1. Геодезияда қолданылатын координаталар жүйесі



бет1/2
Дата24.12.2022
өлшемі17,85 Kb.
#59347
  1   2

1. Геодезияда қолданылатын координаталар жүйесі
Белгілі бір нүктенің жер бетіндегі орнын оның координаталары арқылы анықтауға болады. Геодезияда координаталар жүйесінің мынадай түрлері бар: географиялық, геодезиялық, полярлық және тік бұрышты.
Географиялық координаталар. Нүктенің жер бетіндегі орнын жалпы дүние жүзілік масштабта анықтау үшін географиялық координаталар қолданылады. Олар - ендік, бойлық (сурет 3.1).
Ендік (φ)- берілген нүкте арқылы өтетін тіктеуіш сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрыш. Ендік экватордан екі жаққа солтүстік және оңтүстікке қарай 00 –тан 900 –қа дейін саналады. Ендік солтүстік жарты шарда – оң, оңтүстік жарты шарда –теріс болады.
Бойлық (λ)-сол нүкте арқылы өтетін меридиан мен бастапқы меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш. Бойлық бастапқы меридианнан басталып, 00 –тан 1800 –қа дейін батысқа не шығысқа қарай есептеледі
Географиялық координаталар жүйесі бүкіл жер шарына ортақ және олар астрономия,сфералық геометрия,картография,ғарыш мәселелерін шешуде жиі қолданылады.
Жазықтықтағы координаталар жүйелері ішінде геодезияда кеңінен тарағандары тік бұрышты және полярлық координата жүйелері.
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі.Шағын аймақтары біршама қысқа арақашықтықтарға байланысты есептерді шешкенде,жазықтықтағы Х ж/е У осьтерінен тұратын тік бұрышты координаталар жүйесі пайдаланылады.Бұл жүйеде координаталар басы шартты түрде алынады,яғни еркін бір нүктеден басталады.Тік бұрышты координаталар жүйесінде Х осі абцисса,ал У ордината осьтері болып белгіленеді. Математикада қолданылатын декарттық тік бұрышты жүйеден геодезиядағы бұл жүйенің айырмашылығы ширектер оң жаққа қарай нөмрленеді,яғни солтүстік шығыс ширектен басталып,сағат тілінің бағытымен есептеледі.Әлбетте, мұның өзі геодезиялық есептеулер кезінде тригонометриялық формулаларды ешбір өзгеріссіз пайдалануға мүмкіндік береді.
Жер бетін немесе оның жеке бөлшектерін планға, картаға түсіру үшін оның әртүрлі биіктікте орналасқан нүктелері жазықтық бетке проекцияланады. Проекциялау кезінде мына шарттар орындалуы қажет:
1. Жер бетіндегі ара қашықтықтардың өзгерісінің ауытқуының шамалы болуы;

  1. Жер бетіндегі бұрыштың проекцияға ешқандай өзгеріссіз түсуі;

3. Географиялық координаталардан тік бұрышты координаталар жүйесіне көшу.
Осы жоғарыда айтылған шарттарға көлденең цилиндрлік деп аталатын неміс ғалымы Гаусс-Крюгер ұсынған проекция тәсілі сәйкес келеді. Бұл проекцияларда жер эллипсоидының беті зоналарға бөлінеді




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет