1 Дәріс тақырыбы Кіріспе. Катты де ненің құрылысы



бет26/35
Дата04.05.2023
өлшемі1,19 Mb.
#89991
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Мартен пешінің жұмысы

1- пештің жұмыс кеңістігі; 2 -головка; 3- тік каналдары; 4 - шлаковик; 5 - газды регенератор; 6 - на­садка; 7 - ауа регенератор; 8 – вентилятор.
Сурет 17 - Мартен пешінің жұмыс нобайы
Пеш кеңістігін отын жағу арқылы 1600-1650 0С дейін қыздырғанда түтін газдары регенератор саптамаларынан өтіп, оларды қыздырып, түтін жолы мен пеш мұржасы арқылы сыртқа шығады. Регенератор саптамаларының төменгі жағының t-сы 1200 0С жеткенде, клапандардың жәрдемімен суық ауа мен газ қыздырыған регенераторға қарай жіберіледі. Ауа мен газ t-сы регенератор саптамаларынан өтіп саптамалардың t-сына дейін көтеріліп тік каналдармен бүркеншік арқылы жұмыс кеңістігіне барады. Мұнда жанған от жалынның t-сы 1800-1900 0С дейін жетіп, астаудағы металды да қарсы суыған бүркеншік каналдар, регенератор саптамаларын қыздырып сыртқа шығады.
12 Дәріс тақырыбы. Металдарды қысыммен өңдеу
Металдарды қысым арқылы өңдеудің келесі негізгі түрлері бар:

  • Прокаттау (илемдеу);

  • созу (волочение);

  • престеу;

  • еркін соғу;

  • суық және ыстық күйде штамптау.

Қысым арқылы өңдеуде металдың беріктік, пластикалық қасиеттерін пайдаланады. Беріктік дегеніміз металдың бүлінбестен, түсірілген күшке қарсы әсер ете білуі, ал пластикалық қасиеті дегеніміз түсірілген күштің әсерінен металдың суық немесе ыстық күиінде өз қалыпын өзгертіп, керитің әсері жойылғаннан кейін өзгерген қалапын сақтап қалуы. Температура жоғарылған сайын металдардың беріктік қасиеті төмендеп пластикалық қасиеті артады.
Металдың жоғары температурадағы пластикалық қасиетін оның соғылғыштығы деп атайды. Кейбір металдардың пластикалық қасиеттері төменгі температурада қанағатанарлық болғандықтан, ондай металдарды суық күйінде өңдейді.
Металдарды қысым арқылы өңдеу, олардың пластикалық қасиеттерінің температураға байланысты өзгеруіне қарай, ыстықтай және суық күйде өңдеу болып екіге бөлінеді. Суық күйде өңделген металдың беткі қабаты нығайып, беріктік, қаттылық, аққыштық шектері артып, тұтқырлығы, салыстырмалы ұзаруы және көлденең қимасының жіңішкеруі кемиді.
Ыстық күйде өңделген металдың структурасы майдаланып, кристалдық тордағы атомдардың өзара тартылыс күштері артады да, қайта кристалданады. Егер металл қайта кристалданбай, нығайып, деформация күші жойылғаннан кейін оның структурасы нығайған металдың структурасындай болса, онда металл суық деформациямен өңделген болып есептеледі.
Егер металл қысым арқылы өңдеу процесінде толық қайта кристалданып, онда нығаю белгісі қалмаса, металл ыстық деформациямен өңделген болып есептеледі.
Металдың беріктік, қаттылық қасиеттерін нашарлатып, деформациялық қасиетін жақсарту үшін оларды қысым арқылы өңдеуден бұрын қыздырады.

1 - шеңбер; 2 - квадрат; 3 – алты қабырға; 4 - тілкем; 5 - табақ; 6 - рессора; 7 - сегмент; 8 - овал; 9 - үшбұрыш; 10 - уголки равнобокие и неравнобокие; 11 - таврлы балка; 12 - швеллер; 13 - қоставрлы балка; 14 - рельс; 15 – рельс қаптамалары; 16 – рельс төсеніші; 17 - автообод; 18 - борт сақинасы; 19 - терезе-рамалық профиль; 20 – зет тәрізді профиль; 21 - шпунт; 22 - лемех; 23 - трактор шпорасы.
Сурет 18- Прокаттау профильдердің сортаменті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет