1 Газета металлург 15. 04. 2015 №15 Кира Щербакова


Корпоративтік коммуникацияның «тікелей желісі» - 96-99-10. Біз сіздердің хаттарыңызды мына мекен-жай бойынша күтеміз: Теміртау қ-сы, Республика д-лы, 1



жүктеу 3.21 Mb.
Pdf просмотр
бет3/5
Дата15.03.2017
өлшемі3.21 Mb.
1   2   3   4   5

Корпоративтік коммуникацияның «тікелей желісі» - 96-99-10. Біз сіздердің хаттарыңызды мына мекен-жай бойынша күтеміз: Теміртау қ-сы, Республика д-лы, 1

15 сәуір 2015 жылы. № 15

Басты басымдық

>

Денсаулық және еңбек қауіпсіздігін қорғау



>

Жыл сайын «АрселорМиттал 

Теміртау» АҚ өндірісінде сәуірдің 

соңғы күндері денсаулық және 

еңбек қауіпсіздігін қорғау күні 

өткізіліп жүр. Биыл бұл 28 сәуірге 

дөп келеді. 

«АрселорМиттал» компаниясы 

жұмысында басым бағыттардың 

бірі қауіпсіздік техникасын сақтау 

мәселесі, бұл жай ғана көзқарас 

емес, шын мәнісінде бизнеске 

жанашырлық деп бағалауға болады. 

Өйткені осы маңызды істі компания 

басшысы Л.Миттал мырзаның өзі 

тікелей басшылыққа алған. Егер 

қандай да бір апатты жағдай бола 

қалса, оны талдап, сараптауды 

директорлар кеңесінің өзі жүргізіп 

отырады. Мұндағы басты мақсат 

- «АрселорМитталдың» әлемдегі 

ең қауіпсіз өндіріс атануына қол 

жеткізу. Бұл істе табыс баршылық, 

мәселен, былтыр компания 

металлургия өндірісіндегі ең 

қауіпсіз кәсіпорын деген атаққа 

ие болды. Әрине, қол жеткенге 

тоқмейілсу бұл компанияға 

мүлде жат, қазір қауіпсіздік және 

денсаулықты қорғау шаралары қызу 

жүріп жатыр. 

-Қауіпсіздік техникасы өте 

маңызды іс, сондықтан онымен тек 

басшылар ғана емес, қарапайым 

қызметкерлер де жіті айналысуға 

тиіс. Әрине, жұмыс орнында 

еңбек қауіпсіздігі тәртібін бұзуға 

жол берілмеуі керек. Қауіпсіздік 

ережелерін бұзуға нөлдік төзімсіздік 

деген ұғым кәсіпорынның әр 

мүшесінің ойында тұруы тиіс, міне, 

сонда ғана жұмыс орны ең қауіпсіз 

мекенге айналады, -дейді атқарушы 

директор.

Осыдан көп жылдар бұрын 

жұмысшылар қандай киімде 

болғанын суреттер арқылы көруге 

болады. Тіпті каскасыз жәй 

қалпақпен жүргендер болған. Ал 

қазір мұндай жағдай келмеске 

кетті. Бүгінгі таңда өндірістің 

қай саласында болмасын, 

өзіне тән қауіпсіздік шаралары 

сақталуы керектігін әркім 

жақсы біледі. Сондай-ақ кәсіби 

аурулардан сақтану үшін шаң, 

түрлі химиялық заттар газы және 

түрлі механикалық ықпалдар 

болуға тиіс емес. Одан сақтану 

үшін сапалы ауа тазартқыштар 

қолданылады. Әрине, арнайы 

жұмыс киімінде қозғалу оңай 

емес, дегенмен денсаулық бәрінен 

де қымбат. Осылайша өндірісті 

жаңалау, қауіпсіздік шараларын 

қолдану әр жұмысшыға түсетін 

жүктемені мейілінше азайтып 

келеді. Техникалық ілгерілеушілік 

адамдардың денсаулығын сақтауға 

мол ықпал етуде. Компанияның 

кәсіпорындары әлемнің 62 елінде 

жұмыс істеп тұр, әрқайсысында 

тиісті мөлшерлемелер белгіленген. 

Дегенмен, «АрселорМиттал 

Теміртаудағы» мұндай ережелер 

басқалардағыдан қаталырақ десек 

қателеспейміз. Мұнда биіктікте 

жұмыс істеу кезінде арнайы жеке 

қорғаныс шаралары қолданылады, 

сондықтан қазір металлургтер 

өздерін аса жоғары қауіпсіздік 

жағдайында сезінеді. 

Компания жыл сайын 

денсаулықты және еңбек қауіпсіздігі 

күнін өткізуді тамаша дәстүрге 

айналдырды. Бұл күні өте қызықты 

іс-шаралар бағдарламалары 

жасалған. Алдымен митинг, одан 

кейін жеке қорғаныс құралдарының 

көрмесі өтеді. Жұмысшылар 

медициналық тексерістен өтіп, 

өздерінің денсаулықтарының жақсы 

екеніне көз жеткізеді. Компания 

басшылары өндірісте жоғары 

табысқа қол жеткізу үшін онда 

жұмыс істейтін, адамдардың мықты 

әрі қайратты болуы қажет екенін 

жақсы біледі. Сондықтан еңбекке 

қабілетті, дені сау адамдардың 

өсіп-өркендеуіне, дамуына барлық 

қолайлы жағдайды жасап келеді. 

Денсаулық және еңбек қауіпсіздігін 

қорғау күнінің басты мақсаты да 

осы.


«АрселорМиттал» халықаралық мәжіліс 

орталығында әлеуметтік еңбек қатынастарын 

реттеу жөніндегі облыстық үшжақты 

комиссияның көшпелі мәжілісі өтті. Облыс әкімі 

Нұрмұхамбет Әбдібеков төрағалық еткен бұл 

басқосудың күн тәртібінде алты мәселе қаралды. 

Оның негізгілері «АрселорМиттал Теміртау» 

АҚ әкімшілігі және металлургтердің «Жақтау», 

көміршілердің «Қорғау» кәсіподақтары 

арасындағы ұжымдық шарттардың орындалуы 

және еңбек құқығын қамтамасыз ету, жұмыстан 

босаған адамдарды еңбекпен қамту мәселелері 

қаралды. Алдымен аймақ басшысы Н.Әбдібеков 

Үкімет пен жергілікті биліктің қызметіндегі 

негізгі басымдық жұмыс берушілер мен 

кәсіподақтар өкілдері арасындағы орнықты 

саясатты жүргізу екендігіне назар аударды. 

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ қаржы директоры 

С.Гхош компанияның қазіргі жағдайы туралы 

қысқашы баяндап кетті. Ол қазіргі экономикалық 

жағдайдың қиындығына қарамастан өз 

тараптарынан ұжымдық келісімшарттың барлық 

талаптарын орындап отырғандарын атап айтты. 

Ал еңбек ресурастары және еңбек қатынастары 

жөніндегі директор Д.Павлов нарықта өз 

өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз 

ету үшін кәсіпорынның жұмысшы санын 

қысқарту қажеттігін атап айтты. Қазір мұнда он 

үш мың адам жұмыс істейді, биыл бұған дейінгі 

СДУ және аутсорсинг әдістерін тиімді қолдана 

отырып, мың адамды қысқарту қажет болып 

отыр. 


«Жақтау» металлургтер кәсіподағының 

төрағасы В.Щетинин былтырғы жасалған 

келісімшарттың барлық талаптары толық 

орындалғандығын айтты. Теміртау қаласының 

әкімі Н.Сұлтанов, «Қорғау» көміршілер 

кәсіподағының төрағасы М.Миргаязов өз 

сөздерінде жұмысшылардың еңбек құқығын 

сақтау, жұмыспен толық қамту және өндіріс 

процесін тұрақтандыру жөнінде өз пікірлерін 

білдірді. Комиссия мәжілісінде бірқатар маңызды 

шешімдер қабылданды. Сондай-ақ облыс 

әкімі, кәсіподақтар бірлестігі, кәсіпкерлер 

ассоциациясы және жұмыс берушілер 

арасындағы келісімді жүзеге асыруға бағытталған 

іс-шаралар жоспары бекітілді. Үшжақты комиссия 

мүшелері ұжымдық еңбек дауларын шешуге және 

мәселелердің алдын алуға байланысты кеңес 

құру жөнінде шешім қабылдады.

-Еңбек дауларын асқындырмай, дер кезінде 

алдын алу аса маңызды міндет. Сондықтан 

тараптар туындайтын әрбір проблеманы 

уақытында шешуге және қай кезде де 

ықпалдастық пен бірлік танытуға тиіс, -деді 

аймақ басшысы Н.Әбдібеков өз сөзінде.

Қазіргі дағдарыс жағдайында жұмысшыларды 

жаппай қысқартуға жол бермеу және әлеуметтік 

кепілдіктерді сақтау, міне, бүгінгі таңдағы міндет 

осындай. Бұл негізгі басымдық берілген бағыт, 

сондықтан үшжақты комиссия отырысы осы 

мәселені басты назарда ұстады. 

Дәстүрлі шараға дайындық

Үшжақты келісімге 

қол қойылды


1    Газета МЕТАЛЛУРГ    15.04.2015  № 15

Газета в газете 9



«АрселорМиттал» кәсіпорындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің «тікелей желісі»: 96-09-09. E-mail: Hotlinetemirtau@arcelormittal.com

Дайындаған Руза АЛДАШЕВА

Қазақстан Магниткасына 55 жыл



>

Қазақстан Магниткасы үшін 

өткен ғасырдың 60-жылдарының 

екінші жартысы өндірістің 

негізгі буындарының қосалқы 

құрылыстарын пайдалануға беру, 

әрі жалпы металлургия саласының 

жоғары деңгейдегі бірқалыпты 

ырғақты еңбекке көшу кезеңі болды. 

Осы кезде, яғни 60 жылдардың 

екінші жартысында-ақ Теміртаудағы 

Магнитка Одақтағы іргелі кәсіпорын 

деп танылды. Егер Теміртаудағы 

объектілердің іске қосылған 

кезеңдерін қуалай әңгімені өрбітсек, 

1966 жылдың 13 қазанында электр 

жөндеу цехының, ал арасында екі 

күн өткенде бірінші көмір байыту 

фабрикасының сумен жабдықтау 

цехы қатарға қосылған. Сондай-

ақ осы айда коксохим өндірісіндегі 

дистилляциялау және кристалдау 

бөлімшесі жұмыс істей бастады. 

Осылайша 60- жылдардың екінші 

жартысы жалпы Теміртау үшін, 

ондағы аса ірі өндіріс орындары 

үшін толағай табыстармен 

басталып, өндіріс ауқымы кеңейіп, 

өнім өндіру көлемі ұлғая түсумен 

ерекшеленген болатын. 

Жылдың басқа да табыстары 

мол болды. Көптеген құрылысшылар 

мен болат балқытушылар, 

металлургия саласының басқа да 

мамандық иелері жоғары үкімет 

наградаларын алып құрмет пен 

беделге ие болды. 

Солардың ішінде Теміртау 

үшін ерекше оқиға Магнитканың 

екі өкілінің ең жоғарғы құрмет 

Социалистік Еңбек Ері атағын 

иеленуі болатын.

1966 жылдың 22 наурызында 

СССР Жоғарғы Кеңесі 

Президиумының жарлығымен 

теміртаулық вальцовщик Мәжікен 

Мүсілімов пен болат балқытушы 

Алексей Васильевич Панченко 

Еңбек Ерлерінің Алтын Жұлдызын 

омырауларына тақты. Осының өзі 

Теміртаудың Одақтық металлургия 

саласындағы алатын орнының 

қандай екенін танытқан. Егер 

бұған дейін Уралдың, Украинаның 

аса ірі металлургия заводынан 

ғана жұлдызды металлургтерді 

кездестірсек, ендігі күнде Теміртау 

төрінде де еңбек Ерлерінің Алтын 

Жұлдыздары жарқырай бастады.

Жаңа 1967 жылдың барша 

Совет халқы үшін ерекше болғанын 

айту керек. Себебі осы жылдың 

қарашасында Ұлы Октябрь 

революциясының жарты ғасырлық 

мерекесі аталып өтілетін. Соған 

орай СОКП Орталық Комитеті 

1967 жылдың 4 қаңтарында 

«Ұлы Октябрь Социалистік 

Революциясының 50 жылдығына 

дайындық туралы» қаулы 

қабылдады.

Осы мерекелік вахтаға жоғарғы 

саяси өрлеу жағдайында сан 

миллиондаған совет халқымен бірге 

теміртаулықтар да тұрды. Теміртау 

металлургтерінің сөзі мен ісінде 

алшақтық болмады. Сол мерекелі 

жылы Қазақстан Магниткасының 

ұжымы өздерінің қабылдаған 

міндеттемелерін 21 қазанда 

орындап шықты. Және осы екпінді 

еңбек қарқынын жылдың соңына 

дейін бір толастатпады. Сөйтіп, 

жылдық тапсырмаға қосымша 9 мың 

тонна шойын, 140 мыңнан астам 

қара металдар прокатын шығарды.

Теміртаудың құрылысшылары 

мен монтажшылары да 

металлургтердің еселі еңбектерін 

жалғастыра білді. Олар айтулы 

мереке қарсаңында «1700» прокат 

станының алғашқы кезегінің 

құрылысын бітірген. Мерекелі 

жылы қала құрылысы да жандана 

түскен еді. Металлургтердің жас 

қаласында көптеген әлеуметтік, 

мәдени-тұрмыстық бағыттағы 

сәнді ғимараттар бой көтерді. 

Жаңа тұрғын үйлер көптеп 

салынды. Қаланың бірнеше шағын 

аудандары бой түзеді. Октябрь 

мерекесі қарсаңында сан жүздеген 

теміртаулық жас отбасылары жаңа 

пәтердің кілтін алып, тұрмыстарын 

жақсартты. Міне, осының бәрі қала 

тұрғындарының еңбекке деген 

ынта-жігерлерін арттырып, еңбек 

өнімділігін көтере түсірулеріне оң 

ықпалын тигізгені анық еді. 

Мерекелік жарыста жүзден 

жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар 

қатары молайды. Қазақ ССР-нің 

құрметті металлургі Арғын Жүнісов 

еңбектің көрігін қыздыра отырып, 

тамаша табыстарға қол жеткізді. 

Соның арқасында бригада ұжымы 

Октябрь Революциясының 50 

жылдығы құрметіне мереке күнгі 

вахтаға тұру мәртебесін жеңіп алды. 

Бұл жөнінде де сол Қазақ 

телеграф агенттігінің тілшілеріне 

берген сұхбатында Қазақ түсті 

металлургия кәсіпорындары 

бірлестігінің бастығы Г.И.Ермолаев 

былай әңгімелейді:

-Бірлестіктің барлық 

кәсіпорындарының ұжымдары 

еңбек көрігін қыздыра екпінді 

еңбек етуде, -дейді ол. - Айтулы 

мерекелерді қарсы алуда Қазақстан 

Магниткасындағы Арғын Жүнісовтың 

болат қорытушылар бригадасы, 

Қазақ металлургия заводындағы 

Петр Васильевич Бакулиннің болат 

қорытушылар бригадасы зор 

табыстарға жетті. 

Алпысыншы жылдардың 

соңында Арғын Жүнісов 

бригадасының еселі еңбегі кімді 

болмасын қызықтыратын. Солардың 

бірі - болат балқытушы Сұлтан 

Кәкенов 1968 жылдың шілдесінде 

газет тілшісіне берген сұхбатында 

былай деген:

-Біз жыл басында Арғын 

Жүнісовтың ауысымымен жарысқа 

түстік, олар заводтың маңдайалды 

болатшыларының бірі. Біз олардың 

тәжірибесін үйрене отырып, оны өз 

ісімізде қолдандық. 

Қадамымыз қайырлы. Мартен 

пешінің күрделі технологиясын 

жете меңгердік. Әрбір шаршы 

метр пеш табанынан алынатын 

болаттың көлемін 110 килограмға 

дейін арттырдық. Менің ауысымдағы 

Кимченко, Хамзин, Имашев, Ларин 

сияқты азаматтарға дән ризамын.

Иә, алпысыншы жылдың 

соңындағы қарқын осындай еді. 

Ендігі күнде құрылыстың, жаңа 

объектілердің іске қосылуы 

емес, мартен пештерінен қанша 

болат алынатын болады деген 

сөз әңгіме арқауына айналды. 

Себебі бұл кезде Магнитканың 

негізгі буындарының бәрі іске 

қосылып, өнім шығарып жатты. 

Осы кезден бастап металлургтер 

мамандығының мәртебесі көтеріліп, 

олардың қалыпты жұмыс істеуіне 

кең көлемде жағдай жасалып 

жатты.

Мәселен, сол жылдары 



республикамыздағы осы саланы 

басқарған В.И.Ермолаевтың: 

«Қара металлургия Қазақстан 

өнеркәсібінің ең жас саласы»-

деуінің де мәні бар. Сол жылдары 

Қазақстан қара металлургиясының 

іргетасы қаланғанына небәрі ширек 

ғасырдай ғана уақыт өткен. Сол 

кездің деректерінде «Қостанай 

мен Қарағанды облыстарында 

темір рудасының бірегей кен 

орындарының ашылуы қара 

металлургияның өркендетілуіне 

көмектесті, бұл облыстарындағы 

кен орындарының қоры АҚШ-тағы 

руданың жалпы қорынан бір жарым 

есе асып түседі» делінеді. Мәселен, 

сол алпысыншы жылдардың 

соңында «Қазір Қазақстан темір 

рудасын Германия Федерациялық 

Республикасы, Италияны, 

Бельгияны қоса алғанда шығаратын 

мөлшердей шығарып отыр. 

Шойын, болат, прокат және кокс 

өндіру жөнінде Қазақстан Ресей 

Федерациясымен Украинадан кейінгі 

үшінші орынға шықты» деген дерек 

те қоса айтылады.

Сол 1967 жылдың ішінде 

Магнитканың көптеген қосалқы 

объектілері де іске қосылған. 

Олардың ішінде жыл басында 

пайдалануға берілген ұстапрестеу 

цехын айтуға болады. Комбинат 

1968 жылға тың істермен енді. 

Жыл басында ыстық прокат цехын 

пайдалануға беру туралы актіге 

қол қойылса, арада бірнеше апта 

өтпей жатып, яғни 20 қаңтар күні 

көлемі 2700 текше метрлік үшінші 

домна пешінің тас табаны қаланды. 

Сөйтіп, 1968 жылдың басынан 

тағы бір болашағынан мол үміт 

күттіретін қүрделі құрылыстың, 

Магнитка үшін берері мол маңызды 

буынның іргесі көтеріле бастады. 

Ал оны іске қосудың Теміртау 

үшін маңызы өте жоғары болатын. 

Бұған дейін алғашқы металдың 

балқытылуы, тұңғыш болаттың 

қорытылып, прокаттың алынуы 

сөз етілсе, ендігі жерде өнімнің 

сапасын жақсарту, сонымен қоса 

көлемін де ұлғайту мәселесі күн 

тәртібіне шыққан. 

Жетпісінші жылдардың 

қарсаңында Қарағанды -Теміртау 

өндірістік аумағының даңқы 

республикадан асып, Одаққа 

танымал болды. Қарағанды өңірі 

аса ірі өндіріс орталығы саналды. 

Экономиканың дамуы аймақтың 

ғылыми әлеуетін, оның ішінде 

көмір және қара металлургия 

саласындағы білікті мамандарды 

дайындауды өркендетуге даңғыл 

жол ашты. Ендігі күнде қазақ 

металлургтері Урал мен Запорожье, 

Днепропетровск тәрізді басқа да аса 

ірі қара металлургия орталықтарына 

сабылмай, болат балқытушы 

мамандығын жергілікті жерде-ақ 

үйренетін дәрежеге жетті. 

Алпысыншы жылдардың 

ортасында Қазақстан Магниткасы 

қарыштай дамыған. Оны сол 

кездің мына мәліметтері дәлелдей 

түседі. Айталық, 1967 жылдың 

тапсырмасын асыра орындаған 

металлургтердің жоспардан тыс бір 

жарым миллион тоннадан астам 

темір рудасын, оның ішінде төрт 

жүз мың тоннадан аса ең өміршең 

металлургия шикізаты - жентек, 65 

мың тонна болат, жарты миллион 

тонна қара прокат өндіргені 

айтылады. «Металлургтер өндірісті 

табандылықпен жетілдіріп, жаңа 

резервтерді іздестіруде» делінген 

сол кездің құжаттарында. Жуырда 

Қарағанды металлургия заводында 

Коммунар (Украина) және Новая 

Тула заводтарының таңдаулы болат 

қорытушыларының қатысуымен 

достық болаты қорытылды. 

Юрий Овчинниковтың бригадасы 

мартен пешінің өнімділігі жөнінде 

дүниежүзілік рекорд жасады. Пеш 

табанының әрбір шаршы метрінен 

болат қорыту норма бойынша 10,3 

тоннаның орнына он сегіз тоннадан 

асты деп шежіре шертеді.

Міне, осылайша жаңа 

онжылдық, 70 жылдар қарсаңында 

Магнитка нақты өнім көлемін 

өндіруді арттыра түсті. Осы 

бағыттағы айтулы істер мен тың 

бастамалар, ел есінде сақталар 

Достық балқымалар өзге де игілікті 

шаруалар алдағы күндерде өз 

кезегін күтіп тұрды.

Жетпісінші жылдар қарсаңында



1    Газета МЕТАЛЛУРГ    15.04.2015  № 15

10 Угольный департамент

Вы можете также сообщить о нарушениях на почтовый адрес: Казахстан, Карагандинская область, г. Темиртау, 101407, пр. Республики, 1 General.mst@arcelormittal.com

Виктор ЧАЙКА 

 

заместитель председателя совета ОО 

«Ветераны угольного департамента 

АО «АрселорМиттал Темиртау» 

Тема встречи - согласование порядка и 

условий оказания медицинских 

услуг и лечения неработающих 

пенсионеров угольного 

департамента в соответствии с 

договором, заключенным между 

компанией «АрселорМиттал 

Темиртау» и фирмой «Гиппократ».

В настоящее время ветераны-

угольщики могут лечиться по месту 

жительства в рамках госзаказа 

и дополнительно - в шахтерской 

медсанчасти, где гарантируется 

бесплатная помощь (в расчете на 

год) в сумме 10-11 тысяч тенге по 

перечню, указанному в лимитной 

книжке, выдаваемой ветеранской 

организацией. Уже распределено 

1750 таких книжек. 

Однако от пенсионеров 

поступают жалобы на 

ограниченное количество 

бесплатных медуслуг, 

необходимость оплаты дневного 

стационара, повторного 

обращения к врачу и т. д. 

Руководство МФ «Гиппократ» заверило, 

что эти проблемы устранимы. Пенсионерам 

необходимо открепиться в поликлинике 

по месту жительства и зарегистрироваться 

в МСЧ. В этом случае они будут получать 

полный спектр бесплатных медуслуг в рамках 

госзаказа, медикаменты, иметь возможность 

вызвать на дом врача и «скорую помощь», без 

очереди попасть на прием.

В части оплаты услуг дневного стационара 

фирма гарантирует, что с 1 марта для 

неработающих пенсионеров и регрессников 

они бесплатны, но не в поликлинике, а 

в госпитале МСЧ. Этой услугой могут 

воспользоваться все пенсионеры 

Караганды, Абая, Шахтинска и 

Сарани.


«Гиппократ» также 

гарантирует 15% скидку на 

платные лечебные процедуры для 

пенсионеров. 

В соответствии с 

действующим законодательством, 

лечебные процедуры в 

физиокабинетах не включены 

в перечень гарантированного 

объема бесплатных медуслуг, 

что вызывает массу жалоб. 

Поэтому необходимо, по мнению 

участников встречи, решать этот 

вопрос на уровне правительства.

В заключение встречи 

стороны решили, что по всем 

рассмотренным вопросам будет 

принят протокол согласованных 

решений по медицинскому 

обслуживанию неработающих 

пенсионеров угольного 

департамента.



Виктор МИНИН

Это сегодня она - ветеран 

предприятия, а было время, 

когда без общительной Зинаиды 

Федоровны не обходилось 

ни одно мероприятие на 

шахте «Саранская». Впрочем, 

«Саранская» была позже. 

А сначала она возглавляла 

комсомольскую организацию 

швейной фабрики в Сарани. 

Молодые швеи часто приезжали с 

концертами на шахту «Дубовская», 

проводили совместные 

соревнования по различным видам 

спорта. Тогда-то и приметило ее 

местное руководство. В 1966 

году Зинаиду пригласили на 

«Дубовскую» спортинструктором. 

Думала, сомневалась - справится 

ли?.. С девчонками-то на фабрике 

сразу нашла общий язык, а тут - 

шахта, большинство работающих - 

мужчины... 

И все-таки - согласилась. 

Целых 14 лет отдала она 

спортивной работе, подчас 

совмещая основную деятельность 

с обязанностями бухгалтера 

профкома шахты (тогда это 

был еще шахтком), хотя без 

специального образования это 

было нелегко. Но - справлялась, и 

не без успеха. 

А спорторганизатор Зинаида 

была еще тот! Создавала 

секции, проводила массу 

соревнований, в том числе - по 

ГТО, организовывала акции: 

«Всей бригадой - на стадион!», 

«Всей семьей - на старт!»... Да и 

сама, подавая пример, заражая 

своим энтузиазмом шахтеров, 

участвовала в состязаниях. 

Словом, с утра до вечера - на 

шахте. Как спортинструктора, 

ее высоко ценил председатель 

спортивного клуба «Шахтер» 

Юрий Честнов.

…Как-то председатель 

шахткома Александр Михайлович 

Тюнев сказал: «Тебе, Зина, 

учиться надо. Спорт имеет свои 

возрастные ограничения. А 

дальше-то что делать будешь?..» 

Предложение председателя 

озадачило Зинаиду. 

Действительно, не будешь же до 

самой пенсии бегать и прыгать! И 

она поступила в Целиноградский 

финансово-экономический 

техникум, окончив его с отличием.

В 1980 году ее переводят в 

профком шахты «Саранская» 

бухгалтером. На этом поприще 

Зинаида Федоровна проработала 

15 лет.

И вновь - перемены. На 



профсоюзной конференции 

в 1995 году ее избирают 

заместителем председателя 

профкома шахты. Это был 

период, когда дела не только 

на «Саранской», но и на других 

шахтах не клеились. Угля - 

нет, денег - нет… Приходилось 

уговаривать мужиков: «Ваши отцы 

и худшие времена видели, но 

работали. А вы что же?..» 

Лишь с приходом компании 

«АрселорМиттал» дела начали 

поправляться, в глазах заблестел 

огонек, появилась надежда на 

лучшее.


Летом 1997 года ее 

единогласно избирают 

председателем профкома шахты. 

Это было особым доверием со 

стороны шахтеров.

Конечно же, обязанностей 

прибавилось и значительно. А с 

присоединением к «Саранской» 

шахт «Сокурская» и «Актасская» 

их стало еще больше. Словом, 

девять лет, наполненных 

хлопотами и заботами, пролетели 

как один день. На пенсию вышла 

в 2006 году. А к признательности 

людей прибавились и награды - 

знаки «Трудовая слава» третьей и 

второй степеней, медаль «Ветеран 

труда». Впрочем, дело не в знаках 

отличия, а в отношении к ней тех, 

с кем довелось работать бок о бок 

не один десяток лет, делить общие 

радости и трудности.

Находясь на заслуженном 

отдыхе, Зинаида Федоровна 

старается не отставать от жизни 

- постоянно интересуется, как 

там дела на «Саранской», что 

нового в угольном департаменте... 

Сожалеет, что не успела довести 

«до ума» музей трудовой славы 

предприятия, хотя зачин был 

сделан хороший.

А дочь Анжела пошла 

по стопам матери - она тоже 

работает в профсоюзном 

комитете, правда, на шахте имени 

Кузембаева. А на «Саранской» 

несут трудовую вахту два 

племянника - один горнорабочий 

очистного забоя добычного 

участка №2, другой - помощник 

начальника участка ВТБ. 

Радуют и внуки - Алексей 

и Алена. Словом, жизнь 

продолжается…




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет