1. Cыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV-XIX ғғ.) Алматы: "Ана тілі" 1993



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата18.01.2023
өлшемі0,94 Mb.
#61814
  1   2   3   4   5


*** 
1.Cыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV-XIX ғғ.) – Алматы: "Ана тілі" 1993. 
2. Материалы из истории Казахской ССР. Т. IV. М. – Л., 1940.- 544 б.
3. Кеңесбаев С. Абай - основоположник казахского литературного языка. – Советский Казахстан, 
1955, № 9, 140 б.
4. Әбілқасымов Б. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары. Қазақ ССР-нің 
"Ғылым" баспасы 1988.-144 б.
5. Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер. "Қазақ Мемлекет баспасы" 1956.- 47 б. 
*** 
В статье автор рассказывает об арабизмах, встречающихся в письмах и документах казахских 
ханов и султанов XVIII–XIX вв. 
*** 
In the given article author considers Arabic words, which we can meet in letters and documents of Ka-
zakh khans and sultans of 18
th
- 19
th
centuries.
 
М.Т.Дүйсенова 
 
Н.МАХФУЗДЫҢ «БІЗДІҢ КӨШЕНІҢ АҢЫЗДАРЫ» РОМАНЫНЫҢ
ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ 
1988-ші жылғы Нобель сыйлығының 
лауреаты – египеттік Нагиб Махфуз 
болды. 
Дүниежүзі 
бойынша 
әдеби 
туындылар 
үшін 
берілетін 
Нобель 
сыйлығын, алғаш рет араб тілінде жазатын 
жазушы иеленді. Махфуз өз елінде және 
шет елдерде, Америка мен Европада 
“алғашқы араб романисті” деген атаққа ие 
еді. Әйтсе де, Нобель сыйлығының иегері 
болады деген жаңалықты ешкім күтпеген 
еді. Бұл сол қоғамдағы мәдени орта үшін 
өте қуанышты жаңалық болды. Себебі бұл 
Махфуздың 
еңбектерін 
мойындаумен 
қатар, сол заманғы араб әдебиетінің XX-
шы ғасырдағы әлем әдебиетіне қосқан 
үлесінің маңыздылығын мойындау еді. 
Нагиб Махфуз араб әдебиетінің деңгейін 
осындай дәрежеге көтермес бұрын, шет 
елдерде 
ортағасырдағы 
араб 
әдеби 
ескерткіштері арқылы ғана танымал 
болатын. 
Суретші-Махфузға 
тиесілі 
аса 
маңызды қасиеттерінің бірі, ол– уақытты 
сезіне 
алатын 
қабілеті. 
Айналада, 
қоршаған ортада болып жатқан әр 
құбылысқа өзінің қатысын сезіне біледі. 
Оның романдарында қаншалықты ежелгі, 
көне заман туралы сөз болып жатса да, 
онда бүгінгі күннің лебі сезіледі. Оның 
романдарындағы 
дәл 
осы 
фактор 
оқырмандардың әрдайым қызығушылығын 
тудырады.
Мәңгілік пен күнделіктіні ұштастыра 
білу – оның шығармашылығының әрдайым 
жаңарып отыруының кепілі. Өтіп жатқан 
күндер, айлар, жылдарға қарамастан, 
жазушылар ұрпағының ауысуына, әдебиет 
модасының заман талабына сай өзгеріп 
отыруына қарамастан, жазушылар ардагері 
– Махфуз әрқашан да араб әдеби 
ағымының көшбасшысы болып қала 
береді. 
Нагиб 
Махфуз 1911 жылы 11 
желтоқсанда 
Каир 
қаласының 
ортағасырлық көне кварталдарының бірі – 
Гамалияда, қарапайым бір шенеуніктің 
жанұясында 
дүниеге 
келді. 
Нагиб 
Махфуздың 
араб 
әдебиетінде 
“жаңашылдар” деген атақпен әйгілі Таха 
Хусейн, Аббас Махмуд әл-Аққад, Салам 
Мұса 
сияқты 
майталмандардың 
еңбектерімен танысуы оның азамат болып 
қалыптасуына, ұлттық сана сезімінің 
оянуына түрткі болды. Жоғарыда аталған 
жазушылар египет әдебиетінің европа 
мәдениетіне бет бұруына аса зор ықпал 
етті. Олардың еңбектері Махфуздың 
шығармашылығына да көп ықпалын 
тигізді.
“Жаңартушылар” жас талантқа кез-
келген құбылысқа, өмірдің өзгерісіне 
сыни 
көзқараспен 
қарауды, 
қандай 
жағдайда болмасын өз сана-түйсігіне 
сүйеніп, өз еркімен ойлауды үйретті. Мына 
тұнып тұрған әлем, қоршаған орта қандай 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет