1 Дәріс тақырыбы Кіріспе. Катты де ненің құрылысы



бет1/35
Дата04.05.2023
өлшемі1,19 Mb.
#89991
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

1 Дәріс тақырыбы Кіріспе. Катты де ненің құрылысы
Материалтану - материалдардың қүрылымдарын олардың қүрамымен, физикалық, химиялық, технологиялық және ксплуатациялық қасиеттерін, электрондық қүрылымдарының өзара байланысын зерттейтін гылым.
Материалтану дербес ғылыми пән ретінде XIX ғасырдың алғашқы жартысынан кейін дами бастады. Ғылымның бүл саласының дамуы металдар қүрылысын микроскоппен алғаш рет (1831) зерттеген үлы орыс ғалымы П.П. Аносовтың атымен байланысты. Ол қоспаланған болаттарды алудың алғашқысы деп есептелінеді. Жүздерді даярлауға арналған қүрыш болаттың теориясы мен технологиясын шығарды. Болат беттеріне қүрышты болаттық өрнектердің пайда болуы оның ішкі қүрылымына байланысты болатындығы оның жүмыстарының нәтижесінде анықталды.
Металдарды микроскоппен зерттеу әдісін 1863 жылы, яғнн 30 жылдай уақыт өткен соң ағылшын оқымыстысы Сорби қолданды. Металтанудың ғылыми негіздерін жасаушы ғалым Д. К. Чернов болып есептелінеді, себебі ол болаттарда көміртек санымен болаттардың фазалық айналулардың сын температурасы мен олардың байланысын орнатты. Металтануда өте маңызды болып табылатын темір мен көміртегінің қоспалары негізіндегі қорытпалардың күй-жағдайларының диаграммасын алу. Д.К. Чернов болаттағы аллотропиялық айналуларды ашу арқылы болаттың термиялық өңделуінің негізін салды. Өндірістік жағдайда болаттың сын нүктесі арқылы суару мен жүмсартудың және пластикалық түр өзгертулерінің үтымды температурасын тандауға мүмкіншілігін берді. Д.К. Чернов өзінің болаттың кристалдануымен және кесегінің қүрылымы жүмысында қүю теориясының негізгі жайларын баяндады, бүл жүмыс өзінің ғылыми және практикалық маңыздылығын осы кезге дейін жоғалтпаған. Д.К. Чернов металдар мен қорытпалардың қасиеттерін зерттеп, дағдарыс нүктесін ашты.
Металтану ғылымы металдардың, қорытпалардың күрылысы мен қасиеттерін зерттеп, олардың арасындағы заңдылықтарды анықтайды. Металтану ғылымы, химия, математика және физика пәндерімен тығыз байланысты. Бүл ғылымның негізгі міндеті – техникада қолданылатын металдар мен корытпалардың қасиеттерін зерттеу және жасанды жолмен өзгерту, шаруашылық нысандарының әртүрлі тарауларында қолданылатын жоғары сапалы, жаңа қасиетті жасанды материалдар алу.
Металтанудың негізгі даму бағыттары таза және ең таза металдарды өңдеудің өндірістік тәсілдерін жетілдіріп, қолданыстағы техникалық таза металдардан айрықша қасиетті болатын және күшті жүмыс істеу мүмкіншілігі бар. Материалтанудың басты мақсаты алдын ала берілген есептегі параметрлерге және жүмыс шарттарына сәйкес келетін қасиеттердегі материалдарды жасау. Экстремалды жағдайларда (төменгі және жоғары қызулар мен қысым жағдайында) металдардың зерттелуіне аса назар аударылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет