1 Дәрістер Тақырыбы. Рим жеке құқығының пәні және маңызы



бет22/28
Дата21.02.2023
өлшемі79,02 Kb.
#69680
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Новация, бір міндеттемені екінші міндеттемемен ауыстыру. Мысалы, аренда шарты аяқталғанға дейін арендатор жалға алынған мүлікті иелігіне алатындығы туралы тараптар келісімге келеді, яғни аренда шарты сатып алу-сату шартымен ауыстырылады. Жаңаланатын міндеттеме бастапқыдан айырмашылығы болуы керек. Новация екінші стипуляцияда қандай болмасын жаңа болған кезде орын алады. Бұл жаңалау міңдеттеменің сипаты ауысқан кезде не несие берушінің тұлғасы ауысқан кезде немесе борышқордың тұлғасы ауысқан кезде болуы мүмкін. Новация стипуляция нысанында жүзеге асырылады. Жаңа элементгерге қатысты новацияның екі түрі болады.
Біріншісінде шарттардың тараптары сақталады, бірақ новация арқылы бұрын жоқ элементтер өзгереді.
Екінші түрі несие берушінің немесе борышқордың өзгеруімен түсіндіріледі. Борышқорды ауыстыру несие беруші мен жаңа борышқордың арасындағы келісім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бұрынғы борышқордың келісімі қажет емес, себебі ол міндеттеме ауыртпалығынан босатылады. Несие берушінің ауысуы жаңа несие беруші мен борышқордың арасындағы келісім арқылы жүргізіледі, нәтижесінде соңғы екеуі шарттың тараптары болады, ал шарт мазмұны өзгермейді. Жаңаланған шарт барлық жарамдылық талаптарына сәйкес келуі тиіс, олай болмаған жағдайда ол жарамсыз.
Зачет-есепке жатқызу. Зачет (есепке жатқызу)- бұл бір сипаттағы қарама-қарсы талаптардың өтелуі. Есепке жатқызуды қолдану үшін мынаталаптар орындалу керек:
- талаптар қарама-қарсы болуы керек, яғни несие берушіге борышқор қарама-қарсы талап беруі тиіс;
-талаптар бір топтағы талап болуы;
-екі талапта орындалу мерзімі жеткен немесе талап ету мерзімі жеткен талаптар болуы тиіс.
Қарызды кешіру. Бұл несие берушінің борышқорды борыштан босататындығы туралы жариялаған біржақты әрекеті болды. Римде міндеттемеден босатудың тараптардың келісіміне негізделген, міндеттемені тоқтатуды мақсат ететін формальды тәсілдері болды. Несие берушінің міндеттемені орындалғандығын қабылдағаны туралы ауызша формальды өтінімі акцептиляция деп аталды. Акцептиляция формальды сұрақ және жауап жолымен жасалды.
Стипуляция дегеніміз болашак несие берушінің сұрағымен және оған сәйкес келетін тұлғаның жауабымен жасалатын ауызша шарт болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет