1 дәріс Тақырыбы: Ерітінділер түсінігі. Жоспары: Кіріспе


ІІІ – тип: Күшті қышқыл мен әлсіз негіздің тұзы



бет25/38
Дата26.10.2022
өлшемі1,68 Mb.
#45445
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
ІІІ – тип: Күшті қышқыл мен әлсіз негіздің тұзы. ( AlCl3, ZnSO4, Cu(NO3)2 т.б
ІҮ – тип: Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің тұзы. ( Al2(PO4)3, ZnCO3, FeS т.б)
Құрамында әлсіз негіз, әлсіз қышқылдың иондары бар тұздар, яғни ІІ, ІІІ, ІҮ – типтегі тұздар гидролизденеді. Ал І – типтегі тұздар гидролизге ұшырамайды.
Тұздар гидролизі – қайтымды процесс.
Гидролиз реакциясы температураға және ерітінді концентрациясына тәуелді, яғни гидролиз жақсы жүру үшін температура жоғары, ал ерітінді концентрациясы аз болуы керек.
Енді тұздар гидролизі қалай жүретінін қарастырайық.

  1. Күшті негіз бен күшті қышқыл тұзы – NaNO3 Натрий нитратының суда еруін алайық:

МТ. NaNO3 + H2O → NaOH + HNO3
ТИТ. Na+ + NO3- + HOH→ Na+ OH- + H+ + NO3-
ҚИТ. HOH→ H+ + OH- [ OH] = [ H+]
Мұнда H+ және OH- иондары концентрациясы бірдей, сондықтан ерітінді ортасы бейтарап қасиет көрсетеді.
Қорытынды: Бұл типтегі тұздар гидролизге ұшырамайды.
2. Күшті қышқыл мен әлсіз негіздің тұзы – MgCl2 Магний хоридінің суда еруін алайық: Гидролиздің толық молекулалық теңдеуін сатылап жазамыз:
І – саты: MgCl2 + HOH → MgOHCl + HCl
ІІ – саты: MgOHCl + HOH → Mg(OH)2 + HCl
Гидролиз теңдеуінің қысқартылған иондық түрі:
І – саты: Mg2+ + HOH→ (MgOH)+ + H+
ІІ – саты: (MgOH)+ + HOH→ Mg(OH)2 + + H+ [OH-]<[ H+]
Қорытынды: Ерітіндіде H+ концентрациясы артық, сондықтан реакция ортасы – қышқылдық қасиет көрсетеді.
3.Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы – K2S – калий сульфиді.
Калий сульфиді ерітіндісінде жүретін алмасу реакциясының теңдеуі:
І – саты: K2S + HOH → KHS + KOH
ІІ – саты: KHS + HOH → KOH + H2S↑ [OH-]>[H+]
Қорытынды: Ерітіндіде OH- концентрациясы артық, сол себепті реакция ортасы – сілтілік қасиет көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет