1. ХХ ғ. аяғындағы Қазақстандағы қоныстандыру саясаты. Экспедициялық зерттеу жұмыстары



Дата18.02.2022
өлшемі10,65 Kb.
#25868

Негізгі сұрақтар

1.ХХ ғ. аяғындағы Қазақстандағы қоныстандыру саясаты. Экспедициялық зерттеу жұмыстары.

2. Әкімшілік орындарының қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа аудару шаралары Транспорт. Сауда. Банкі жүйесі. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы.

3.ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес

4. Алаш қозғалысы туралы өз пікіріңізді жазыңыз

1XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді.

«Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті.
3. Мемлекеттік егемендікті алу – бұл алдыңғы буын күресінің, ұмтылысының және мүддесінің қорытындысы. Қазақ хандығының көп ғасырлық тарихын сызып тастауға болмайды. Қазақтарда ұлы билеушілер – хандар, батырлар – азаттық күрескерлері болды.

Тәуелсіздік жағдайында біз ұлт тарихын жаңғыртамыз, Отанның еркіндігі мен дамуын көксеген, халық игілігі үшін өз өмірлерін қиған қазақ зиялыларының игілікті және өшпейтін естелігіне бас иеміз, олардың есімдерін қайта жаңғыртамыз.

Тәуелсіздік үшін күрес тарихы өткен өмірдің батырлық, сондай-ақ трагедиялық: жаппай саяси жазалауға, аштыққа және коллективтендіруге байланысты беттерін де өзіне қамтиды. Кеңес үкіметі қазақ зиялыларының бетке ұстарларын жазалауға ұйғарды: бұл Алаш орда қайраткерлерінің жарқын саңлақтарының тобы – Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Досмұхамедов; көрнекті мемлекеттік қайраткерлер - Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов, Жалау Мыңбаев, Тоқаш Бокин, Абдрахман Айтиев, Ораз Жандосов, Абдолла Розыбакиев және т.б. Түркістан ұлттық қозғалысының көшбасшысы Мұстафа Шоқай эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. Олардың бәрі түрлі әлеуметтік топтардан шыққан, революция дауылы дәуірінде қоғамдық-саяси таңдаудың түрлі нұсқаларының өкілдері болды, бірақ олардың бәрі туған елінің түбегейлі мүддесіне қызмет етуді өздерінің міндеті санады.

Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын талап етуін заңды процесс ретінде түсінген “Алаш” азаматтары Кеңес өкіметімен келіссөздер жүргізіп, ұлттық автономия мәселесін шешуді қолға алды. Осы мақсатта 1918 ж. наурызында Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Оралдан Мәскеуге барып, Халық Комиссары Кеңесінің төрағасы В.И. Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға 1917 ж. желтоқсанда өткен екінші қазақ-қырғыз съезінің қаулысын табыс етті. И.В. Сталин қаулымен танысқаннан кейін 19-20 наурызда Семейдегі Ә.Бөкейханов және Х. Ғаббасовпен телефон арқылы сөйлесті. Сөз Алашорда автономиясының мәртебесі туралы болды.

Уақыт өтеді, жаңа ұрпақ өмірге келеді, бірақ ХХ ғасырдың басында қалыптасқан парасаты мен рухы жоғары адамдардың қоғамдық ойлары мен рухани тәжірибесінің қасиетті мұрасы кейінгі он жылдық, жүз жылдық та да осы жерге, оның халқына қызмет етеді, оның болашақ тарихын қолдайды.

4. Алаш қозғалысы туралы өз пікіріңізді жазыңыз

«Алаш»-осы төрт ақ әріптен құралған мазмұны терең елеулі сөз былай қарасаң айтуға оңай. Алайда осы сөздің астарында, қисапсыз қасіреттер, ұлты үшін құрбан болған қазақ зиялыларының қиын тағдырлары, қазақ халқының тарихы жатыр.

Ия «Алаш» сөзі-киелі ұғым.

Алаш-Қазақстанның «Мәңгілік ел» ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы.

Алаш – Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілік мүддесінің үзілмеген арқауы.

Алаш –Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының батыл да бастамашыл білік пен парасат, білім мен жауапкершілік тарихына қараған айнасы.

Алаш XX ғасырдағы қазақ халқының ұраны. XXғасыр өте қиын кезең еді. Қазақ зиялылары XX ғасырдың табалдырығында тұрып-ақ туған халқының басына кигізілген бодандық ноқтасының уақыт өткен сайын тарылып бара жатқанын жан дүниесімен сезініп, қайткенде де одан құтылуға болады деген сұрақ іздеді.Сайып келгенде олар ұлттық болмысқа негізделген халықтың руханият пен өмір сүру саласының ғасырлар бойғы қалыптасып, сыннан өткен түрлерінің бодандық шылауынан соң бірте-бірте әлсіреп, жойыларын жақсы білді.Оған жетпеудің жолы немесе қазақтың ұлт, халық ретінде аман қалуы үшін міндетті түрде рух биіктігі керек.Ұлттық рух ұлттық сананы оятады, қажымас қайрат пен асқақ зияткерлікті білдіреді. Ал осылардың бәрін ұйыстырып, ұйымдастыратын белгілі бір құрылым қажет еді. Міне, осындай өмір қажеттілігіне орай, қоғамдық, тарихи қажеттіліктер негізіне Алашорда қозғалысы, Алашорда партиясы, сәл кейінірек Алашорда үкіметі дүниеге келді.

Осы кезеңде Ә.Бөкейханов бастаған бүкіл алаш зиялылары жиналып Алаш партиясын құрған болатын.Орынборда бүкіл халықтық I съезд өткізіліп,онда Алаш партиясының 10 жобасын талқылап мемлекеттік деңгейді мемлекеттің тілін, дінін,жер мәселесі яғни бір сөзбен айтқанда қазақ халқының ұлттық мәдениетін әлемдік деңгейге көтеру жоспарланды. Олар қасық қандары қалғанша ұлттық тәуелсіздік жолында, адами жолында сол үшін бастарын тасқа да, тауға да соқты.

Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың 20 жылдарында Қазақстанның оқу-ағарту комиссары, Алаш қозғалысының мүшесі, ғылым, әдебиет, өнер салаларында шығармашылық жұмыспен шұғылданды. А.Байтұрсынұлы «Ғылыми және практикалық білімнің жиынтығын бойына сіңірген халық қана айбарлы да бай болады» деп санады. Ғасыр басында Алаш ардақтылары Қазақ АССР-ның Қазақ-Қырғыз Білім Комиссиясында жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, халқын мәдениетке сүйреуде жан аямастан қызмет етті. Білім Комиссиясы жұмысына Мағжан Жұмабайұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Иса Тоқтыбайұлы, Санжар Асфендиярұлы, Халел Досмұхамедұлы т.б. қатысты. Алаш ордасы партиясы қазақ халқынаXX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзек жарды мәселесі болып отыр.

М.Әлімбаев:«Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу парыз» — десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз.
Пайдаланылған әдебиттер:

1. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. А., 1995.



2.Восстание 1916 г. в Средней Азии и Казахстане. М., 1960

3.Абжанов Х. Сельская интеллигенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет