1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


 «Халық әдебиеті», «Фольклор», «Халық сөз өнері» деген атаулардың ерекшеліктері



бет2/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112
3. «Халық әдебиеті», «Фольклор», «Халық сөз өнері» деген атаулардың ерекшеліктері. Фольклор-халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес. Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. Б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас. Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді.

4. Фольклортанудың тіл, этнография, тарих, философия, музыкамен сабақтастығы.Фольклор – мәдени мұра ғана емес. Ол ескінің жарамсыз дүниесі болып өмір сүрмейді, керісінше, әр замандағы қауымның тұрмыстық, мәдени, тәлімдік қажеттіктерін өтеп отырған, сол себепті әр дәуірде қоғам талабына сәйкес өзгеріп те, сондай-ақ жаңа түрлермен, туындылармен толығып та отырған әрі жаңа сипат алып, өмірдің кәдесіне жарап отырған. Бүгінгі таңда да фольклор осы үрдістің үддесінен шығуда, қазіргі мәдениеттің бір саласы және оның қайнар көзі болып отыр. Осы заманғы мәдениетіміздің әр түрінде фольклордың әсері де бар және керісінше мәдениет те фольклорға ықпал жасауда. Фольклор және әдебиет. Бұлар – ұлттық сөз өнерінің екі түрі, екі сатысы. Әрқайсысының өзіндік көркем әдісі мен жүйесі бар. Бірақ соған қарамастан олар бір-бірімен тығыз байланысты. Фольклор –әдебиеттің төркіні. Оу-баста фольклордан негіз алып, әдебиет алғашқы даму кезеңінде кіндігінен бірден қол үзіп кете алмайды, көп уақытқа дейін соған сүйенеді, содан сусындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет