1. «Гипоталамус гормондары: либериндер мен статиндер» тақырыбындағы кестені толтыру



Дата09.05.2022
өлшемі343,9 Kb.
#33165
түріСабақ

ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Тақырыбы: Гемостаздың реттелуіндегі гуморальдық факторлар. Гипоталамо-гипофизарлық жүйе. Бүйрек үсті безінің қыстысты және милы қабаттары гормондарының физиологиялық маңызы

Хаттамаларды толтыру:


1. «Гипоталамус гормондары: либериндер мен статиндер» тақырыбындағы кестені толтыру.




Гипоталамус гормондары: либериндер

Гипоталамус гормондары: статиндер

1.

Кортиколиберин

Соматостатин

2.

Тиролиберин

Меланостатин

3.

Люлиберин

Пролактостатин

4.

Фоллилиберин




5.

Соматолиберин




6.

Меланолиберин




7.

Пролактолиберин





2. «Гипофиздің алдыңғы және артқы бөлімдерінің гормондары» тақырыбындағы кестені толтыру.


Гипофиздің алдыңғы бөлімінің гормондары



Гормонның аталуы

Қызметі

1.

Соматотропин

Соматотропин жәй белок ацидофилдік клеткаларда түзіледі, денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға әсер етеді, әсіресе белок түзілуін, айталық РНҚ, синтездік қасиетін күшейтеді, амин қышқылдарының қаннан ткань клеткаларына өтуін, сіңуін тездетеді, сөйтіп клеткалар мен тканьдердің өсіп дамуын қамтамасыз етеді. Соматотропин сондай-ақ, азот тепе-теңдігін өзгертіп, денеде азот көбейеді, кальций, фосфат, натрий тұздарының сақталуына себепкер, бүйрек тканінің өсіп дамуын, қатаюын тездетеді. Коллагендер түзілуін де үдетуі мүмкін. Соматотропин гликогеннің ыдырауын гликогенолиз, глюконеогенез процестерін тездетеді.

2.

Тиротропин

Тиротропин қалқанша тканін ұлғайтып, оның сөліністік қабілетін күшейтеді. Тиротропин шектен тыс көп шығарылса гипофиздік гипертиреозға әкеліп соғуы мүмкін.

3.

Адренокортитропин

Аденокортитропин-бүйрекүсті бездің өнімі. Ол аталған бездің қыртыс қабатындағы клеткаларын өсіріп, кортикостероид гормондардың әсіресе глюкокортикоидтар адамның ашу ренішін, қайғы-мұңын басып, көңіл күйін жақсартады. Ем қонбаған ауруларға кортизон, гидрокортизон гормондарын беріп, олардың сырқатына деген төзімділігін күшейтуге болады.

4.

Гонадотропин

Гонадотропин екі түрлі гормоннан тұрады:лютропин- тестостерон мен прогестерон. Әйелде аналық клетканың пісіп жетілуімен безді жарып шығуын тездетеді, оның орнында пайда болған сары дененің қызметін жақсартып, қалыатасуын қамтамасыз етеді.

5.

Фоллитропин

Фоллитропин-ана безі фолликуласын ұлғайтып, онда гормондар түзілуін үдетеді, қанда эстрогендерді көбейтеді және сперматогенезді тездетіп, сперматозоидтардың өсуін жеделдетеді.

6.

Лютропин

Лютропин-аналық және аталық без-тестостерон мен прогестерон гормондарының түзіліп бөлінуін күшейтеді.

7

Пролактин

Пролактин, лактоген гормоны ацидофилдік клеткаларда түзіледі, сүт түзілуін, оның сыртқа шығарылуын үдетеді. Пролактиннің қызметі күшейсе, экстроген мен прогестерон гормондар әсері керісінше тежеледі. Босанған әйелде прогестерон әдеттегіден аз, ал пролактин керісінше көбірек бөлінеді, сүт көп шығады, сүт сапасы, майлылығы, дәмі артады





Гипофиздің артқы бөлімінің гормондары




Гормонның аталуы

Қызметі

1.

Вазопрессин

Вазопрессин бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны антиурездік гормон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс көп шығады(полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын тарылтып, қысымын күшейтеді.


2.

Окситоцин

Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады, жатырдың жиырылуы әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.


3. Сызбанұсқаны толықтыру



Гипофиз

Аденогипофиз

Нейрогипофиз

АКТГ

ТТГ

ФСГ,ЛГ

ФСГ,ЛГ

Пролактин

СТГ

Окситоцин

Вазопрессин

Бүйрек үсті бездері

Қалқанша безі

Аталық бездер

Аналық бездер

Сүтті бездер

Қаңқа жүйесі

Жатыр

Бүйрек.

4. «Бүйрек үсті безінің қыстысты және милы қабаттары гормондарының физиологиялық маңызы» тақырыбындағы кестені.


Бүйрек үсті безінің қыстысты қабаты

Гормондары

Физиологиялық маңызы

Шумақты аймағы


ГКС зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді, әсіресе катаболикалық процестерді күшейтеді. Мұндай жағдайда терінің, бауырдың, еттің, майдың, дәнекер және лимфа тканьдерінің клеткалары нысана-клетка рөлінде болады. Тканьдерде ГКС-дың әсерінен бір қатар ферменттердің (трансаминаза, оксидаза, т.б.) белсенділігі күшейеді. ГКС-дың белоктың алмасуына әсері: а)барлық тканьдерде, әсіресе ет тканінде белоктың ыдырауы күшейеді. ГКС-дың зат алмасуына ықпалынан диафрагма мен жүрек еттері резистентті болады тіпті кортизонның әсерінен жүрек етінің салмағы да артады; ә)қандағы аминқышқылдар мен несептегі азоттың мөлшері көбейеді; б)бауырдың мочевина түзеу қызметі артады; в)аталған әсерлерге байланысты, әсіресе белок алмасу өзгеруінен организмнің салмағы азайып, өсуі кідіреді.

Минералокортикоидтар- түйірлі аймағы

Шоғырлы аймағы


МКС-дың негізгі физиологиялық әсеріне су мен тұздардың алмасуына ықпалы жатады. Бұл бүйрек тканінде тер және сілекей бездеріне, асқорыту жолының шырышты қабатындағы клеткаларға әсер ету арқылы іске асады. Бүйректегі түтікшелер аппаратының дистальды бөлімінде натрийдің кері сіңуін альдостеронның арттыруы іс жүзінде дәлелденді. Мұндай әсерге байланысты Na, CL иондары организмде жиналып, оларға сай организмде судың осмос эквиваленттік саны жиналады. Бұған қоса альдостеронның әсерінен К+, сутек, аммоний организмнен шығарылады.

Андрокортикостероидтар- торлы аймағы.

Торлы аймағы


Жыныс гормондарына қарағанда бұлар анағұрлым әлсіздеу келеді. Дегенмен бұлар жыныс бездерінде түзілетін гормондар тәрізді әсер етеді. Бұлардың маңызы әсіресе балалық, кәрілік шақта зор болады. Адам қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрекүсті бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші ағза болып қалады.

Бүйрек үсті безінің милы қабатының гормондары

Гормондары

Физиологиялық маңызы

Адреналин

Адреналин жүрек-қантамырлар жүйесіне өте күшті эсер етеді а) жүректің жүмысын күшейтіп соғу ырғагын тездегеді, қозгыштыгын үлғайтьш, өткізгіш жүйесі бойынша сериініс өтуін жаксартады

Ә) қан тамырларын тарылтады. Дененің эр жеріндегі тамырлардың адреналинге сезімталдыгы эртүрлі. Мысалы, ішкі ағзаларды (бауыр, ішек, қарын) қанмен қамтамасыз ететін артериола тамырларыныц қабырғасын босаңсытады, ал оған байланысты қаңқа бұлшыкеттеріне келетін канның мөлшерін кобейтеді. Жүректің кан тамырларының көлденең қимасы адреналиннің эсерінен кеңейеді де, жүрек еттерін қанмен камтамасыздандыру жақсарады; б) жүрек кызметі мен каніамырларынын кернеуін өзггерту арқылы адреналин қанның қысымына эсер етеді. Оның мұндай эсері көбінс қыска мерзімде байқалады. Қан кысымының артуы гормонның эсері басталғандагы жагдайға, адреналинді ыдырататын ферменттің белсеңділігіне, мөлшеріне байланысты.

Нораадреналин

Норадреналиннің негізгі қызметі – денені де, миды да әрекетке дайындау ниетімен белсенді ету. Бұл ұйқы кезінде ең төменгі нүктесінде, ал ояу кезінде оның деңгейі жоғарылайды; Бірақ стресстік жағдай туындағанға дейін ғана ол ең жоғарғы деңгейге жетеді, ол төбелес немесе ұшу реакциясы деп аталады.


Орындаған студент: Эланова Фариза тобы: 21-32-1 факультеті:ТФП


Тақырып қабылданды, мерзімі

___________оқутышының қолы



Страница из



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет