1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері



жүктеу 1.21 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата22.12.2016
өлшемі1.21 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Әмір  Темір  жорықтары.  Әмір  Темірдің  өмірі  мен  қызметі  жөніндегі  деректер  мен 

зерттеулер.  ХІҮ  ғ  ортасындағы  Мауреннахрдың  ішкі  саяси  жағдайы.  Әмір  Темірдің  билікке 

келуі  (1370-1405),  оны  қолдаған  саяси  күштер  мен  топтар.  Әмір  Темірдің  Мауреннахрда  бір 

орталыққа  бағынған  мемлекет  құру  саясаты.  Моғолстан,  Хорезм,  Индияға  жорықтары.  Ақ 

Ордамен  күрес.  Алтын  Орда  ханы  Тоқтамыс  әскерімен  (1391,  1395),  түрік  сұлтаны  Баязид 

әскерімен  Анкара  түбіндегі  (1402)  шайқастары,  олардың  түркі  халықтары  үшін  трагедиялық 

зардаптары.  Әмір  Темірдің  қайтыс  болуы.  Әмір  Темірдің  Түркістан  тарихында  алатын  орны. 

Мұхаммед Шайбани ханның Орта Азияны жаулап алуы. Орта Азиядағы Шайбанилер әулетінің 

билігі.  Әмір  Темір  және  оның  мұрагері  тұсындағы  мәдениет.  Қожа  Ахмет  Яссауи  кесенесінің 

салынуы. Қала мәдениеті. Ұлұқбек мырза. Захараддин Бабыр. Әлішер Науаи және түркі тіліндегі 



әдебиеттің  дамуы.  Әмір  Темірдің  Қожа  Ахмет  Иассауи  кесенесін  салдыруы.  ХҮІ  ғасырда 

исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар. Жошы хан кесенесі. 



Сібір  хандығы  (ХҮ  ғ.  соңы  –  ХҮІ  ғ.).  Сібір  хандығының  құрылуы,  оның  ішкі  және 

сыртқы  саяси  тарихы.  Территориясы,  этникалық  құрамы,  шаруашылығы.  Сібір  хандығының 

құлауы. 

2.3.

 

Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. 

Этногенез  мәселесі.  Этникалық  процесс  туралы  түсінік.  Этникалық  процеске  қажет 

негізгі шарттар: территория, экономика, тіл және мәдениет ортақтығы. "Қазақ" атауының алғаш 

жазба  деректерде  қолданылуы.  Қазақстан  территориясындағы  этникалық  процестің  кезеңдері. 

Сақ-үйсін дәуіріндегі этникалық процестер. Мәдениеттегі  ортақ негіздердің қалыптасуы. Түркі 

қағанаттары дәуіріндегі этникалық процестер. Мәдениеттегі ортақ негіздердің одан нығая түсуі. 

Өзін-өзі  тану  процесі.  Қыпшақ  дәуіріндегі  этникалық  процестер.  Саяси-территориялық  ұғым 

және оның этно-генетикалық процесте алар орны. 

Алтын  Орда,  Ақ  Орда,  Моғолстан  және  Әбілхайыр  хандығы  тұсындағы  этникалық 

процестер.  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  қазақ  халқының  қалыптасуы  және  Керей  мен  Жәнібек 

хандар  ұлысына  қазақ  этнонимінің  орнығуы  жөнінде.  Дешті  Қыпшақ  тайпаларына  қазақ 

этнонимінің  таралуы.  ХҮ-ХҮІ  ғғ.  ұзақ  ғасырларға  созылған  қазақ  халқының  және  оның 

этникалық территориясының қалыптасуының аяқталуы. 

 

2.4. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Қазақ хандығы 



Қазақ хандығының құрылуы (1465-66 жж.). Қазақ хандығы құрылуы туралы жөніндегі 

жазба  деректер,  тарихи  аңыз-әңгімелер.  М.Дулати  “Тарихи  Рашиди”.  Қазақ  хандығының 

құрылуының  алғышарттары.  Қазақ  хандығының  алғашқы  құрылған  жері.  Жәнібек,  Керей 

хандармен  бірігіп  көшкен  ру-тайпалардың  алғашқы  атауы.  ХҮ  ғ  ортасындағы  Әбілхайыр 

Ұлысы  және  оның  Моғолстанмен  ара-қатынасы.  Керей  мен  Жәнібек  хандардың  Шу  бойына 

көшіп  келуі.  Қазақ  хандығының  құрылуы,  оның  күшейе  бастауы.  Есен-Бұғы  ханның  қайтыс 

болуы.  Жүніс  хан.  Әбілхайыр  ханның  Қазақ  хандығына  жорығы.  Қазақ  хандығының  Дешті 

Қыпшақ  үшін  күресі.  Жәнібек  хан.  Дешті  Қыпшақта  Қазақ  хандары  билігінің  орнауы.  Қазақ 

хандығының  құрылуының  тарихи  маңызы.  Сыр  бойы.  Тарихи-географиялық  сипаттама.  Сыр 

бойы  –  дәстүрлі  өркениет  ошағы.  Сыр  бойы  қалаларының  қазақ  қоғамының  саяси-әкімшілік, 

экономикалық,  әскери-стратегиялық  және  діни-мәдени  өміріндегі  орны.  Сыр  бойының  қысқы 

жайылым мен қыстау ретіндегі маңызы. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін күресінің басталуы, 

оның  кезеңдері.  Бұрындық  хан.  ХҮ  ғ.  90-шы  жж.  шиеліністі  жағдайлар  және  1495/96  жж. 

келісімдер. 



Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында Қазақ хандығының күш-қуатының артуы. Сыр 

бойы  үшін  жүрген  күреске  қатысуы.  Мұхаммед  Шайбани  Орта  Азия  жерiнде  мемлекеттiң 

негiзiн қалап, XV ғ. бас кезiнде алғашқы қазақ хандарымен Сырдария маңындағы қалалар үшiн 

ұзақ  уақыт  күрес  жүргiзуі.  Қазақ  халқы  санының  1  млн.  адамға  жетуі.  Шайбани  ханға  қарсы 

күрес. Қасым хан тұсында Сыр бойы мен Жетісудың Қазақ хандығына өтуі, оның маңызы. ХҮІ 

ғ.  басындағы  Моғол  және  Мауреннахр  билеушілерімен  арадағы  қатынас.  Еділ  мен  Жайық 

аралағының  Қазақ  хандығына  өтуі.  Орыс  мемлекетімен  қарым-қатынасты  орнату.  Третьяк 

Чебуков  басқарған  орыс  елшілігі.  Қасым  ханның  «Қасқа  жолы».  Оның  қызметі  туралы 

мәліметтер. Степанов басқарған орыс елшілігінің Тәуекел ханға келуі.  

ХҮІ-ХҮІІІ  ғғ.  30-шы  жылдары  аралығындағы  Қазақ  хандығы.  Қазақ  хандығының 

Қасым  хан  билігінен  кейінгі  саяси  жағдайы.  Мамаш  хан  (1518-1523).  Тахир  хан  билігі  (1523-

1533). Хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Бұйдаш хан (1533-1534). Мауреннахр және 

Моғолстанмен  ара-қатынасы.  Моғолстан  ханы  Абд  ар-Рашид  әскерінің  1537  жылғы  Қазақ 

хандығына жорығы. Бұйдаш хан әскерінің жеңіліске ұшырауы. Хақназар хан (1538-1580). Қазақ 

хандығының  қайта  өрлеуі.  Мауреннахрмен  және  Ноғай  ордасымен  арадағы  қатынас.  Орыс 

патшалығымен  байланыстың  қалыптаса  бастауы.  1574  ж.  30  мамырдағы  ағайынды 

Страгоновтарға берілген Иван Грозныйдың грамотасының мәні. Хақназар ханның өлімі.  



Шығай  ханның  (1580-1582)  билігі.  Билікке  Тәуекел  ханның  (1586-1598)  келуі. 

Мауреннахр  билеушісі  Абдолла  ІІ-мен  қатынасы.  Сібір  хандығымен  байланысы.  Қазақ 

елшілігінің  Москваға  баруы  (1594).  Оның  мақсаты.  Тәуекел  ханның  1598  ж.  Мауреннахрға 

жорығы,  оның  қорытындылары.  Абдаллах  хан  әскерінің  талқандалған  жері.  Ташкенттің  200 

жылға Қазақ хандығына берілуі. 

Есім  ханның  (1598-1628)  билікке  келуі.  Есім  хан  мен  Тұрсын  хан  арасындағы 

қайшылықтар.  Тұрсын  ханның  өзін  Ташкент  билеушісі  жариялауы.  Есім  ханның  Шығыс 

Түркістанның ішкі өміріне араласуы. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы күрестің шиеленісуі. 

Тұрсын  ханмен  күресте  қазақ  ханы  Есімге  қырғыздардың  қолдау  көрсетуі.  Тұрсын  ханның 

өлімі.  Есім  ханның  қайтыс  болуы.  Есім  хан  мен  Рабиға  бегімнің  кесенелері  орналасқан  қала. 

Салқам  Жәңгір  ханның  билікке  келуі.  Қазақ  хандығының  ішкі  және  сыртқы  саяси  жағдайы. 

Жоңғарларға  қарсы  күресте  Жалаңтөс  баһадүрдің  Жәңгір  ханға  көмегі.  1613  жылы  өзін 

Ташкент қаласының билеушісі деп жариялап, өз атынан ақша шығарған хан. 



Тәуке ханның (1680-1718 жж.) билікке келуі. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының ішкі 

саяси  өміріндегі  өзгерістер.  Батырлар  мен  билердің  рөлі.  Хандық  Кеңес.  «Жеті  жарғы»  заңы. 

Жеті  Жарғы”  заңдар  жинағын  құрастыруға  қатысқан  атақты  билер.  Харадж,  соғым,  сауын, 

бадж, зекет салықтары.  Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы. Сібірге 

барған  бес  елшілік.  Тобыл  қаласына  барған  Тәшім  батыр  елшілігі.  Қазақ-орыс,  қазақ-жоңғар 

қатынасы.  ХҮІІІ  ғасырдың  бірінші  ширегінде  жоңғар  билеушілерінің  стратегиялық  мақсаты. 

1710  жылы  Қарақұмда  үш  Жүз  өкілдері  жоңғарларға  қарсы  күшті  жұмылдыру  мәселесін 

қарастыруы. Бөгенбай батыр қазақ жасағының қолбасшысы. Тәуке ханның қайтыс болуы, қазақ 

қоғамында  феодалдық  бытыраңқылықтың  етек  алуы.  Қазақ  жеріне  шапқыншылық  барысында 

қатыгездік  танытқан  жоңғар  билеушісі.  1718  жылы  Аягөз  бойында  қазақ  сарбаздарының 

жоңғарлардан  жеңілу  себебі.  Жоңғарлардың  1723  жылғы  басқыншылығы.  «Ақтабан 

шұбырынды» оқиғалары. Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларымен күресі. 1723 ж. қыркүйек 

айында  Әбілхайыр  ханның  Еділ  қалмақтарына  қарсы  жорығының  мақсаты.  1726-жылы 

Ордабасыдағы  Құрылтайда  Бүкілқазақ  жасағының  бас  қолбасшысы  болып  Әбілқайырдың 

сайлануы. Біріккен қазақ жасақтарының жоңғарларға ойсырата соққы берген жері. 1726-жылғы 

Бұланты  өзені  бойындағы  «Қалмақ  қырылған»  шайқасы.  1729-жылғы  «Аңырақай»  шайқасы, 

олардың тарихи маңызы.  

 

2.5. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мәдениеті. 

Қазақ халқының этникалық құрамы. Қазақ халқының ұранына айналған, «қазақ» атауын 

білдіретін сөз. Жүздік бөлінудің алғаш рет жазба мәліметтерде көрінуі. Қазақ жүздері мен оларға 

тән тайпалар. Жүздердің территориясы. Жүздердің шығуы туралы мәселе.  "Төлеңгіттер".  ХҮІ-

ХҮІІІ  ғғ  қазақ  қоғамының  әлеуметтік  құрылымы.  Ақсүйектер  тобы:  хандар,  сұлтандар  және 

төрелер,  олардың  қазақ  қоғамындағы  орны.  Билер,  батырлар,  байлар,  қожалар  мен  ишандар, 

оларға сипаттама. Қарапайым халық: шаруалар, кедейлер, жатақтар. 

Қазақ  халқының  тіршілік  көзі  –  мал  шаруалығы.  Қазақ  даласының  климаттық  және 

топырақтық  ерекшеліктері  –  көшпелі  шаруашылық  негізі.  Көшіп-қону  ауқымы  мен 

бағыттарының  табиғат  өзгерістерінен  тәуелділігі.  Егіншілік,  оның  дамыған  аймақтары. 

Суландыру жүйесі, дәнді-дақыл түрлері. Қолөнер. Сауда және айырбас. 

Қазақ  қоғамындағы  феодалдық  қатынастардың  ерекшеліктері  жөніндегі  пікірталастар. 

Меншік мәселесі. Жерге, жайылымдарға, қыстауларға меншік түрлері. Малға меншік. 

ХҮІ-ХҮІІІ  ғғ.  мәдениет.  ХҮІ-ХҮІІІ  ғғ.  Қазақстандағы  қалалық  аймақтар.  Қалалардың 

атқарған  ролі  мен  маңызы.  Сыр  бойы  қалалары:  1513  жылғы  Сығанақ  (Көк  кесене),  Сауран, 

Түркістан,  Отырар,  Сайрам.  Ташкент  қаласындағы  «Көкемнің  көк  күмбезі»  ескерткіші. 

Қалалардың ішкі құрылымы. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. қалалардың құлдырауы және оның себептері. 

Қалалар мен қоныстардағы құрылыстар. Мал шаруашылығына қатысты еңбек құралдары 

және олардың түрлері. Егіншілікке қатысты еңбек құралдары. Әскери қару-жарақтар. Қолөнер, 

кәсіпшілік, тігіншілік. 


Халықтың рухани мәдениеті. Күнделікті өмірдегі салт-дәстүрлер. Наурыз мерекесі. Діни 

және  басқа  халықтық  мейрамдар.  Көшпелі  және  отырықшы  тұрмысқа  тән  әдет-ғұрыптар. 

Көшпелі  және  отырықшы  тұрмысқа  тән  әдет-ғұрыптар,  дәстүрлер,  олардың  ерекшеліктері. 

Халықтың наным-сенімдері. 

ХҮ-ХҮІІІ  ғғ.  ақын-жыраулар:  Асан  Қайғы,  Шалкиіз,  Қазтуған,  Доспамбет,  Жиембет, 

Марғасқа,  Ақтамберді,  Бұқар.  Олардың  мұраларындағы  негізгі  идея.  Тәуке  мен  Абылай 

хандардың кеңесшісі болған қазақ жырауы.  

 

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

Негізгі: 

1.

 

Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з. 275840 жылдары). 2- кітап 



Алматы, 2006. 

2.

 



Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. - Алматы: Дайк Пресс 2005. – Т.2. 

3.

 



Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди (Хақ жолындағылар тарихы). – Алматы. 2003.  – 616 б. 

4.

 



 Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 4- томдық Т.1. Алматы: 

Атамұра, 1996. 

5.

 

Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 4- томдық Т.2. Алматы: 



Атамұра, 1998. 

Қосымша: 

1.

 

Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. Алматы , 2001. 



2.

 

Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы Евразийских степей. 



Древность и средневековье. – СПб., 2004. 

3.

 



Крадин Н.Н. Кочевники Евразий. – Алматы : Дайк-Пресс, 2007. 

4.

 



Қазақ ру - тайпаларының тарихы ХII том. Қаңлы.- Алматы: «Алаш» тарихи -

зерттеулер орталығы, 2009. 

5.

 

Нуртазина Н.Д. Ислам в истории средневекового Казахстана. Алматы, 2000. 



6.

 

Қинаятұлы З. Моңғо үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары: ІХ- ХІІ ғасыр. 



Астана, 2001. 

7.

 



Тулбаев Ж.М. Песоязычные источники по истории казахов и Казахстана вв. Астана, 

2006. 


8.

 

Жолдасбеков М., Сартқожа Қ. Орхон ескерткіштерінің толық атласы. - Астана, 2007. 



9.

 

История татар с древнейших времен. В семи томах. Т.3: Улус Джучи (Золотая Орда) 



XIII - середина XV в. – Казань,2009.    

10.


 

 Омарбеков Т.О., Омарбеков Ш. Қазақ тарихы мен тарихнамасына ұлттық көзқарас.- 

Алматы, 2004.  

 

 ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН  



3.1. Қазақстанда отаршылдық кезеңнің басталуы. 

Жоңғар  шапқыншылығынан  кейінгі  қазақ  жүздерінің  жағдайы.  1697  жылғы  Галдан 

Бошоктың билік басына келуі.  ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үшін Қазақстанның 

мәні.  І  Петр  патшаның  «Шығыс  саясаты»  жүйесіндегі  Қазақстан.  Қазақстанның  Ресейге 

бодандыққа өтуінің басталуы. Бухгольц экспедициясы ( Ямышевск бекінісі  – 1 қазан 1715 ж., 

Омбы  бекінісі  –  20  мамыр  1716  ж.),  А.Бекович–Черкасскийдің,  П.Северскийдің  (Железинск 

бекінісі – 1717 ж.), И.М.Лихаревтің (Өскемен бекінісі – 1720 ж.) экспедициялары. Кіші жүздің 

ханы  Әбілхайырдың  Ресей  патшалығымен  дипломатиялық  келіссөздері.  1723  жылғы 

қыркүйектегі  Әбілхайыр  ханның  Еділ  қалмақтарына  жорығы.  1726  ж.  Күздегі  Әбілхайыр, 

Сәмеке  ханжардың,  Есім,  Барақ  сұлтандар  басқарған  қазақ  жасақтарының  Лобжы  Назаров 

тайшы  билейтін  қалмақ  ұлысына  жорығы.  Құтлымбет  Қоштайұлының  бастауымен  елшілерін 

Кіші  жүзді  империя  құрамына  қабылдау  туралы  ұсынысымен  Ресейге  жіберуі.  Императрица 

Анна  Иоановна  Кіші  Жүзді  Ресей  империясының  құрамына  қабылдау  туралы  грамотаға  қол 

қоюы. А.И.Тевкелевтің елшілігі. Әр түрлі саяси топтардың Тевкелев елшілігіне қатынасы. Кіші 

жүз  (1731  ж.)  және  Орта  жүз  (1734  ж.)  қазақтарының  Ресей  бодандығын  қабылдауы. 


И.И.Неплюев.  Кирилов  бастаған  Орынбор  экспедициясының  мақсаты.  Ор  бекінісінің 

құрлысының басталуы. 1749 жылы Петербург сарайындағылардың Нұралыны Кіші жүздің ханы 

етіп бекітуі. 

Әбілхайыр  ханның  отарлаушы  әкімшілікпен  қарым-қатынасының  шиеленісуі.  Кіші 

Жүздің  Ресей  империясының  құрамына  қосылуына  қарсы  болған  қазақ  сұлтаны  Барақтың 

Әбілхайыр  ханды  өлтіруі,  оның  саяси  астары.  Қазақстандағы  саяси  жағдайдың    өзгеруі. 

Патшалық  Ресейдің  отарлау  шараларына  кірісуі.  Линиялық  бекіністер  мен    қалалардың 

салынуы.  Жайық,  Железинск,  Өскемен  Ор  т.б.  бекіністері.  1640  жылы  салынған  бекініс. 

Отарлау ісіндегі казак (казачество) әскерлерінің рөлі. Қазақтардың шаруашылық тәуелсіздігіне 

шектеуліктердің  қойыла  бастауы.  Отаршыл  әкімшіліктің  ХҮІІІ  ғасырдың  ортасы  мен  екінші 

жартысындағы саясаты. Императрица Елизаветаның қазақтарға Жайық өзенінің оң жағында мал 

жаюға тыйым салу туралы жарлығы.  

Цин  империясының  жоңғарларды  «тыныштандыру  саясаты».  1758  ж.  Жоңғар 

хандығының  жойылуы.  1756  ж.  Цинь  әскерінің  қазақ  даласына  жорығы.  Абылай  хандығы 



(1771-1781  жж.).  Абылай  ханның  біртұтас  қазақ  мемлекеттігін  құру  әрекеті.  Абылай  ханның 

Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы. Екатерина ІІ Абылай ханды қазақ жерлерінің 

Орта  Жүздің  ханы  ретінде  тануы.  1756  жылы  Абылай  сұлтанның  Қытай  қай  мемлекетіне 

бодандыққа  анты.  1740  жылғы  Орта  жүз  ханы  Әбілмамбет  пен  Абылай  сұлтанның  Ресей 

империясына  адалдығы  жөніндегі  ант  беруі.  Битва  1750  жылғы  қазақ  пен  жоңғар  арасындағы 

Аяқ  дегент  жердегі  шайқасы.  Абылай  ханның  өлімінен  кейінгі  Қазақ  хандығындағы  саяси 

дағдарыс.  Қырғызстан мен Орта Азия хандықтарына жасаған жорықтары. Қазақтардың Шығыс 

Түркістанға қоныстауы. 

Кіші  жүзде  хандық  биліктің  дағдарысқа  ұшырауы  (ХҮІІІ  ғ.  ІІ-жартысы).  Кіші  жүз 

қазақтарының  Е.И.Пугачев  бастаған  шаруалар  көтерілісіне  қатысуы.  1773  ж.  5  қазандағы 

Орынбор  қаласын  қоршау.    И.Пугачев  бастаған  көтерілістен  кейін  Қазақстандағы  «Көрінбес 

қозғалысы»  (партизан  қозғалысы).  Патшалық  Ресейдің  Қазақстан  территориясындағы  жазалау 

шаралары. 

Батыс Қазақстан өңіріндегі Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық 

көтерілісі  (1783-1797  жж.).  Көтерілістің  себептері,  басталуы,  барысы  және  сипаты.  1783–1797 

ж.ж. көтерілісшілердің қойған негізгі талаптары. 1785 жылғы Кіші жүз старшиндарының сиезі. 

Кіші  жүздегі  хандық  билікті  жоюға талпыныс.  Игельстром  реформасы  және оның  нәтижелері. 

Нұралы  ханның  биліктен  кетуі.  Көтерілістің  жаңа  кезеңі,  салдары.  Сырым  Датұлы  бастаған 

көтерілістің басты нәтижесі. 

 

3.2. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айрылуы. Ұлт-азаттық көтерілістер. 

1816 жылғы Орта жүздегі хандық биліктің жойылуының себептері. 1810-1866 жж. Қоқан, 

Хиуа  және  Бұхар  хандықтарының  экспансиясы.  1820  ж.  2000  қазақ  ауылын  Мұхаммед 

Рақымның  тонауы.  1822  ж.  Сперанскийдің  «Сібір  қырғыздары  туралы  Жарғысы»  және    Орта 

жүзде  хан  билікті  әлсірету  мақсатындағы  патша  үкіметінің  шаралары.  Орта  жүздегі  хандық 

биліктің жойылуы. Орта Жүзді басқару орталығы. "1822 ж. Сібір қырғыздары туралы  Жарғыға" 

сәйкес  территориялық-әкімшілік  өзгерістер.  Округтердің  құрылуы.  Сұлтандар  жағдайы 

(мұрагерлік  қызмет,  дворяндық  титул).  Сот  жүйесіндегі  өзгерістер.  Дәстүрлі  билер  сотындағы 

өзгерістер. Салық саясаты.  

1824 ж. Эссеннің  «Орынбор қырғыздары туралы Жарғысы».  Орынбор өлкесінің әскери 

губернаторы Перовский (1833 ж.). 1824 жылғы «Орынбор қырғыздарының Жарғысы» бойынша 

Кіші  жүзде хандық биліктің жойылуы және  территориясының  үш  бөлікке  бөлінуі.  1831  жылы 

дистанциялық  жүйенің  енгізілуі.  Кіші  Жүзді  басқарудың  орталығы.  Орынбор  генерал-

губернаторының  қызметтік  лауазымдарды  тағайындауы.  Отаршыл  әкімшіліктің  Қазақстанның 

ішкі  аудандарына  тереңірек  енуі  және  оның  қазақтардың  дәстүрлі  шаруашылығына  әсері. 

Егіншілік  жағдайы.  Қолөнер  өндірісі.  Көрші  елдермен  сауда  қатынасы.  Жәрмеңкелер. 

Қазақстанды  Ресей  өнеркәсібінің  шикізат  қорына  айналдырудың  басталуы.  Отаршыл 



әкімшіліктің салықтар мен міндеткерліктерді енгізуі. Орта Азия хандықтарының Қазақстанның 

Оңтүстік аудандарына шапқыншылығы. Қоқан және Хиуа әскерлерінің қанды жорықтары. Қазақ 

ауылдарына әртүрлі салықтардың (зекет және харадж) жүктелуі. 

1801  жылы  Еділ  мен  Жайық  аралығында  Ішкі  Бөкей  хандығының  құрылуы,  оның 

экономикалық,  саяси  және  әлеуметтік  жағдайы.  1824  ж.  26  маусымдағы  Жәңгір  ханның  хан 

көтерілуі.  1827  ж.  Нарын  құмындағы  Жасқұс  мекеніндегі  Жәңір  ханның  ордасының  салынуы. 

Жәңгір ханның (1823-1845 жж) ішкі және сыртқы саясаты. Қазақстан жерінде алғаш  мектептің 

ашылуы және қазақтардың отырықшылыққа тартылуы. Жәңгір ханның жер саясаты және Ішкі 

(Бөкей)  Ордадасынғы  1836  –  1838  жылдардағы  шаруалар  көтерілісі.  Көтеріліс  қолбасшылары 

Исатай  Тайманұлы  және  Махамбет  Өтемісұлы.  Хан  Ордасын  қоршауға  алу.  Көтерілістің 

ерекшелігі. Тастөбе мекені мен Ақбұлақ өзені маңындағы ұрыстар. 12 шілді 1838 ж. Ақбұлақ пен 

Қиыл өзендерінің арасындағы  Исатайдың қаза болуы. Көтерілістің жеңіліс табуы және тарихи 

маңызы. Ішкі (Бөкей) Ордасының Ордадағы хандық билік жойылуы. 

Тентектөре,  Қаратай,  Арынғазы,  Саржан  сұлтандардың  және  Жоламан  Тіленішұлының 

отарлық тәртіптің орнығуына қарсы бас көтерулері. 

Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық  көтеріліс  (1837-1847  жж.).  Мақсаты, 

негізгі  кезеңдері,  ауқымы  мен  сипаты.  1838  жылғы  соғыс  қимылдарының  кең  құлаш  жаюы. 

Кенесары  хан  сарбаздарының  патша  жазалаушы  отрядымен  қарулы  қақтығыстары.  Ақмола 

приказы  үшін  күрес.  Кенесары  ханның  өзін  қолдамаған  сұлтандарға  қарсы  жорықтары. 

Кенесары ханның  Кіші  жүз  және  Орта  жүз  қазақтарын  біріктіру  әрекеттері.  Көтерілістің бүкіл 

Қазақстан территориясын қамтуы. Кенесары сұлтанның хан болып сайлануы. Кенесары ханның 

қазақ  мемлекеттігін  қайта  құруға  бағытталған  қызметі.  Хандықтың  ішкі  құрылысы.  Кенесары 

хан қолына қарсы  патша жазалаушы экспедицияларының аттануы. Кенесары ханның Орталық 

Қазақстан жерінен қоныс аударуы. 

Кенесары  хан  әскерінің  қоқандықтармен  соғысы.  Кене  ханның  Бұқара  және  Хиуа 

хандықтарымен  қарым-қатынасы.  Ресейдің  Түркістанды  жаулап  алуын  тоқтату  үшін,  Кене 

ханның қырғыз және қазақ халықтарын біріктіру жолындағы қимылдары. Бұл әрекеттердің іске 

аспай,  қырғыздармен  соғысуы.  Кене  ханның  өлімі.  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық 

көтерілістің тарихи маңызы. 

Ұлы жүз қазақтарының Қоқандықтарға қарсы көтерілісі. Хиуа және Қоқан билігіне қарсы 

Жанқожа  Нұрмұхаммедұлы  бастаған  көтеріліс  (1856-1857  жж.).  9  қаңтар  1857  ж.  Арықбалық 

мекеніндегі шайқас. Патша билігіне қарсы Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс (1857-1858 жж.).  

Патшалық  Ресейдің  Оңтүстік  Қазақстанды  жаулап  алуды  аяқтауды  көздеген  әскери 

қимылдары. Орыс әскерлерінің Меркі, Әулиеата, Ақмешіт (1853), Шымкент және Түркістанды 

басып  алуы  (1864).  1860  ж.  Қоқан  мен  Ресей  арасындағы  Ұзынағаш  шайқасы.  Сібір  және 

Сырдария  әскери  шептерінің  тоғысуы.  Верный  әскери  бекінісінің  негізінің  қалануы  (1854), 

Ташкент қаласының алынуы (1865). Жаңа әскери бекіністердің салынуы. Орынбор әскери округі 

(1864  ж.)  және  Түркістан  әскери  округінің  (1867  ж.)  құрылуы.  Ресейдің  Қазақстанды  жаулап 

алуының аяқталуы. 

 

3.3. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан 

Қазақстанды басқарудың әкімшілік-территориялық және сот реформалары.   1867 

жылы  11-ші  шілдеде  бекітілген  «Сырдария  мен  Жетісу  облыстарын  басқару  туралы 

ереже». 1868 жылы 21-ші қазанда бекітілген «Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару 

туралы  уақытша  ереже».  Қазақстан  территориясының  3  генерал-губернаторлыққа 

біріктіріліп  басқарылуы.  Генерал-губернаторлықтардың  орталықтары.  Уақытша  Ережеге 

байланысты  қазақ  жерлері  Ресей  империясының  меншігі.  1867-1868  жылдардағы  реформа 

бойынша  Бөкей  ордасының  Астрахань  губернаторлығына  енгізілуі.  1867-1868  жылдардағы 

реформа  бойынша  қазақтардың  әкімшілік-орталық  аппарат  жүйелерінде  қызметінің  шектелуі. 

Реформа  бойынша  сот  және  салық  жүйесіндегі  өзгерістер.  1867-1868  жылдардағы  патша 

үкіметінің  әкімшілік-территориялық  реформаларының  енгізілуіне  байланысты  туған  ұлт-



азаттық  көтерілістер  (1870-1873  жж.).  1886  жылғы  «Түркістан  өлкесін  басқару  жөніндегі 

Ереже», 1891 жылғы «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі 

Ереже». Аталған облыстар құрамына енген уездер. Дала генерал-губернаторлығының құрылуы. 

ХІХ  ғасырдың  соңындағы  қазақ  жерінің  территориялық-әкімшілік  құрылымы.  1886  және  1891 

жылғы  Ережелерге  байланысты  барлық  буындағы  отаршыл-әкімшілік  жүйенің  одан  әрі  жетіле 

түсуі.  Көшпелі  және  отырықшы  тұрмыстағы  халыққа  белгіленген  алым-салық  пен 

міндеткерліктер. Сот жүйесіндегі өзгерістер. Жалпы империялық сот позициясының нығая түсуі. 


Каталог: downloads -> magistratura
magistratura -> 6М020800-Археология және этнология мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтиханның бағалау өлшемдері
downloads -> " бекітемін" апта күнде уақыты
magistratura -> Математикалық анализ
magistratura -> ТҮсінік хат бағдарламаның мақсаты
magistratura -> Білім беру бағдарламасы Негізгі тақырыптардың қысқаша мазмұны Ботаника
magistratura -> Философиялық білім ерекшеліктері. Философияның мифологиямен, өнермен, дінмен және ғылыммен қатынасы
magistratura -> 6D020800-Археология және этнология мамандығы бойынша PhD докторантураға түсуге арналған емтиханның бағалау өлшемдері
magistratura -> Бағдарламасы «Биоалуантүрлілік»
magistratura -> Нүкте қозғалысының берілу әдістері. Нүктенің жылдамдығы мен үдеуі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет