1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


 ФОЛЬКЛОРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ЖАНРЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ



бет6/148
Дата26.04.2022
өлшемі266.62 Kb.
#32361
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   148
5. ФОЛЬКЛОРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ЖАНРЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ.

«Қазақ фольклорының тарихы» деген  ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында  осы уақытқа дейін арнайы түрде  күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда  фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп  өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы – әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.

Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т. Б.), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар — міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері. 

 

 6. Фольклордың көп қырлылығы және әдет-ғұрыппен байланыстылығы.



«Қазақ эпосы» 80 жылдары белең алған қазақ фольклор-тануындағы тың үрдістің бастамасы болды десек қателеспейміз. Ол үрдіс фольклорлық туындының жазба әдебиет шеңберіне сыймайтын өзгешеліктерін есепке алған зерттеу әдістемесіне негізделген еді. Осыған дейін фольклорды әдебиеттің бір саласы ретінде қарастырып келген қазақ фольклортанымындағы дәстүр әлі де жалғасын тауып келеді. Бірақ қазіргі кезде Н.Смирнова сияқты ғалымның шәкірттері жалғастырған орыс, еуропа фольклортануындағы озық әдістемені басшылыққа алған зерттеулердің басымдық танытып отырғаны ақиқат.

Р.Бердібайдың фольклортанушылық еңбегі эпос жанрымен шектелген жоқ. Оның жалпы фольклор туындыларының басты ерекшеліктері, атап айтсақ, көпқабаттылығы, көпнұсқалылығы, көп қырлылығы (синкреттілігі), халық тұрмысымен байланыстылығы, дәстүрлілігі, образ жасау жолдары жөніндегі мақалаларының ғылыми ғана емес, публицистикалық мәні де зор. Көпшілік қауым бұл мақалалардан «фольклор - әдебиеттің кәрі әжесі» деген сияқты біржақты көзқарастар жетегінде кетпейтіндей тағылым алады. Жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде «Халық ауыз әдебиеті» пәнін бүгінгі фольклортану жетістіктері деңгейінде оқытуға мүмкіндік беретін оқулық қат болып тұрған қазіргі кезде бұл жоқтың орнын толтырған да ғалымның «Ғасырлар толғауы» (1977), «Сарқылмас қазына» (1983), «Кәусар бұлақ» (1989), «Эпос – ел қазынасы» (1995), «Эпос мұраты» (1997), «Ел боламыз десек» (2000) сияқты ғылыми еңбектері фольклор туындыларының осындай көп қырлы сипаттарын ашып көрсететін сенімді құрал десек, артық айтқандық болмас еді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   148




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет