1 дәріс Биотехнологияға кіріспе. Биотехнология қосалқы ғылым ретінде, оның зерттеу объектісі, мақсаты, міндеттері



бет6/10
Дата07.01.2022
өлшемі180 Kb.
#20767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өсімдіктердің биотехнологиясы 1.Биотехнология терминін алғаш рет 1917 жылы венгер инженері Карл Эреки ергізді. К.Эрекидің пікірінше, "биотехнология – бұл тірі организмдер көмегімен белгілі бір өнімдерді өндіру жөніндегі барлық бағыттардағы жұмыстар" болып табылады.
Қазіргі кезде бұл терминге төмендегідей анықтама береді: биотехнология -биологиялық процестер мен объектілерді пайдалануға негізделген экономикалық жағынан тиімді, маңызды заттарды өндіру мен жоғарғы өнімді микроорганизмдердің штаммдарын алу, өсімдіктердің сорттары мен формаларын, жануарлардың асыл тұқымдарын шығарумен айналысатын ғылым мен өндірістің жаңа бағыты. Биотехнологияда істелетін жұмыстар қоректік ортада өскен клеткаларды пайдалануға негізделген.
2.Өсімдіктердің биотехнологиясы. Биотехнологияның негізгі объектілері – тұтас организмнен оқшауландырып алынған жасанды қоректік ортада, асептикалық (залалсыздандырылған) жағдайда өсірілетін жеке клеткалар, ұлпалар. Мұндай жасанды жағдайда клеткаларды, ұлпаларды және мүшелерді өсіруді клеткаларды өсіру деп атайды. Қандай болса да организм клеткалары жасанды жағдайда қайтадан эмбриондық күйге айналып, тұтас организмге бастама бола алады. Олардың бір қалыпты өсуге, ұрпақ беруге қабілеті бар. Қоректік ортада өскен клеткалардың осындай қасиетін тотипотенттілік деп атайды. Бұл құбылыс соматикалық клеткалардың өсуге деген қабілеттілігінің толық көрсете алуына, яғни ядродағы генетикалық информация негізінде организм түзу мүмкіндігін іске асыру қабілеттілігіне негізделген. Осы қасиетті қазіргі кезде биотехнологияда селекция жұмыстарын тездету мен жеңілдету және өсімдіктерді көбейту үшін табысты түрде қолдануда. Клеткаларды жасанды ортада өсіру әдісі генетикалық жағынан өзгертілген организмді тез алуға мүмкіндік жасайды. Клеткаларды жасанды ортада өсіру әдістері негізінен генетикалық базисті кеңейту арқылы селекцияның тиімділігін арттырады. Бұған селекция процестерінде кең көлемде мәдени түрлердің жабайы туыстарын қатыстыру арқасында қол жеткізуге болады. Мысалы, пробиркада ұрықтандырып, одан жаңа өзгерген генді өзгертілген организмді тез алу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет