1 Дәріс сабақтары бойынша қорытындылау


)GMP мен верификация (презентация бойынша қорғау)



бет2/3
Дата05.05.2023
өлшемі20,51 Kb.
#90255
1   2   3
3)GMP мен верификация (презентация бойынша қорғау)
Жасаған жұмысыма қысқаша тоқтала кетсем,негізінде GMP-дегеніміз бұл халықаралық сапа стандарттарына сәйкес фармацевтикалық өнімдер өндірісін үнемі қолдау және бақылауды қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. GMP негізгі мақсаты-өндірілген өнімнің сапасының жоғары екендігіне кепіл болу.
Верификация-бұл обьективті дәлелдерді ұсыну,яғги бұл нысанның белгіленген талаптарға сәйкес келуі.
Қорытындылай кетсек,мен неге осы тақырыпты алдым?
Себебі,кез-келген кәсіпорынды таңдау,оны жобалау немесе белгілі бір өнім шығару кезінде оның GMP талаптарына және верификацияға сай болуы өте маңызды роль атқарады.Неліктен десеңіз,себебі біз өнімді жай ғана шығарып қоя алмаймыз,ол қандай да бір талаптарға сай және сәйкес болып шығарылуы керек.Егер де ол өнім осы талаптарға сәйкес келмесе,шығарған өніміміз өзінің құндылығын жоғалтады,бір сөзбен айтқанда қажетсі болып қалады.Сондықтан да,GMP мен верификация білу,оны қолданудың орны ерекше.

4) 1,2,3 зертханалық жұмыстарды қорғау
Зертханалық жұмыс-1
Реагенттер ағынын калибрлеу
Мақсаты: Ағынның есептеулерін алу үшін перистальтикалық сорғыларды калибрлеу.
Жалпы жұмыста біз 1 л 0,01М этил ацетаты мен 1 л 0,01М натрий гидроксиді ерітіндісінің QUDC аппараты арқылы ион өткізгіштігін анықтап қарадық.
Адиабаттық процесс — қоршаған ортамен жылу алмаспайтын физикалық жүйеде өтетін термодинамикалық процесс.Сыртқы орта мен жүйе арасында жылу алмасып үлгере алмайтындай уақытта тез өтетін процестер адиабаталық процесс ретінде қарастырылады.Мысалы,дыбыстың ауада таралуы, жылу қозғалтқыштарының цилиндрі ішіндегі газдың сығылуы жатады. Адиабаталық процесс қайтымды және қайтымсыз процесс  түрінде өтуі мүмкін.
Изотермиялық процесс – физикалық жүйеде тұрақты температурада жүретін процесс.Изотермиялық процессті жүзеге асыру үшін жүйе, әдетте, термостатқа орналастырылады. Бұл жағдайда термостаттың жылу өткізгіштігі өте үлкен болып келеді де, жүйе температурасының іс жүзінде термостат температурасынан айырмашылығы болмайды.Мысалы тұрақты температурадағы сұйықтықтың қайнауы немесе қатты дненің балқуын жатқызуға болады.
Химиялық-технологиялық процестер әдетте қозғалмалы ағындарда жүреді, олардың қозғалысының гидродинамикалық заңдылықтары химиялық өндірістердің тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді, сондықтан химиялық-технологиялық процестердің математикалық модельдерін құрастыру кезінде заттар ағындарының қозғалысын сипаттау өте маңызды.
Қозғалмалы ағындар бір немесе көп фазалы болуы мүмкін және әдетте күрделі құрылымға ие.
Ағын құрылымының модельі бойынша ағын үздіксіз орта түрінде ұсынылады, ол аппаратқа енеді және ағын бөлшектерінің толық (идеалды) араласуына байланысты аппараттың бүкіл көлеміне бірден бөлінеді, бұл ретте концентрация мен температура осы аппарат көлемінің барлық нүктелерінде және одан шығуда тұрақты болып қалады.
Идеалды орынбасу моделі -бұл ағынның қозғалысына перпендикуляр бағытта зат концентрациясының біркелкі таралуы кезінде ағын бойымен араластырмай поршеньдік ток қабылданатын идеалдандырылған ағын құрылымы бар модель
Диффузиялық модельдер заттардың бойлық және радиалды араласуы бар аппараттардағы нақты ағындарды сипаттау үшін қолданылады.
Ұяшық моделінің физикалық мәні материалды ағынды тізбектей жалғанған бірнеше ұяшықтармен көрсетуге болатындығына байланысты, бұл ретте әрбір ұяшықта ағынның идеалды араластырғыш құрылымы бар және ұяшықтар арасында араласу болмайды деп есептеледі.
Қорытынды
Химиялық-технологиялық процестер көбінде қозғалмалы ағындарда жүреді.Ағынның гидродинамикалық заңдылықтары химиялық өндірістердің тиімділігіне әсер етеді,сондықтан химилық-технологияялық өндірістің математикалық модельдерін жасау кезінде заттар ағындарын қозғалысын сипаттау маңызды болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет