1. «Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбына қандай пәнді кіріктірген тиімді және оның жолдарын атаңыз


Тірі ағзалардың биохимиялық қызметіне талқылау жасап, макро және микроағзағалардағы биохимиялық процестерге анализ жасаңыз



бет36/37
Дата17.01.2023
өлшемі2.87 Mb.
#61620
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
2. Тірі ағзалардың биохимиялық қызметіне талқылау жасап, макро және микроағзағалардағы биохимиялық процестерге анализ жасаңыз.
Тірі ағзалардың биохимиялық қызметі қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және (өлген ағзалардың) ыдырауы мен шіруі кезінде байқалады. Бұл кезде элементтер атомдар түрінде бір орыннан екінші орынға ауысады. Кейде адамның іс-әрекетінің нәтижесінде, биосфераға тән емес әрі биосфераға зиянды әсер ететін зат айналымы байкалады. Мысалы, өнеркәсіп 
орындарынан, көліктерден улы қоспалар бөлініп ауаны ластайды. Ал қышқыл жаңбырдың да табиғатка зияны мол. Сондықтан да табиғатты мұндай ластанудан корғау шараларына ерекше мән беру кажет.



Билет №24



1. Жаратылыстану пәндерін оқыту процесінде орта білімді экологияландырудың бағыттарын атап, алғышарттарын схемалық түрде бейнелеңіз.

Жаратылыстану пәндері/ экологиялық проблема

Химия
Тақырып: көмірсутек көздері,
Қазба отын түрлері

Биология
Тақырып
Фотосинтез
Зат алмасу
Көмірсулар

География

Климаттық белдеулер



Ғаламдық жылыну

Көмірқышқыл газы мен судың шамадан тыс атмосферада көбеюі салдарынан болады, ол көмірсутектерді жағу кезінде түзіледі:
СН4 + 2 О2 = СО2 + 2 Н2О


С3Н8 + 5 О2 + 3 СО2 + 4 Н2О

Ғаламдық жылынуды тоқтату үшін Бірінші кезекте, кез келген жасыл өсімдікті қатты қажет болмаса жоюға болмайды. Әрбір жапырақ, әрбір тірі жасыл өсімдік жасушасы көмірқышқыл газын «сіңіруші» болып табылады: 6CO2+6H2O=C6H12O6+6O2 болсын. Жапырақ беті өзіне қонатын шаңды және басқа қатты бөлшектерді жинайды.

Көмірқышқыл газының шамадан тыс көбеюі атмосфераның төм.қабатындағы температураны +33С -та ұстайды, нәтижесінде мұздықтар еріп, құрғақ жерлер азаяды, қышқыл жаңбырлардың жауып, судың сапасы төмндейді, климат өзгереді



2. Ғылыми-техникалық прогресс, қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық өзгерістер табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына соқтыру көріністеріне нақты мысалдар келтіріп, химия-экологиялық апаттарды анықтаңыз.
Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Осы калдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі. Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа косындылар түзеді. 
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы (80з) коксохимия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт кышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді. және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық-түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды,жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жақканда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда; адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын закымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады.
Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының калдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мумкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет