1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі



бет47/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   148
Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, біздің заманымызға жеткізген. 

Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы халықтың әдеттері мен нанымдары, салт-дәстүрлері, тұрмыс-тіршілігі көбірек көрініс тапқан.

Ертегінің құрылымында қиял мақсатты түрде пайдаланылады, себебі ертегі сол кезде әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. 

Ертегі құрылымындағы ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. 

Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік сипаттық қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық танымдық мақсатта қолданылады.

 №55.Ертегілердің жанрлық түрлері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет