1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


 Аңызда баяндап отырған оқиғалардың шыншылдығы



бет41/148
Дата26.04.2022
өлшемі266.62 Kb.
#32361
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   148
43. Аңызда баяндап отырған оқиғалардың шыншылдығы. 

Қазақ фольклорында, оның ішінде халық прозасында, аңыздан гөрі көркем, бірақ ертегіден төмендеу әңгімелер бар. Бір топ әңгіме-бір кезде тарихта болған адамдар жайында аңыз болып шығып, тараған шығармалар. Екінші бір тобы-белгілі бір мекен, жер-су жайын қиял түрінде баяндайтын әңгімелер. Ал, үшінші топ құрайтын әңгімелер-інжіл мен құран, тағы басқа да діни кітаптар арқылы тараған сюжеттер.

Аңыздар тобына жататын жанрларды шығарманың мазмұнына және онда қаншалықты шындыққа жанасатын оқиға баяндалатынына қарай топтауға болады. Сонда атам заманнан бергі адам баласының қалыптасу кезеңіндегі "болған оқиғалар" баяндалатын шығармалар, әрине, бірінші қатарда қаралуы керек. Ондай шығармалар миф пен хикая.

Бұлардан кейінгі ретте жай әңгіме мен таза аңыз тұрмақ. Олардың негізгі мазмұнының-дені өмірден алынған не өмірде болған жайттар болып келеді. Содан кейін әпсана-хиқаят болуы тиіс. Себебі жай әңгіме мен аңыз бірте-бірте хиқаятқа айналады, алғашқы шындық оқиға көмескіленіп, қиял араласып, шығарма көркемделе бастайды.

Әпсана сөзі парсыша ертек, қиял, мысал, әңгіме жанрларының атауы және әдемі, сұлу, керемет деген де мағына береді. Оның үстіне соңғы жылдары белгілі ғылым-фольклорист Ә. Марғұлан әпсана терминін өз еңбектерінде көп қолданған. Міне, осының бәрі әпсана сөзің термин ретінде қолдануға жеткілікті болып көрінді. Ал, хиқаят сөзіне келетін болсақ оны қазақ фольклорын револяцияға дейін жариялаушылар қолданған және көбінесе құран мен діни яки кітаби сюжеттерге құрылған шығармаларды атаған. Әрине революцияға дейін хиқаят сөзіне дәл біз ұсынып отырған терминдік ұғым берілмеген. Онда кішігірім әңгіме де көлемді шығарма да хиқаят деп аталған, бірақ соның бәрінде ғажайып (фантастикалық) сипаттың ертегіден басқаша екені ескерілген. Оның үстіне "Дала уалаяты газетінің" орысша шығып тұрған нұсқасында хиқаят сөзі легенда деп аударылған. Сөйтіп әпсана-хиқаят терминіне легенда ұғымы берілген.

Ал, миф олай емес. Қазақ фольклорында миф-өзіндік орны бар ең көне жанр. Миф дегеніміз-дүние туралы фантастикалық түсінік, әлемде билік жүргізетін құдайлар мен рухтардың ғажайып образдарының жүйесі немесе құдайлар мен қаһармандар жайындағы ауызекі әңгіме. Миф тек алғашқы қауымының ғана жемісі, ол кейінгі замандарда тумайды, керсінше, мифтік қасиетін жоғалтқан соң ертегіге айналып кетеді. Мифтің тағы бір ерекшелігі-өмірдегі нақтылы бір оқиғадан алшақтығы. Бұл жағынан келгенде мифте біршама абстрактілік алғашқы кезде қиял деп түсінілмеген...

Юююююююю

Аңыздық прозаның шығу, даму жолдарын былай қарастыруға болады. Алғашқы рулық замандағы бір адам аңда, не жорықта жүріп өзінің басынан кешкен бір оқиғаны руластарына айтып беруі мүмкін. Бұл жай әңгіме. Оны естіген адамдар енді басқа біреулерге айтады, айтқанда өз жанынан желі қосуы да мүмкін. Ал, одан естіген кісі тағы біреулер айтады, ол да өзінше баяндайды. Баяндағанда, ол жай салдыратып сөйлей бермейді. Баяндауын бір ізге түсіреді, бір сюжет құрайды.

Сөйтіп бір адамның басында болған жағдай, немесе болды деп баяндалған оқиға әңгімеге, немесе меморатқа, я болмаса хиқаяға айналады. Сөйтіп, хиқаят бірте-бірте аңызға айналады. Біраз уақыт өткен соң ол аңыз біршама көркемделіп әпсана-хиқаятқа айналуы мүмкін. Міне, бұл өмір шындығына тікелей қатысы бар жанрлардың даму жолы және бұл жанрлар бір ғана дәуірде, бір ғана қоғамда тумайды. Олар адамзат тарихының барлық кезеңінде туып отырады.

Аңызда айтылатын хабар, оқиға еш күмән туғызбайды, өйткені оның түп негізі-тарихи шындық. Бұл біріншіден. Екіншіден, аңыздың мазмұнын растайтын дерек ретінде жердің аты, белгілі қайраткердің есімі, я болмаса жыл мезгілі аталып отырады. Үшіншіден, аңыздың айтылу мәнері тұрақтанған, ол ылғи үшінші жақтан және өткен шақта баяндалады.

Тарихи аңыздарда кейде оқиғалар мен фактілер көркем түрде жинақталып, қиял тұрғысынан бағаланады, яғни ел оқиғалар мен фактілерді өз ойына, арман-мүддесіне сәйкес болуын қалап, солай баяндайды, солай етіп көрсетеді.

Ондай жағдайда халық жақсы өмірді армандап, "алтын дәурен", "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман", не болмаса елді қиыншылықтан құтқаратын бір қайраткер туралы утопиялы әңгіме, аңыз шығарады. Ол әңгіме, аңыздардың басты кейіпкерлері-өмірде болған адамдар болуы мүмкін.

Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, көп уақыт өткендіктен оқиғаның қалай болғаның дәл білмегендік, екіншіден, бұрыңғы заманда болған шындықтың өзі емес, ел қалаған шындықтың көрініс табуы.

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   148




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет