1 Фармацевтикалық кәсіпорында санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштердің



Pdf көрінісі
Дата28.11.2022
өлшемі164,5 Kb.
#53129


БИЛЕТ №1 
1 Фармацевтикалық кәсіпорында санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштердің 
нормативтеріне сәйкес келмеуіне байланысты дайын дәрілік заттардың партиясы 
жарамсыз деп танылды.
1-сұрақ: дайын дәрілік заттарды санитарлық-микробиологиялық бақылауда қолданылатын 
әдісті атаңыз;
2-сұрақ: фармацевтикалық кәсіпорында дайын дәрілік заттардың контаминациясының 
ықтимал көздерін көрсетіңіз; 
2.Стафилокококкты инфекцияға зерттеу алгоритмін толтыру 
БИЛЕТ №2 
1. Фармацевтикалық өндірісте әртүрлі дәрі-дәрмектер шығарылады. 
1-сұрақ: микробиологиялық тазалық көрсеткіштері бойынша дайын дәрілік заттар қандай 
топтарға бөлінеді;
2-сұрақ: фармацевтикалық өндірісті ұйымдастыруға қандай микробиологиялық талаптар 
қойылады; 
2.Стрептококкты инфекцияға зерттеу алгоритмін толтыру 
БИЛЕТ №3 
1. Фармацевтикалық кәсіпорындарда дәрілік заттар өндірісінің тиісті сапасын қамтамасыз 
ету үшін санитариялық-микробиологиялық бақылау жүргізу қажет. 
1-сұрақ: фармацевтикалық өндірістегі санитарлық-микробиологиялық бақылау 
объектілерін атаңыз;
2-сұрақ: санитарлық-микробиологиялық бақылауды қаншалықты жиі жүргізу қажет; 
2.Менингококкты инфекцияға зерттеу алгоритмін толтыру 
БИЛЕТ №4 
1. Дәріхана мекемесінде ТФП факультетінің студенттері жоспарлы санитарлық-
микробиологиялық зерттеулер жүргізді.
1-сұрақ: дәріхана мекемесіндегі санитарлық-микробиологиялық бақылау объектілерін 
атаңыз;
2-сұрақ: санитарлық-микробиологиялық зерттеу әдістерін атаңыз;
2.Гонококкты инфекцияға зерттеу алгоритмін толтыру 
БИЛЕТ №5 
1. Дәріхана мекемесіндегі әртүрлі нысандарды санитарлық-микробиологиялық зерттеу 
кезінде әр түрлі критерийлермен қатар басқа санитарлық-көрсеткіш болатын 
микроорганизмдер де анықталды (СКМ).
1-сұрақ: санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер терминін анықтаңыз;
2-сұрақ: СКМ негізгі сипаттамалары;
2. Эшерихия. Микробиологиялық зерттеу алгоритмін толтыру 
БИЛЕТ №6 
1.Перзентханада жаңа туылған нәрестеге, үшінші тәулікте БЦЖ вакцинасы қойылды
Сұрақ 1. Вакциналарға түсініктеме, жіктелуі: тірі, инактивтелген вациналар; 
2-сұрақ: осы препаратты сақтау және тасымалдау ерекшеліктері; 
2.Шигеллалар. Микробиологиялық зерттеу алгоритмін толтыру 


БИЛЕТ №7 
1. Дәріхананы жоспарлы тексеру кезінде дәрілік заттарды дайындауға арналған 
дистилденген суда алтын түстес стафилококктың бар-жоғы анықталды.
1-сұрақ: тазартылған су мен инъекцияға арналған судың микробтық ластануын зерттеу 
әдістері.
2-сұрақ: тазартылған су мен инъекцияға арналған судың микробтық ластануын анықтау 
үшін қолданылатын қоректік орта. 
2.Сальмонеллалар. Микробиологиялық диагностиканың ерекшеліктері 
БИЛЕТ №8 
1.ТФП факультетінің студенттері дәріхана мекемесіндегі ауаның микробтық ластану 
көрсеткіштеріне зерттеу жүргізді.
1-сұрақ: зерттеудің қандай әдісі қолданылды;
2-сұрақ: дәріхана мекемесінде ауаның микробтық ластануын анықтау үшін қолданылатын 
қоректік орта.
2.Туберкулез қоздырғыштары. Микробиологиялық зерттеу алгоритмін толтыру 
БИЛЕТ №9 
1. Фармацевтикалық өндірісте технологиялық процестерге қызметкерлер қатысады.
1-сұрақ дәріханаларды, фармацевтикалық өндірістерді санитариялық-бактериологиялық 
зерттеу кезіндегі объектілерге қызметкерлер жатадыма.
2-сұрақ қызметкерлерді санитариялық-бактериологиялық зерттеу кезінде материалдарды 
алу ерекшеліктері және анықталатын критерийлер. 
2. Анаэробты инфекциялардың лабораториялық диагностика алгоритмі. 
БИЛЕТ №10 
1.«"Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің» 
қызметкерлері дәріхана мекемесіндегі ауаның микробтық ластану көрсеткіштеріне зерттеу 
жүргізді. 
1-сұрақ ауаның санитарлық жағдайының индикаторлық микроорганизмдері.
2-сұрақ микроорганизмдерді ауадан анықтау әдістері. 
2. Гепатит қоздырғыштары. Микробиологиялық диагностикасы 
БИЛЕТ №11 
1.Шайындыларды санитариялық-бактериологиялық зерттеу кезінде дәріхана 
персоналының қолынан алтын түстес стафилококк бөлінді
1-сұрақ S. aureus анықтау үшін қолданылатын қоректік орта
2-сұрақ: бұл кезде жасалынатын қажетті іс-шаралар жоспарын жасаңыз (қажет болса); 
2. АИВ-инфекциясы. Микробиологиялық диагностикасы, 
БИЛЕТ №12 
1.Топыраққа 
санитариялық-микробиологиялық бақылау жүргізу кезінде әртүрлі 
микроорганизмдердің болуы анықталады. 
1-сұрақ топырақтың микробтық ластануын анықтау үшін қолданылатын қоректік орта. 2-
сұрақ топырақты зерттеу кезінде анықталатын микроорганизмдер. 
2. АИВ-инфекциясы. Микробиологиялық диагностикасы. ИФТ-тест жүйесі. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет