1. Халықаралық жария құқықтағы материалды және процессуалды нормалардың сәйкестігі



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі29,02 Kb.
#16133
  1   2   3   4   5

ЖОСПАР
1. Халықаралық жария құқықтағы материалды және процессуалды нормалардың сәйкестігі

2. Халықаралық процессуалдық құқықты қалыптастырудағы объективтік негіздері

3. Халықаралық процессуалдық құқықтың қайнар көздері

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Көбіне халықаралық қатынастардың мәнінің ерекшеліктерін анықтау барысында ғалымдар оның қатысушыларын бөліп көрсетуді негізгі пункт етеді. Олардың қатарында ең алдымен саяси, яғни, адамдардың мемлекеттік ұйымдасқан қауымдастығын атайды. Айталық, Р.Аронның көзқарасы тұрғысынан алғанда, көбіне, мемлекеттердің арасындағы қатынастар халықаралық қатынастардың мазмұны болып табылады, оның даусыз мысалы мемлекетаралық келісімдер болып табылады. Өз кезегінде, мемлекетаралық қатынастар символдық кейіпкерлер – дипломат пен сарбаздың ерекше мінез-құлқында көрінеді. «Екі, тек екі адам, – деп жазады Р.Арон, – жай ғана өздері жататын қауымдастықтың өкілдері ретінде әрекет етпейді: елші өзінің қызметін орындау барысында өзі келіп тұрған жақтың атынан саяси өлшем бірлікті ұсынады; сарбаз соғыс алаңында сол сияқты өзін құрбан етушілердің атынан саяси өлшем бірлікті ұсынады». Байыптап айтар болсақ, мемлекеттердің арасындағы қатынастарды түсінудің мұндай тәсілінің өзі мәнісі жағынан бейбітшілік пен соғыстың альтернативасынан тұрады.

Дегенмен халықаралық қатынастардың негізгі мазмұнын мемлекеттер арасындағы өзара әрекет құрайтындығы жөніндегі тезиске бәрі қосыла бермейді. Бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша қазіргі жағдайларда мемлекеттің өте аз делдалдығы барысында және оның еркіне қарамастан бір-бірімен қатынасқа түсетін әр түрлі адамдар тобы мен жекелеген адамдар халықаралық қатынастардың басты әрекет етушілеріне айналуда. Сонымен қатар егер Р.Арон үшін халықаралық қатынастардың негізгі мазмұнын дипломат пен сарбаз бейнесінде көрінетін мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттер құрайтын болса, ал, Дж.Розенау мүлдем қарама-қайшы қорытындыға келді. Оның пікірі бойынша, әрекет етуші адам ретінде кез келген азамат шыға алатындығы сияқты жағдай халықаралық қатынастар саласындағы өзгерістердің нәтижесіне айналып отыр. Мұндай халықаралық континумның символдық бейнелері енді турист пен лаңкес те бола алады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет