1-деңгей. Әрбір тақырыптың оқу материалдарына сұрақтар, тапсырмалар



Дата06.01.2022
өлшемі17,18 Kb.
#15486

ППМ-811

Ілесбек Сымбат

1-деңгей. Әрбір тақырыптың оқу материалдарына сұрақтар, тапсырмалар
құрастырыңыз.
2-деңгей. Құрастырылған тапсырмаларды қасыңыздағы әріптесіңізге
беріңіз және оған берген жауапты талқылаңыз.
3-деңгей. Бағалаудың міндеттерінің жүзеге асырылуын түсіндіріңіз.

1.Мақсат қою негізінен неше аспектіден тұрады?

2.Таксономияның бірінші бөлімін жазып шығарған ғалым?

3.Таксономияның бірінші бөлімі шығарылғаннан кейін келесі онжылдықта екінші бөлімін жазып шығарған ғалым?

4.Бірінші бөлімі қай саланың мақсаттарын қамтыған?

5.Психомоторлы саладағы оқу мақсатты категорияларын атаңыз?

6.Аффективті саладағы оқу мақсаттарының категорияларын атаңыз?

7.Когнитивті саладағы оқу мақсаттарының категорияларын атаңыз?

8.Мақсатты нақтылау алгоритмдерін ұсынған кім?

9.SMART мақсатты құру әдістемесін айтыңыз?

2-деңгей. Құрастырылған тапсырмаларды қасыңыздағы әріптесіңізге
беріңіз және оған берген жауапты талқылаңыз.

1.Мақсат қою негізінен 2 аспектіден тұрады

Иә,2 аспектіден тұрады. Жауабыңыз дұрыс

2.Ағылшын ғалымы Б.Блум 1956 жылы жазып шығарды.

Жауап дұрыс.

3. Д.Кратвольд тағы басқа да ғалымдармен бірігіп жазп шығарды.

Иә,жауабыңыз дұрыс.

4.Когнитивті саланың мақсаттарын қамтиды.

Жауап дұрыс.

5.Имитация, Басқару, Дәлме-дәлділік, Тұтастыру, Натурализация (қоластына алу)

Жауабыңыз дұрыс әрі нақты.

6.Біріншісі-қабылдау, екіншісі-жауап беру, үшіншісі-құндылық бағларларды меңгерту, төртіншісі- құндылық бағдарды ұйымдастыру, бесіншісі- құндылық бағдарды немесе оның іс-әрекет кешенін тарату.

Жауабыңыз өте дұрыс жауап!

7.1.Білу. 2.Түсіну. 3.Қолдану. 4.Талдау. 5.Бағалау. 6.Жинақтау.

Иә,Жауап дұрыс!

8. Мақсатты нақтылау алгоритмдерін ұсынған Р.Мейджер

Жауабыңыз дұрыс!

9. SMART мақсатын құру әдістемесі.Оны қолданудың нәтижесінде білім алушы мақсат қойып үйренеді:


- нақты (Specific);
- өлшемді (Measurable);
- қол жетімді (Achievable);
- ақиқаттылық (Realistic);
- уақыты айқын (Timed/Timed-bound).

Жауабыңыз толық әрі дұрыс!

Жауабыңызға көп рақмет! Бұл сұрақтарға жауап берген ППМ-811 студенті Төребай Ақтолқын. 9 сұрақтың барлығына да дұрыс жауап бердіңіз. Сізге көп рақмет Ақтолқын!

3-деңгей. Бағалаудың міндеттерінің жүзеге асырылуын түсіндіріңіз.



Жалпы алғанда, бағалаудың міндеттерінің жүзеге асылуы маңызды. Себебі бағалау процессі міндеттерімен тығыз байланысты. Критериалды бағалаудың міндеттері-оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту, жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау,бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу.Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы бағалаушыға тікелей байланысты деп ойлаймын. Неге? Бағалаушы не үшін бағалап жатқанын негізге ала алмаса бағалауда қате жіберуі мүмкін.Бағалаудың міндеттерін негізге ала отырып бағалау процесін ұйымдастыру бағалаушының басты міндеті. Бағалаушының бағалау процесін анық әрі әділ қоюы, сонымен қатар, бағалау кезінде оқушының құзыреттілігін емес білімнің таза нәтижесін бағалауы- ең басты назарда болуы керек. Критерийлер алдын ала дайындалғандықтан осы секілді олқылық әрекеттердің мүмкіндіктерін азайтатыны айдан анық.Бағаланушы өзінің әділ бағасын көріп тұрып өзін одан жоғары бағалауын немесе өзінің критерий бойынша көрсетілген бағасынан төмен баға алуына мүмкіндік бермейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет