1 Эндокриндік (endo-ішкі, crino-бөлемін) немесе ішкі секреция бездері деп



Дата18.04.2022
өлшемі25 Kb.
#31410

1 Эндокриндік (endo-ішкі, crino-бөлемін) немесе ішкі секреция бездері деп

шығарушы түтігі жоқ және секрет немесе экскреттері терінің бетіне немесе шырышты қабықтардың бетіне құйылатын сыртқы секреция бездеріне қарама-қарсы өз секретін тікелей қанайналым жүйесіне бөлетін бездерді айтады.

ЖАЛПЫ АНАТОМО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ:

ў Жекелеген эндокриндік бездердің бірінен бірінің пішіні, көлемі және орналасуы жағынан айырмашылықтары болғанымен, олардың бірқатар ортақ анатомиялық физиологиялық қасиеттері бар. Секреттері қанайналым жүйесіне бөлінетіндіктен, эндокриндік бездердің кең дамыған қантамырлар торы болады. Бұл қантамырлар безді әр бағытқа торлап, сыртқы секреция бездерінің түтіктері сияқты роль атқарады. Тамырлар айналасында секретін қанға бөлетін без жасушалары орналасады.

ў Қантамырларына бай болуымен қатар, капилляр тобы тым әркелкі кеңейген капиллярлардан, синусоидтардан тұрады. Олардың эндотелий қабырғасы тікелей аралық дәнекер тінсіз бездің эпителий жасушаларына жанасып жатады.

ў Эндокригдік бездердің өнімдері жалпылама инкреттер немесе гормондар деп аталады. Секрет ретінде шығатын зат ағзаға немесе тінге тікелей әсер етеді, оның ағзада жоғалып кетуі қоректенуді бұзады. Қанда аз мөлшерде болатынына қармастан, гормондардың физиологиялық әсері өте күшті.

ДАМУЫ:

ўЭндокриндік бездер эмбриологиялық жағынан түрлі текті болып келеді. Бұл жағынан тіпті бір бездің жекелеген бөліктерінің айырмашылықтары болуы мүмкін. Эктодермадан гипофиз, эпифиз, бүйрекүсті безінің милы заты және хромаффинді мүшелер дамиды. Энтодермадан қалқанша, қалқанша жанындағы, айырша бездер мен ұйқы безінің инсулярлық аппараты дамиды. Мезодермадан бүйрекүсті безінің қыртыс заты мен жыныс ағзаларының эндокриндік бездері дамиды.



ЭНДОКРИНДІК БЕЗДЕР:

ўҚалқанша безі;

ўҚалқанша маңы безі;

ўАйырша без;

ўГипофиз;

ўЭпифиз;


ўБүйрекүсті безі

ўҰйқы безі;

ўЖыныс бездері.

ҚАЛҚАНША БЕЗІ:

ў Қалқанша безі, glandula thyroidea, ересек адамдағы ішкі секреция бездерінің ең ірісі, мойында кеңірдектің алды мен ішінара қалқанша шеміршекке жанаса көлденең көмейдің бүйір беттерінде орналасады. Екі бүйір үлестері, lobi dexter et sinister, төменгі шеттерінде жақын жерлерінде бүйір үлестерін өзара қосатын қылтадан, isthmus, тұрады. Қылтадан жоғары қарай lobus pyramidalis деп аталатын жіңішке өсінді шығады,ол тіласты сүйегіне дейін созылады. Бүйір үлестері жоғары бөлімімен қалқанша шеміршектің сыртқы бетіне еніп, оның төменгі мүйізі мен жақын жатқан бөлігін жабады, төменгі жағында бүйір үлестері кеңірдектің 5-6 сақинасына дейін жетеді. Қылтаның артқы беті кеңірдектің 2-ші және 3-ші сақинасына жанасып жатады, кейде оның жоғарғы жиегі жүзіктәрізді шеміршекке жетеді.

ҚЫЗМЕТІ:


ўБез көлденеңінде 50-60мм, алдыңғы-артқы бағытта бүйір үлестері аймағында 18-20мм, қылта деңгейінде 6-8мм, массасы шамамен 30-40гр.

ўБездің ағза үшін маңызы зор. Ол іштен туа дамыған ақауларымен болса бала микседема және кретинизм ауруларына шалдығады. Тіндердің, атап айтқанда сүйек жүйесі тіндерінің дұрыс дамуы, зат алмасу, нерв жүйесінің қызметі және тағы басқа без гормонына байланысты. Кейбір жерлерде без қызметінің бұзылуы эндемиялық зоб ауруын тудырады. Без өндіретін тирокальцитонин кальций мөлшерін реттейді. Қалқанша без гиперсекрециясы кезінде Базедов ауруы деп аталатын симптомокомлекс байқалады.

[22:58, 18.03.2022] Илесбек Айнур: ҚАЛҚАНША МАҢЫНДАҒЫ БЕЗДЕР:

ўҚалқанша маңындағы бездері, glandula parahyroidea, саны 4 (екі жоғарғы, екі төменгі), қалқанша безінің бүйір бөліктерінің артқы бетінде орналасқан кішкене денешіктер болып табылады. Олардың орташа шамалары: ұзындығы 6мм, ені 4мм, қалыңдығы 2мм.

ўҚызметі: Организмде кальций мен фофор алмасуын реттейді. Бездерді алып тастаған жағдайда,сіреспе тартылу әсерінен адам өлі кетуі мүмкін.

АЙЫРША БЕЗ:

ў Айырша без, thymus кеуде қуысының жоғарғы алдыңғы бөлігінде төстің тұтқасы мен денесі бөлігінің артында орналасқан. Ол бір- бірімен борпылдақ дәнекер тін арқылы қосылған екі үлестен-lobus dexter мен lobus sinister тұрады. Үлестердің жоғарғы, енсіз шеттері әдетте кеуде қуысы шегінен асып,төс тұтқасының жоғарғы жиегі үстінен шығыңқырап, кейде қалқанша безге жатады. Айырша без төмен қарай кеңейіп, үлкен тамырлар, жүрек пен жүрекқаптың бір бөлігінің алдында жатады.

ў Топографиясы:

Скелетотопиялық жағынан бездер балаларда жоғарғы жағында төс тұтқасы 1-1,5см, жоғары проекцияланады, төменде III, IV, ал кейде V қабырғаға да жетеді. Ересектерде, әдетте бездің мойындық бөлімі болмайды, оның жоғарғы жиегі төс тұтқасының артқы жағында мойындырық тілігінен төмен қарай түрлі қашықтықта жатады. Төменгі жиегі екінші қабырғааралыққа немесе үшінші қабырғаға сәйкес келеді.

[22:58, 18.03.2022] Илесбек Айнур: Құрылысы:

Айырша без қапшықпен жабылған, ол бездің ішіне оны кішкене үлестерге бөлетін үлесаралық қалқалар шығарады. Әрбір кішкене үлесше қыртыс және милы заттан тұрады. Қыртыс заты эпителий жасушалары торынан түзіледі, оның ілмектерінде айырша бездің лимфоциттері орналасады. Милы затында эпителий жасушалары жалпақтанып және мүйізденіп, айырша безінің денешіктерін түзеді.

ў Қызметі:

Лимфоциттер айырша безінде түрлі зақымдану салдарынан ағзаға бөгде болып келетін жасушаларға қарсы қорғаныс реакциясын қамтамасыз ететін қасиетке ие болады. Айырша безі қызметтерінің ерте жоғалуынан иммундық жүйе әлсірейді. Айырша без иммундық жүйенің орталық ағзасы болып табылады.

ГИПОФИЗ:


ў Гипофиз,hypophysis гипофиз аяқшасы арқылы ми,tuber cinereum et infindibulum-мен байланысты,қызғылт түсті кішкене шар тәрізді немесе сопақша без. Без ертоқымда жатады және ол жерде diaphragma sellae turcicae арқылы бекиді. Ми қосалқысында құрылысы,қызметі мен дамуы әр түрлі 2 үлесті ажыратады:алдыңғы үлес,lobus anterior және артқы үлес,lobus posterior. Алдыңғы үлестің жоғарғы бөлімі сүр төмпеге жанасып жатады және оны pars tuberalis деген атпен бөледі. Алдыңғы үлестің артқы бөлімі артқы үлеспен көмкерме түрінде орналасып,аралық бөлік, pars intermedia ретінде қарастырылады.

ў Lobus posterior алдынғы үлеске қарағанда кейін, III қарыншаның түбінің томпаюы арқылы қалыптасады. Қуыс болып қалатын бұл томпақтың жоғарғы бөлігінен құйғышпен қоса сұр төмпе, ал төменгі бөлігінен гипофиз артқы үлесі мен гипофиз аяқшасы түзіледі, бұлар, құйғыштың өсіндісі болып табылады.

: ГИПОФИЗДІҢ ҚЫЗМЕТІ:

ўАлдыңғы үлес бүкіл дененің өсуі мен дамуына әсер етеді (соматотропты гормон). Онда ісіктер пайда болғанда саусақ,мұрын және еріндер қатты өседі. Сондай-ақ алдыңғы үлес басқа ішкі секреция бездерінің-қалқанша бездің, бүйрекүсті безінің қыртысы және жыныс бездерінің қызметін күшейтеді.

ўАртқы үлес қан қысымын арттыра тамырлардың біріңғай салалы бұлшықеті мен жатырдың жұмысын күшейтеді,сондай-ақ бүйректегі су реабсорбциясына әсер етеді. Гипофиздің артқы үлесі бұзылғанда қантсыз несеп жібергіштік пайда болады.

ТОМПАҚ ДЕНЕ:

ўТомпақ дене, corpus pineale, таламустармен habenulae арқылы байланысқан, ортаңғы төбесі табақшасының жоғағы төбешіктері үстінде орналасады. Ол кішкентай, сопақ пішінді және қызғылт түсті дене, оның жіңішке шеті төмен және артқа бағытталған. Дененің ұзындығы 7-10мм, көлденеңі 5-7мм. Тәж түрінде топтасатын жасушалардың секреттік қасиеттері бар.

ўҚызметі: томпақ дененің қызметі толық анықталмаған. Жас жануарлардың безін экстирапациялағанда қаңқа тез өседі, жыныс бездері мен екінші жыныс белгілері ерте және шамадан тыс өсіп дамиды.

: БҮЙРЕКҮСТІ БЕЗІ

ў Бүйрекүсті безі, glandula suprarenalis s. adrenalis жұп ағза, ішастардың артқы жағындағы шелмайда бүйректің жоғарғы шетінің үстінде жатады. Оның массасы 4г. Өлшемдері: вертикалды 30-60мм, көлденеңі 30мм, алдыңғы-артқы өлшемі 4-6мм. Сыртқы түсі сарғылт немесе қоңырлау.

ў Құрылысы: бүйрекүсті безі ағза ішіне қарай жекелеген қалқалар шығаратын фиброзды қапшықпен жабылған. Бүйрекүсті безі екі: сарғыш түсті қыртыс және жұмсақ, қоңыр түсті милы қабаттан тұрады.

ў Дамуы: құрылымы мен қызметі жағынан бұл екі қабаттың бір бірінен айырмашылығы күшті. Қыртыс зат түрлі гормондар өндіретін үш аймақтан тұрады. Милы зат адреналин және норадреналин өндіретін жасушалардан тұрады.

БҮЙРЕКҮСТІ БЕЗІНІҢ ҚЫЗМЕТІ:

ўӘртекті қыртыс және милы заттан құрылуына сәйкес, бүйрекүсті безі бір өзінде екі бездің қызметін ұштастырады. Милы затты қанға симпатикалық жүйенің тонусын сақтап, тамырды тарылту қасиеттері бар норадреналин мен адреналин бөледі. Қыртыс зат липидтер өндірілетін негізгі жер болып табылады. Бүйрекүсті бездерінің қыртыс заты су-тұз, белок және көмірсу алмасуына әсер ететін гормондар және еркек пен әйел жыныс гормондарына жақын ерекше гормондар бөліп шығарады.

ҰЙҚЫБЕЗІ

Ұйқыбез, pancreas, асқазан артында regio epigastrica-да артқы іш қабырғасында жатады, сол бөлігімен сол жақ қабырғаастына еніп тұрады. Артқы жағынан төменгі қуыс венаға, солжақ бүйрек венасы мен қолқаға жанасып жатады.

Ұйқы безінің басы – caput pancreatis, ілмек тәрізді өсіндісі, processus uncinatus және денесімен, corpus pancreatis, құйрық, cauda pancreatis, деп бөлінеді. Бездің басы он екі елі ішекпен қамтылып, I бел омыртқа мен II бел омыртқаның жоғарғы бөлігі деңгейінде орналасады. Оның денемен шекарасында терең тілік, incisura pancreatis (тілікте a. және v. mesentericae superiores жатады), ал кейде мойын түрінде жіңішкерген бөлігі болады. Дене призма пішінді, үш беті бар: алдыңғы, артқы және төменгі.

Қызметі: өздерінің инсулин және глюкагон деген гормондарын қанға бөліп, ұйқыбез аралшықтары көмірсу алмасуын реттейді

2 ҚАЛҚАНША БЕЗІ:

ў Қалқанша безі, glandula thyroidea, ересек адамдағы ішкі

секреция бездерінің ең ірісі, мойында кеңірдектің алды

мен ішінара қалқанша шеміршекке жанаса көлденең

көмейдің бүйір беттерінде орналасады. Екі бүйір үлестері,

lobi dexter et sinister, төменгі шеттерінде жақын

жерлерінде бүйір үлестерін өзара қосатын қылтадан,

isthmus, тұрады. Қылтадан жоғары қарай lobus pyramidalis

деп аталатын жіңішке өсінді шығады,ол тіласты сүйегіне

дейін созылады. Бүйір үлестері жоғары бөлімімен

қалқанша шеміршектің сыртқы бетіне еніп, оның төменгі

мүйізі мен жақын жатқан бөлігін жабады, төменгі жағында

бүйір үлестері кеңірдектің 5-6 сақинасына дейін жетеді.

Қылтаның артқы беті кеңірдектің 2-ші және 3-ші

сақинасына жанасып жатады, кейде оның жоғарғы жиегі

жүзіктәрізді шеміршекке жетеді.

ҚЫЗМЕТІ:

ў Без көлденеңінде 50-60мм, алдыңғы-артқы бағытта

бүйір үлестері аймағында 18-20мм, қылта деңгейінде

6-8мм, массасы шамамен 30-40гр.

ў Бездің ағза үшін маңызы зор. Ол іштен туа дамыған

ақауларымен болса бала микседема және кретинизм

ауруларына шалдығады. Тіндердің, атап айтқанда

сүйек жүйесі тіндерінің дұрыс дамуы, зат алмасу,

нерв жүйесінің қызметі және тағы басқа без

гормонына байланысты. Кейбір жерлерде без

қызметінің бұзылуы эндемиялық зоб ауруын

тудырады. Без өндіретін тирокальцитонин кальций

мөлшерін реттейді. Қалқанша без гиперсекрециясы

кезінде Базедов ауруы деп аталатын

симптомокомлекс байқалады.

3 ҚАЛҚАНША МАҢЫНДАҒЫ БЕЗДЕР:

ўҚалқанша маңындағы бездері, glandula

parahyroidea, саны 4 (екі жоғарғы, екі

төменгі), қалқанша безінің бүйір бөліктерінің

артқы бетінде орналасқан кішкене

денешіктер болып табылады. Олардың

орташа шамалары: ұзындығы 6мм, ені 4мм,

қалыңдығы 2мм.

ўҚызметі: Организмде кальций мен фофор

алмасуын реттейді. Бездерді алып тастаған

жағдайда,сіреспе тартылу әсерінен адам өліп кетуі мүмкін.

Эпифиз - бұл мидың екі жартысы түйісетін мидың тереңінде орналасқан ұсақ, pinecone тәрізді без. Ол шамамен күріштің дәніне тең. Эпифиз - бұл мидың шеңбер тәрізді мүшелері немесе гематоэнцефалдық бөгеттен тыс құрылымдар деп аталатын бірнеше мамандандырылған құрылымдардың бірі.

Эпифиз мелатониннің өндірілуіне және бөлінуіне жауап береді, бұл ұйқы режимін реттеуге негізінен қолданылады. Мелатонин өндірісі қараңғыда көбейіп, жарықта азаяды, осылайша ұйқы циклын реттейді. Жарық сезгіш нейрондардан эпифизге ақпарат ағынын тоқтату ұйқысыздыққа және ұйқының басқа бұзылуларына әкелуі мүмкін. Эпифиз жыныстық гормондарға және қан қысымын және артерия қабырғаларының икемділігін реттейтіндерге әсер етеді деп есептеледі.

Мелатонин - эпифиз шығаратын алғашқы гормон; ол тәуліктік ырғақты немесе өмірдің 24 сағаттық циклын жасайды және реттейді. Ритм ұйқылық пен сергектікті, тамақтану режимін және жұмыс уақыттарын немесе мидың белсенді толқыны кезеңдерін басқарады. Ұйқы мен оянудың реттелген режимі денеге жасушаларды қалпына келтіруге және толтыруға, инфекциялармен күресуге, оны сау және жұмыс істейтін тамақтану, ішу және қозғалыс сияқты процестерге қатысуға көмектеседі. Мелатониннің деңгейі әр түрлі - олар жыл бойына, маусымдық тәртіп бойынша аз мөлшерде өндіріледі. Олар сондай-ақ дене өзгерген сайын көбейеді және азаяды, ең алдымен жыныстық жетілу және менопауза кезінде.

Эпифиз ми-ми тосқауылынан тыс орналасқан, оны ми бөлімдері арасында ерекше етеді. Сонымен қатар, эпифизді қанмен қамтамасыз ету концентрациясы бүйректен кейінгі екінші орында. Ми-қан кедергісі мидың бөліктерін кейбір химиялық заттардан, соның ішінде рекреациялық және рецепт бойынша дәрі-дәрмектерден және алкогольден қорғауға қызмет етеді. Кедергі үлкенірек бөлшектер мен қан ағымындағы көптеген нейротрансмиттерлердің миға енуіне жол бермейді. Эпифиз гормондарды қанға бөледі, сондықтан тосқауыл қажет емес. Алайда, бұл сонымен қатар, безге ұйқының сапасы мен мөлшеріне әсер ететін мидың қалған бөлігі қорғалатын токсиндер мен басқа химиялық заттар әсер етуі мүмкін дегенді білдіреді.

4 ГИПОФИЗ:

ў Гипофиз,hypophysis гипофиз аяқшасы арқылы ми,tuber

cinereum et infindibulum-мен байланысты,қызғылт түсті

кішкене шар тәрізді немесе сопақша без. Без ертоқымда

жатады және ол жерде diaphragma sellae turcicae арқылы

бекиді. Ми қосалқысында құрылысы,қызметі мен дамуы әр

түрлі 2 үлесті ажыратады:алдыңғы үлес,lobus anterior және

артқы үлес,lobus posterior. Алдыңғы үлестің жоғарғы бөлімі

сүр төмпеге жанасып жатады және оны pars tuberalis деген

атпен бөледі. Алдыңғы үлестің артқы бөлімі артқы үлеспен

көмкерме түрінде орналасып,аралық бөлік, pars intermedia

ретінде қарастырылады.

ў Lobus posterior алдынғы үлеске қарағанда кейін, III

қарыншаның түбінің томпаюы арқылы қалыптасады. Қуыс

болып қалатын бұл томпақтың жоғарғы бөлігінен құйғышпен

қоса сұр төмпе, ал төменгі бөлігінен гипофиз артқы үлесі

мен гипофиз аяқшасы түзіледі, бұлар, құйғыштың өсіндісі

болып табылады

ГИПОФИЗДІҢ ҚЫЗМЕТІ:

ў Алдыңғы үлес бүкіл дененің өсуі мен дамуына әсер

етеді (соматотропты гормон). Онда ісіктер пайда

болғанда саусақ,мұрын және еріндер қатты өседі.

Сондай-ақ алдыңғы үлес басқа ішкі секреция

бездерінің-қалқанша бездің, бүйрекүсті безінің

қыртысы және жыныс бездерінің қызметін

күшейтеді.

ў Артқы үлес қан қысымын арттыра тамырлардың

біріңғай салалы бұлшықеті мен жатырдың жұмысын

күшейтеді,сондай-ақ бүйректегі су

реабсорбциясына әсер етеді. Гипофиздің артқы

үлесі бұзылғанда қантсыз несеп жібергіштік пайда

болады.


5 БҮЙРЕКҮСТІ БЕЗІ

ў Бүйрекүсті безі, glandula suprarenalis s. adrenalis жұп ағза,

ішастардың артқы жағындағы шелмайда бүйректің

жоғарғы шетінің үстінде жатады. Оның массасы 4г.

Өлшемдері: вертикалды 30-60мм, көлденеңі 30мм,

алдыңғы-артқы өлшемі 4-6мм. Сыртқы түсі сарғылт

немесе қоңырлау.

ў Құрылысы: бүйрекүсті безі ағза ішіне қарай жекелеген

қалқалар шығаратын фиброзды қапшықпен жабылған.

Бүйрекүсті безі екі: сарғыш түсті қыртыс және жұмсақ,

қоңыр түсті милы қабаттан тұрады.

ў Дамуы: құрылымы мен қызметі жағынан бұл екі қабаттың

бір бірінен айырмашылығы күшті. Қыртыс зат түрлі

гормондар өндіретін үш аймақтан тұрады. Милы зат

адреналин және норадреналин өндіретін жасушалардан

тұрады.


БҮЙРЕКҮСТІ БЕЗІНІҢ ҚЫЗМЕТІ:

ўӘртекті қыртыс және милы заттан құрылуына

сәйкес, бүйрекүсті безі бір өзінде екі бездің

қызметін ұштастырады. Милы затты қанға

симпатикалық жүйенің тонусын сақтап,

тамырды тарылту қасиеттері бар

норадреналин мен адреналин бөледі.

Қыртыс зат липидтер өндірілетін негізгі жер

болып табылады. Бүйрекүсті бездерінің

қыртыс заты су-тұз, белок және көмірсу

алмасуына әсер ететін гормондар және еркек пен әйел жыныс гормондарына жақын

ерекше гормондар бөліп шығарады

Жыныс бездері - жыныстық бездер, ағзалар жыныстық жасушаларды, (жұмыртқа мен сперматозоидтар) және жануарлар мен адамның жыныстық гормондары түзеді. Гермафродиттік жануарларда еркектер жыныс бездері, аталық безі, ұрғашыларында, аналық безі, мысалы: жалпақ немесе аз қылтанды кұрттар, сүліктер, мұртты аяқты шаяндардың, бір дарағында еркектің де, ұрғашының да жыныс бездері дамиды. Жыныстық бездері даму үрдісінде екі жыныста да индефферентты, (биопотенциалды) даму сатысынан өтеді жыныстық дифференциациялануы басталады. Жұмыртқалары жыныс бездерінің қабыршақтары, сперматозоидтері, милы қабатында жаралады. Жыныс бездер, жыныс мүшелерінің негізі болып есептеледі.[1] Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары - сперматозоидтар, әйелдер-де жұмыртқа жасушасы түзіледі. ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде түзілген жыныс гормондары бірден қанға бөлінеді. Ер адамдардан бөлінетін жыныс гормондары - андрогендер (грекше - еркек), оның негізгісі - тестостерон. Әйелдердің жыныс гормондары экстрогендер деп аталады.

Қызметі: ер адамдардың жыныс гормоны еркектерге тән белгілердің дамуына әсер етеді (дауыстың жуандауы, сақал-мұрттың шығуы, бұлшықеттерінің даму ерекшеліктері және т. б.). Андрогендер - бауыр, бүйрек, бұлшықеттегі нәруыздың түзілуін күшейтеді.

6 Гормондар адам ағзасының жұмысында шешуші рөл атқарады. Гормондардың түзілуіне сыртқы және ішкі секреция бездері, сондай-ақ экзокриндік және секретарлық функцияларды біріктіретін аралас секреция бездері жауап береді.

1-қадам


Бездер - бұл биологиялық белсенді заттарды өндіруге жауапты арнайы органдар, олар каналдар арқылы қанға, ішкі ағзалардың қуыстарына немесе дененің бетіне енеді. Қызметіне байланысты ішкі және сыртқы секреция бездері бөлінеді. Эндокриндік бездерде шығаратын түтіктер болмайды: олардың құрамында әртүрлі гормондар типі бар секреция қан мен лимфаға еніп, ішкі ағзалардың қызметін реттеп, тіндерге жасушалық деңгейде әсер етеді. Бұл түрге қалқанша без, гипофиз, эпифиз, бүйрек үсті бездері және басқалары жатады. Экзокриндік бездер гормондарды дененің бетіне шығарады: бұл сілекей, тер және сүт бездері.

2-қадам


Аралас секрецияның түріне ұйқы безі мен жыныс бездері жатады. Олардың құпиясы бір уақытта дененің ішкі физиологиялық процестерін сақтауға қатысады және сонымен бірге денеде пайда болатын сыртқы организмдерге әсер етеді. Аралас секреция бездері көп функционалды. Нақтырақ айтқанда, ұйқы безі екі типті жасушадан тұрады. Бұл органның бір бөлігі ферменттерге бай арнайы затты шығарады, ол ақуызды тағамдарды сіңіру және өңдеу үшін қажет. Ұйқы безінің тағы бір бөлігі организмнің жасушалары глюкозаны сіңіруге қатысатын гормон түзеді.

3-қадам


Аралас түрге сонымен қатар әйел және еркек жыныс бездері де жатады. Әйелдердегі аналық без фолликулаларында эстрогендер синтезделеді, аналық бездегі сары дене прогестерон түзеді. Дәл осы эстрогендердің арқасында әйелдер жыныстық жетілу кезеңінде өзіне тән сыртқы белгілерді алады. Бұл гормондар сау ұрпақтың көбеюіне қажетті жыныстық сипаттамалардың дамуына және ішкі жыныс мүшелерінің толық қалыптасуына жауап береді. Прогестерон жүктілік кезінде маңызды рөл атқарады: бұл гормон жатырды эмбрионның пайда болуына дайындайды және оның өсуі мен дамуын бақылайды, болашақ ананы түсіктен сақтайды.

4-қадам


Ерлердегі аталық бездерде андрогендер, ер жыныстық гормондар түзіледі. Тестостерон мен андростерон - бұл ерлердің жыныстық сипаттамаларын қалыптастыруға жауап беретін және ерлердің ұрпақты болу жүйесінің қалыпты жұмысына қатысатын гормондар. Еркек жыныс бездерінің тұрақты жұмысынсыз сперматозоидтардың жетілуі мүмкін емес, яғни ұрпақтың көбеюі мүмкін емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет