бірінші хадис: Әйелдің үйінде отырғаны абзалырақ
Алғысөз
ﻠﻋ نﻼﻤﻛﻷا نﺎﻤﺗﻷا مﻼﺴﻟاو ةﻼﺼﻟاو ﻦﻴﻤﻟﺎﻌﻟا بر ﻪﻟ ﺪﻤﺤﻟا
ﻦﻳﺮﻫﺎﻄﻟا ﻦﻴﺒﻴﻄﻟا ﻪﺒﺤﺻو ﻪﻟآ ﻠﻋو ﻦﻴﻌﻤﺟأ ﻪﻟا ﻖﻠﺧ ﺮﻴﺧ
ﺪﻌﺑ و ﻦﻳﺪﻟا مﻮﻳ ﻟإ نﺎﺴﺣﺈﺑ ﻢﻬﻌﺒﺗ ﻦﻣو
Мен Әбу Әли әл-Әшғаридің, Алла оған жар болсын, «Әйелдер жайлы қырық хадис» кітабын
мұқият оқып шықтым. Оқып шығып, бұл кітапты өте пайдалы, түсінікті және өзекті деп
таптым, әсіресе, әйелдер үшін. Жыныстардың теңдігі жайлы феминистік ұрандардың
көмегімен ислам үмбетін әдеп-инабатынан жұрдай етудің түрлі амалдары жасалып жатқан
біздің заманымызда әйелдер Исламның оларды жоғары дәрежеге көтергені жайлы, осы
үмбеттегі өздерінің ана, қыз, әпке-қарындас және жар ретіндегі рөлдері жайлы ойланулары
тиіс.
Әбу Әли әйелдерге қатысты хадистерді бір кітапқа жинақтап, өте маңызды міндетті атқарып
шықты. Енді Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) баға жетпес
сөздерін адамдардың өздері оқуларына мүмкіндік туды. Әркімнің өз құқықтары мен міндеттері
бар. Салауатты қоғам соларды орындауға негізделген. Сіздер осы кітапты оқып шыққаннан
кейін әйелдердің қандай құқықтары барын, оларға қандай міндеттер жүктелетінін, Исламда
оларға нендей айрықша дәреже берілгенін және олардың қандай қасиеттерге ие екендерін
түсінесіздер.
Автор хадистердің сенімді түсіндірмелері мен үмбетіміздің мәртебелі ғұламаларының
пікірлерін келтіріп, бұл кітаптың құндылығын одан әрі арттыра түскен. Бұл оның академиялық
дайындығы мен өзінің ғылыми жұмысына деген адалдығынан хабар береді. Оған Алланың
игілігі болсын! Лайым Алла осы жинақты оны құрастырушы үшін осы дүниеде және ақыретте
игіліктің көзі еткей. Әмин.
Лайым Алла Тағала бұл кітаптан барша жанның пайдаға кенелуін нәсіп еткей, оны жазу үшін
сіңірілген еңбекті ізгі амал ретінде қабыл алып, осы құнды жұмысқа ат салысқандардың бәрін
сауапқа бөлегей. Әмин.
Уәссәләм.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет