1 Дәріс Мемлекеттік қызмет түсінігі мен негіздері



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі54,5 Kb.
#19268
  1   2   3

1 Дәріс

Мемлекеттік қызмет түсінігі мен негіздері

  1. Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері

  2. Мемлекеттік қызметтің принциптары

  3. ҚР мемлекеттік қызметін басқару

І. Мемлекеттік қызмет- басқа адамдармен қарым- қатынас арқылы жүзеге асады, сондықтан мемлекеттік қызметке елдің барлық азаматтары тартылады. Мемлекеттік басқару субъектісіне қоғамдағы басқару қызметінің мемлекет атынан кәсіби негізде жүзеге асыратын адамдар жатады.

Мемлекеттік басқаруды кадрлық қамтамасыз ету басқару персоналының сапалы құрамы қоғамның даму деңгейіне, олардың еңбек ресурстарының жағдайына байланысты. Мемлекеттік аппараттың қызметкерлері материалдық және рухани игіліктерді өндірмейді. Бірақ олардың рөлі өндірісті ұйымдастыруға өте маңызды.

Мемлекеттік қызмет – мемлекет билік қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған міндетті өкілеттілікті орындау бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Мемлекеттік қызмет кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде келесі белгіерге ие:



  • мемлекеттің экономика, әлеуметтік және әкімшілік – саяси салаларының құрлысын дамыту бойынша міндеттері мен қызметтері мемлекеттік қызметкерердің кәсіби қызметімен мемекеттік басқару арқылы жүзеге асады. Бұл қызмет кең масштабпен, басқару қызметінің қиындығы мен көлемділігімен ерекшеленеді. Мемлекеттік басқаруда барлық қоғам мен мемлекет қажеттілігі және қызығушылығы көрініс табады;

  • мемекеттік қызмет қоғамдағы басқару қызметінің жүзеге асуын қамтамасыз ететін арнайы аппарат құру шегінде жүзеге асады;

  • мемлекеттік қызметкерлер спецификасы басқару қызметтерін жүзеге асырумен байланысты. Мемлекеттің міндеті мен қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызметкерлердің тәжірибелік жұмыстары өте маңызды;

  • мемлекеттік қызметкерлер мемлекет атынан шығады, сондықтан олар басқару қызметін жүзеге асыру үшін қажет мемлекеттік билік өкілеттілігіне ие;

  • мемлекеттік қызмет конституцияға, ҚР Президентінің заңдарына, бұйрықтарына және басқа заңды нормативті актілерге негізделген;

  • мемлекеттік қызмет тәжірибелік, ұйымдастырушылық, атқарушылық сипатқа ие;

  • мемлекеттік қызметкерлер өз қызметтері мен өкілеттіліктерін орындау кезінде заң талаптарына сәйкес жетекшілік жүргізу керек және өздерін саяси партиялар, қоғамдық бірестіктер шешімімен байланыстырмау қажет.

ІІ. Мемлекеттік қызмет принциптары:



  1. заңдылық. Бұл принцип мемлекеттік қызметкерлердің алатын лауазымына байланыссыз ҚР Президенті бұйрықтарының сақталуы мен орындалуын көздейді;

  2. Қазақстандық патриотизм. Бұл принцип тұлғаның құрылуы мен жаңа буын адамдарын тәрбиелеуді қалыптастырумен байланысты. Мемлекеттік қызметке түсуші азаматтар нарықтық экономика жағдайында жұмыс жасайды, өз елінің салтын сақтап, өз мемлекетінің патриоты болуы керек;

  3. мемлекеттік қызметтің бірлігі. Бұл мемлекеттік биліктің заңдылық, атқарушылық, соттық бөліміне байланыссыз. Бұл принцип мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың әлеуметтік- саяси мәнін көрсетеді;

  4. азаматтардың құқықтық басымдықтары, еркіндіктері, заңдық қызығушылықтары мемлекеттің қызығушылығын көрсетеді.

  5. мемлекеттік қызметке республика азаматтарының тең құқықта енуі және өздерінің мүмкіндіктерімен кәсіби дайындығына сәйкес мемлекеттік қызмет сатысы бойынша жоғарлау;

  6. азаматтардың мемлекеттік қызметке өз еркімен келуі;

  7. мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби болуы, мұнда басқарушы кадр қызметіне қатысты жұмыстарды білу керек;

  8. жұмысты бірдей орындағандарға еңбекақыны тең бөлу;

  9. мемлекеттік қызметкерлер мен төменгі мемлекеттік органдар үшін жоғарғы мемлекеттік органдар мен жауапты тұлғалардың өкілеттілігі қабылдаған шешімдерді орындау міндеттілігі;

  10. мемлекеттік қызметкерлердің бақылануы. Әрбір мемлекеттік қызметкердің кәсіби қызметі жоғарғы органдардың немесе жауапты тұлғалардың бақылаумен жүзеге асады;

  11. мемлекеттік құпияларды құрайтын қызмет шегінен қоғамның көзқарастары мен келісімдерін есепке алу.

  12. мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы. Көрсетілген принципке сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге ең алдымен жалпы конституциялық құқықтық және әлеуметтік қорғалу кепілдігі беріледі;

  13. мемлекеттік қызметкерлерді тиесілі қызметін және тапсырманың маңыздылығы мен қиындығына қарай әділ әрі белсенді орындағандарды марапаттау;

  14. мемлекеттік қызметкерлердің жауапты міндеттерін орындамағандығына және өз өкілеттілігін асырғандағы жеке жауапкершілігі;

  15. мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату. Бұл принцип басқарудың жоғарғы кәсіби деңгейін дамыту.

Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметі төмендегі анықталған сипаттарға ие:



    • мемлекеттік қызмет белгілі қызметке қатысты жұмыстарды орындауды қажет етеді, кәсіптік, маманданған, біліктілік, лауазым.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет