№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет1/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120


№ 1 дəрісбаян тақырыбы:
Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері
Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың əр түрлі қабілетке
ие болуының себебі неде? Жан дегеніміз не жəне оның табиғаты қалай? Осындай жəне
басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам
жəне оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.
Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу əдістерін,
теориялық принциптерін жəне оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін
зерттейді. Психика жоғары дəрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының
қызметін, əрекет тəсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда
болады.
Ғылымда пəндердің негізігі ќұрылымына байланысты үшке бөлінеді: жаратылыстану,
гуманитарлыќ, техникалыќ. Адам- əлеуметтік тірі организм, оның барлыќ психикалыќ
ќұбылысы ќоғамдыќ ортада ќалыптасады, сондыќтан психология гуманитарлыќ пєндерге
жатады.
“Психология” ұғымы ғылыми жєне тұрмыстыќ мағынаға ие.
Əрбір адам практикада ќарым-ќатынасќа түсе отырып психологиялыќ заңдылыќтарды
үйренеді. Осылайша біз келесі адамның пікірін оның сыртќы келбетінен - мимикасынан,
жестінен, дауыс ырғағынан, эмоционалдыќ көңіл күйінен, мінез-құлқынан ажыратамыз.
Сондықтан əрбір адам өзінше психолог, себебі қоғамда адамдардың психикасы жайлы
білмей өмір сүру мүмкін емес.
Алайда, тұрмыстық психологиялық білімдер айқын емес жəне де ғылыми білімнен
ерекшеленеді.
1.5 Бұл ұғымдарды мынандай екі бағытта көрсетуге болады:
Тұрмыстыќ технологиялыќ білім
Ғылыми психологиялыќ білім
Наќты білім
Интуициялыќ мінез білімі
Білім беруде бөгеттер болуы
Білімнің көзі- баќылау
Берілетін білім- шектеулі
Талдап ќорытылған білім
Аќыл- парасаттылыќ білім
Білім жинаќталады жєне беріледі.
Білімнің көзі- эксперимент
Білім єрќашан кеңейіп отырады.
Біріншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер нақты жағдайда, адамдармен оларға
қатысты міндеттер айналасында болады. Ғылыми психология жалпылауға бағытталған, ол
үшін сəйкес ұғымдар пайдаланылады.
Екіншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер интуициялық сипатқа ие. Бұл себепті алу
тəсіліне - кездейсоқ тəжірибе жəне санасыз деңгейде субъективті талдауға бағытталған.
Бұған қарағанда ғылыми таным экспериментке негізделген, ал алынған білімдер толық
рационалды жəне түсінікті.
Үшіншіден, білімді беру тəсілдерінде айырмашылықтар бар. Əдетте, тұрмыстық
психологиялық білімдер қиындықпен беріледі немесе көбінесе беріле алмайды да.
Ю.Б.Гиппенрейтер жазғандай “əке мен балалардың” мəңгі проблемасы да осында, өйткені
балалар əкелерінің тəжірибесін қабылдай алмайды жəне қабылдағысы келемейді де”. Ал
ғылымда білім жинақталып, оңай беріледі.
Сонымен психология негізінен грек сөзінен аударғанда ”жан туралы ғылым”, ал
“психология” термині ќолданысќа алғаш рет XVI-ғ. енді. Алғашќыда ол ерекше ғылым
ретінде “жанды” немесе психикалыќ болмысты єрбір адам өзін баќылау нєтижесінде
аныќтап отыруға қолданса, кейіннен XVII- XIX ғ.ғ. психология - бұл психика жєне
психикалыќ ќұбылыстар туралы ғылым болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет