1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Фольклордағы халықтың тарихи-әлеуметтік құбылыстар туралы түсінігі



бет5/111
Дата24.11.2022
өлшемі266.62 Kb.
#52414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
8. Фольклордағы халықтың тарихи-әлеуметтік құбылыстар туралы түсінігі.
Әдеби жанрлар (фр.genre - түр, тек, жанр) – ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады. Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
9. Фольклордың танымдық, тәрбиелік, эстетикалық құндылығы.
Ал фольклор- тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдау тəсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы. Қазақ халқының мəдени жəне рухани байлығын игеруде фольклор жанрларының орны ерекше. Өйткені, жастарға дəстүрлі дүниетанымды түсінуге мүмкіндік беретін халық даналығының қайнар көзі. Егер фольклористика ғылымының тарихи қалыптасуына көз жіберетін болсақ онда оның дамуы мен өсу жолы шартты түрде 3 кезеңге бөлінеді.
«Фольклордың қай туындысын алсақта ғибрат айтарлық , жөн-жоба мен үлгі-өнеге көрсетерлік қасиеті мол. Мұның бəрі де халық пікірі, келешек ұрпақты тəрбиелеудің эстетикалық құралы деп тануды қажет етеді. Өйткені, көркемдіктен лəззат алу, əсемдік пен сұлулықты ардақтау, озық мəдениетке бастап, жамандықтан жирендіріп отыру- халықтың талап-талғамының жемісі, сыншылдық көзқарасының нышандары»,- деп жазушы Т.Кəкішов фольклор жанрларының жастар тəрбиесіндегі маңызын ашып көрсетеді. Егемендігімізді алғаннан кейін 1992 жылы баланың жеке тұлғасын, халқымыздың асыл мұрасы қазақ фольклорын, дəстүрін құрметтеу, елін-жерін сүю, адамгершілік жəне эстетикалық сезім əрекеттерін бекіту мақсатында тұжырымдама жасалды.
Академик –жазушы М.Əуезов: «Біз ауыз əдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы Отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, эстетикалық мəдениет пен рухани байлықты сол халықтың өткендегі өмірін, аңсау-арманын, əдет-ғұрпын, халық тəрбиесінің жемісін көреміз»,- деп балалар фольклорының тəрбиелік мəнін айқын ашып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет