1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


І-ші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан



бет7/92
Дата22.02.2022
өлшемі171.87 Kb.
#26088
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92
8. І-ші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан

1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Ме 1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды. млекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды.


Бірінші орыс революциясы қазақ өлкесінде социалдемократтардың алғашқы ұйымдарының құрылуына ықпал етті. Олар Қазақстандағы жұмысшы табының басын қосып патша самодержавиесіне қарсы күреске басшылық етті. Қазақстанда өз беттерімен саяси білімін көтерушілердің алғашқы марксистік үйірмесі Атбасар қаласында құрылды. Оны Оралдан жер аударылып келген жұмысшы А. Д. Ушаков 1896 жылы ұйымдастырған еді. XX ғасырдың бас кезінде марксистік үйірмелер Қазақстанның Орал, Ақмола, Петропавл, Қостанай, Семей сияқты басқа да бірқатар қалаларында пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет