1. hf hcl hi молекулалары қатарында байланыстың полюстігі және беріктігі қалай өзгереді? [1 балл]



Дата21.10.2022
өлшемі16,72 Kb.
#44638

10 «А» сынып
10.1 Химиялық байланыс бөлімі. №2 БЖБ [ Жалпы балл: 15 ]
Мақсаты: Оқушылардың тақырыптар бойынша алған білімдерін жүйелеу мақсатында алынады.


1. HF HCl HI молекулалары қатарында байланыстың полюстігі және беріктігі қалай өзгереді? [1 балл]
А) байланыстың полюстігі де, беріктігі де артады,
Б) байланыстың полюстігі артады, беріктігі азаяды,
В) байланыстың полюстігі де, беріктігі де азаяды,
Г ) байланыстың полюстігі азаяды, беріктігі артады


2. Берилий хлориді молекуласында жүзеге асады [1 балл]
А) s–гибридтену б) sp гибридтену в) sp гибридтену г) sp3 гибридтену 


3. F2 O2 Nмолекулалар қатарында байланыс беріктігі [1 балл]
А) артады б) өзгермейді в) азаяды г) бастапқыда азаяды, одан соң артады


4. Мына химиялық формулалардың қосылыстарында байланыс полюстігі артады [1 балл]
А)NaBr, NaCl, NaF б)CaCl2, CuCl2, Na2O в)CO2, SiO2, ZnO г)FeCl2, NiCl2, MnCl2


1 тапсырма. [3 балл]


Н2О, СО2, N2, NН3, О2, Н2S, НF, F2, СІ2 заттары берілген. Ковалентті полюсті қосылыстарды анықтап молекулаларындағы байланыстырушы электрон бұлты қай атомға қарай ығысатынын анықтаңыз.

2 тапсырма. [4 балл]

Мына қосылыстардағы байланыс типін анықтаңыз. SnO, PH3, ClBr, SrCl2, IrF2, H2O


Қосылыстардағы қай атомдар оң, қай атомдар теріс заряд көрсетеді. Осы қосылыстарды байланыстың иондану дәрежесінің өсу ретімен орналастырамыз.
3 тапсырма. [4 балл]
АICL3, SiO3-2 , ВаI2, NO3- берілген молекулалар мен иондардың Гиллеспи әдісі бойынша кеңістіктегі пішіні мен гибридтену типін анықтаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет