1. «Әдіснама» ұғымын түрлі тұғырлар тұрғысынан қарастыру. Әдіснаманың негізгі деңгейі және оның сипаттамасы


Адамның іс-әрекеті Репродуктивтік: адам өзінің тәжірибесін немесе басқа адамның іс-әрекетін қайтадан көшіру



бет2/4
Дата06.09.2022
өлшемі30,08 Kb.
#38533
1   2   3   4

Адамның іс-әрекеті

Репродуктивтік: адам өзінің тәжірибесін немесе басқа адамның іс-әрекетін қайтадан көшіру.

Продуктивтік: зерттеушінің жаңа немесе сбуъективтік жаңа нәтижені алуға бағытталған іс-әрекеті.

Екінші іс-әрекет үшін зерттеуші әдіснаманы қолданады.

Әдіснама іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілімі, ол ғылыми білімге негізделеді.

2.Әдіснаманың негізгі деңгейі және оның сипаттамасы.


Әдіснама философиялық, жалпы ғылымилық, нақты-ғылымилық және технологиялық болып төрт деңгейге бөлінеді (В. В. Краевски, В. А. Сластенин). Әдіснаманың барлық деңгейі, өз арасында нақты байланысы бар, күрделі жүйені құрайды.
Әдіснаманың философиялық деңгейі, оның мазмұны танымның жалпы принциптері мен ғылымның категориялық құрылымынан тұрады. Философиялық білім жүйесі әдіснамалық білімнің мазмұндық негізі ретінде қарастырылады.
Әдіснаманың жалпы ғылымилық деңгейі барлық немесе көптеген ғылыми пәндерде (салаларда) қолданылатын теориялық тұжырымдама болып табылады.
Әдіснаманың нақты ғылымилық деңгейі кез – келген арнайы ғылыми пәнде (салада) қолданылатын зерттеу әдістері, принциптері және шараларының жиынтығы.
Педагогиканың әдіснамасы дегеніміз педагогикалық шынайылықты көрсете - тін педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымдары, білім алудың жолдары және көзқарастарының принциптері туралыбілім жүйесі, сонымен қатар осындай білім алудың және зерттеу жұмыстарының бағдарламасын, логикасын, әдістерін, сапасын бағалауды негіздеу әрекетінің жүйесі.
Әдіснаманың технологиялық деңгейі (зерттеу әдіснамасы) зерттеудің әдістемесі мен техникасынан тұрады, яғни кейін ғылыми білім қорына енгізілетін эмпирикалық материалды алуды және оның бастапқы өңдеуді қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы.
Чехтың педагог – зерттеушісі Яна Скалкова былай деп тұжырымдайды: «Педагогика әдіснамасы педагогикалық теорияның негізі мен құрылымы туралы білім беру жүйесін ұсынады». Мұндай педагогика әдіснамасының ұсынысы толық бола алмайды. Мәнін ашып түсіндіру үшін педагогика әдіснамасының қандай қызмет атқаратынына көп көңіл бөлуіміз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет