1. Егістік тәжірибелер нәтижелері бойынша тыңайтқыштардың нормасын анықтау


Тыңайтқыштарды қолдану технологиясы



бет8/9
Дата05.05.2023
өлшемі41,71 Kb.
#90346
1   2   3   4   5   6   7   8   9
22.Тыңайтқыштарды қолдану технологиясы
Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды тиеу, түсіру,ұнтақтау, араластыру және топыраққа еңгізу жұмыстарын механикаландыру олардың тиімділігін арттырады.Тыңайтқыштарды әртүрлі технологиялармен қолданады:
• Қоймадағы тыңайтқыштарды тиеуге ПЭ- 0,8Б; ПБ-35; ПГ-0,2 маркалы тиегіштерді, ұнтақтау үшін НСУ-4; АИР-30 машиналарын және тыңайтқыш қоспаларын дайындауға арналған СМУ-30 қондырғысын пайдаланады.
• Негізгі тыңайтуға арналған қатты минералдық тыңайтқыштарды егіске шашуға РУМ-8; I-РМГ-4; НРУ-0,5; РМС-6; КСА-3 шашқыштарын қолданады.Тұқым себер алдында және себер кезінде тыңайтқыштарды қолдануды механикаландыру: Дәнді дақылдар тұқымдарын сепкенде тыңайтқыштарды топыраққа бірге еңгізу үшін СЗ-3,6; СЗУ-3,6; СЗТ-3,6; СЗА-3,6 сепкіштерді және сепкіш- культиваторлары мен ЛДС-6 сепкіш- сыдыра жыртқышын пайдаланады. Тыңайтқышты тұқыммен бірге қолдану үшін жүгеріні себуге СКНК-8; СБК-4, қант қызылшасын сепкенде ССТ-12А; ССТ-8, көкөніс дақылдарын еккенде СКОН-4,2 сепкіштерін қолдану керек. Отамалы дақылдарды КРН-5,6; КРН-4,2 (жүгері); УМСК-5,6А; КГС-4,8 (қант қызылшасы); КРН- 2,8МО; КОР-4,2 (көкөніс); КОН-2,8ПМ; КПН-4,2Г (картоп) культиваторлардың көмегімен үстеп қоректендіреді.Органикалық және минералдықтыңайтқыштарды қолдануға қажетті машиналар санын төмендегі формуламен анықтайды:
M= Q \H• K•D•100;
мұнда,
• Q - тыңайтқыш қолданылатын егіс көлемі, га;
• Н - агрегаттың сменалықөнімділік мөлшері, га;
• К - агрегатты сменалық пайдалану коэффициенті (егер агрегатты бір смена пайдаланса коэффициент бірге тең болады);
• D - жұмысты орындау мерзімі, күн.
• Тыңайтқыштыңнормасы- бір гектар егістікке бір жылға арналған тыңайтқыштың мөлшері. Мысалы, N100, P100, K100.
23.Қант қызылшасы дақылын тыңайту
Қант қызылшасы өте бағалы техникалық дақыл, ол республикамыздың оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтарында өсіріледі. Бұрынғы кездері бұл дақылдың егістік көлемі 100 мың га артық болса, қазіргі уақытта егістік көлемі 40 мың га аспайды. Өнімділігі 200 ц/га шамасында. 1 тонна өнімімен 4 кг азот, 1,3 кг фосфоржәне 6-7 кг калий пайдаланады.Бұлдақылдың қоректенуінің 4 кезеңі бар:
• Қант қызылшасы өсуінің бастапқы кезеңінде (тұқымның өнуінен 2-3 қос жапырақ пайда болуы) фосфор жетіспесе оны бірден сезеді. Бұл кезде топырақта фосфор тапшы болса, қызылшаның тамыры мен сабақ-жапырағының өсуі нашарлайды. Мұның өзі оның өнімділігіне кері әсер етеді. Егер топыраққа фосфор еңгізілсе, қызылшаның қоректенуі жақсарады, өнімділігі артады және тамырының қанттылығы жоғарылайды. Ол үшін тұқымды себу кезінде қатар аралығына 20-30 кг Р2O5 береді
.• Қоректенудің екіншікезеңінде (2-3 қос жапырақ пайда болғаннан бастап қатар аралықтарының қосылуы) сабақ- жапырақтарының өсуі тез жүреді. Сондықтан топырақта барлық қоректік заттардың мол болуының маңызы зор.
• Қант қызылшасының қоректенуінің дейін созылады. Мұнда оның тамырының үшіншікезеңітамыз айының ортасына өсуі қарқынды өтеді және өсімдік барлық қоректік заттарды көп мөлшерде қабылдайды.
• Төртіншікезеңде (тамыз айының ортасынан жинауға дейін) қызылша тамырының көлемі ұлғаяды және қант жиналу процесі күшті жүреді. Бұл мерзімде тұқымның өніп көктеуінің бастапқы кезеңіндегідей азоттың көп берілуіне жол бермеген дұрыс. Өйткені азоттың мол болуынан қызылша тамырында қант аз жиналады.Қант қызылшасына берілетін тыңайтқыш мөлшері топырақ типіне, алғы дақыл түріне және алынатын өнім деңгейіне байланысты болады.
Гранулометриялық құрамы жеңіл топыраққа және малта тастары жер бетіне жақын жатқан топыраққа азоттың жылдық мөлшерінің 40% көктемде культиватормен, ал қалғанын екі рет үстеп қоректендіруге беру керек. Бірінші үстеп қоректендіру сиретілген соң дереу беріледі. Екінші үстеп қоректендіру 15-20 күннен кейін жүргізіледі.Қантқызылшасы жоңышқа немесе сидераттар егілген жерге себілсе мол өнім береді. Себебі, олар топырақты азотпен байытады. Қант қызылшасына жақсы алғы дақыл ретінде жүгері, күздік бидайды да егуге болады. Ауыспалы егісте органикалықтыңайтқышты қант қызылшасының өзіне немесе оның алғы дақылына (күздік бидай, жүгері) береді және оның нормасы 30-40 т/га шамасында болады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандарының боз және қара қоңыр топырақтарында қант қызылшасы бар сегіз танапты ауыспалы егісінде тыңайтудың мынадай жүйесін қолдануға болады.Қант қызылшасына қолданылатын тыңайтқыштар: аммоний селитрасы, мочевина, аммофос, диаммофос, суперфосфат, 40-пайыздық калий тұзы. Қант қызылшасының тамырындағы қант мөлшерін жоғарылатуда бор, мырыш микроэлементтері жақсы әсер етеді. Бор жетіспесе қызылша тамыры "өзек ауруы" деп аталатын ауруға шалдығады.Гектарына 50-10 кг мырыш қолданғанда қант қызылшасының ауруға төзімділігі жоғарылап, қанттылығы 1,5-2 пайызға артады.Мырышты қант қызылшасы тұқымын өңдеу үшін де пайдаланады. Ол үшін 1 ц тұқымға 1-1,5 кг күкірт қышқыл мырыш тұзының ерітіндісін бүркеді. Мырыш тыңайтқышы қызылша өнімін 14- 40 центнерге дейін жоғарылатады.
24.Тыңайтқыштарды тұқым себер алдында қолднаудың маңызы
Тұқымды себу кезiнде тыңайтудың басты мiндетi өсiмдiктi алғашқы өсу кезеңiнде қоректенуiн үдету. Бұл дақыл тұқымы дұрыс және тез көктеп шығуы үшiн оның сiңiмдi қоректiк заттармен қамтамасыз етудiң маңызды шарасы. Тұқымды себу кезiнде қатарларға 10-20 кг фосфор қолдану осыған негiзделген. Азот пен калий тыңайтқыштарында қолдануға болады. Тұқым топырақтың беткi қабатында орналасқандықтан, бастапқы өсу кезiнде негiзгi тыңайту үшiн тереңге еңгізiлген тыңайтқыштың қоректiк затын пайдалана алмайды. Ал тұқымды себу кезiнде оның қасына
еңгізiлген тыңайтқышты өсiмдiк алғашқы көктеу дәуiрiнен бастап-ақ пайдаланады.
Тұқымды себу кезiнде тыңайтқыш берудi топырақта қоректiк заттар жеткiлiктi болғанда да қолданған жөн.
Мұндай жағдайда себiлген тұқым мен берiлген тыңайтқыш арасында топырақ қабаты қалады да тұқым тыңайтқышпен жанаспайды. Мұның өзi тұқымды тыңайтқыш тарапынан әсер ететiн зардаптан қорғайды.
Тұқымды себу кезiнде тыңайтқыш қолданудың тиiмдiлiгiн Қазақстанның әр түрлi аймақтарныда жүргiзiлген тәжiрибелердiң мәлiметтерiнен байқаймыз (72- кесте).
Тұқымды себу кезiнде суперфосфатты қатар аралығына бергенде, оның құрамындағы фосфордың пайдалану коэффицентi 2- 3 есе жоғарылайды.
Бұл шара аса пайдалы екен деп, қолданылатын тыңайтқыш мөлшерiн 30-40 килограмға дейiн көбейтуге болмайды, өйткенi көп мөлшерде берiлген тыңайтқыш көпшiлiк ауылшаруашылық дақылдарының жас көгiне зиян келтiредi және бұл тәсiлмен берiлген тыңайтқыш топырақтың тек қана тұқым себiлген тереңдiгiнде орналасады да өсiмдiк жетiле келе оның тамырлары терең кеткен соң, бұл тыңайтқышты толық пайдалана алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет