1. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі239,35 Kb.
#9014

 

 

04.



05.

2015 


   

Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларының кен орындарын 

алғашқы ашушылар туралы ереже 

 

 

1. Жалпы ережелер 

 

1.  Қазақстан  Республикасы  пайдалы  қазбаларының  кен  орындарын 



алғашқы ашушылар туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Жер қойнауы және жер 

қойнауын  пайдалану  туралы»  2010  жылғы  24  маусымдағы  Қазақстан 

Республикасының  Заңы    (бұдан  әрі  –  Заң)    20-бабының 32-12)  тармақшасына 

сәйкес әзірленді. 

2.    Қазақстан  Республикасы  кен  орнын  алғашқы  ашушы  (бұдан  әрі  - 

Алғашқы  ашушы)  -  өнеркәсіптік  құндылыққа  ие,  бұрын  белгісіз  болған  кен 

орнын  ашқан,  сондай-ақ  бұрыннан  белгілі  кен  орнында  пайдалы  қазбалардың 

қосымша  қорларын  немесе  оның  өнеркәсіптік  құндылығын  едәуір  ұлғайтатын 

жаңа минералдық шикізатты анықтаған тұлға. 

3.  Алғашқы  ашушы  кен  орнын  ашуға  және  барлауға  тікелей  қатысқан 

және ерекше көзге түскен: 

1)  шығармашылық  бастама  жасаған  және  нәтижесінде  өнеркәсіптік 

құндылығы  бар  жаңа  кен  орны  ашылған  геологиялық  барлау  жұмыстарын 

жүргізу қажеттілігін ғылыми негіздеген; 

2)  белгілі  кен  орны  шегінде  оның  қорын  бұрын  бекітілгенмен 

салыстырғанда  кемінде  екі  есе  ұлғайтатын  жаңа  дербес  учаскелерді,  кенді 

денелерді,  қаттарды,  қабаттарды  немесе  өнеркәсіптік  пайдалануға  жарамды 

жаңа  пайдалы  қазбаны  ашқан  жеке  тұлғалар  Алғашқы  ашушылар  деп 

танылады. 

4.  Алғашқы  ашушы  деп  танылған  тұлғаға  «Қазақстан  Республикасының 

кен орнын алғашқы ашушы» дипломы беріледі. 

5.  «Қазақстан  Республикасының  кен  орнын  алғашқы  ашушы» 

дипломының  үлгісін  индустриялық  саясатты  реттеу  саласындағы  уәкілетті 

орган бекітеді. 

6.  Кен  орнын  ашуға  алып  келген  геологиялық  барлау  жұмыстарын 

жүргізу  қажеттілігін  негіздеуге,  кен  орнын  ашу  мен  барлауға  өзі  тікелей 

қатыспаған,  өзінің  қызметтік  міндеттеріне  қарай  көрсетілген  жұмыстарға 

жалпы басшылықты жүзеге асырып отырған лауазымды тұлғаларға «Қазақстан 

Республикасының  кен  орнын  алғашқы  ашушы»  дипломын    тапсыру 

жүргізілмейді. 

 

2. Өтінішті қарау және жеке тұлғаны пайдалы қазба кен орнын 

Алғашқы ашушы деп тану туралы шешім қабылдау 

 

7.  Жеке  тұлғаны  Алғашқы  ашушы  деп  тануға  байланысты  мәселелерді 

жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - 


 

 



уәкілетті  орган)  білікті  мамандарынан  құралатын  және  уәкілетті  органның 

жанындағы  Пайдалы  қазбалар  кен  орындарын  алғашқы  ашу  істері  жөніндегі 

комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды. 

8.    Қазақстан  Республикасы  Инвестициялар  және  даму  миннистрлігінің 

Геология  және  жер  қойнауын  пайдалану  комитетінің  Геология  және  жер 

қойнауын  пайдалану  өңіраралық  департаменттері  (бұдан  әрі  -  өңіраралық 

департаменттер)  жанынан  тиісті өңіраралық департаменттердің  мамандарынан 

тұратын пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашушылар істері жөніндегі 

өңіраралық комиссиялар (бұдан әрі - өңіраралық комиссиялар) құрылады.  

9.  Пайдалы  қазбалар  кен  орындарын  алғашқы  ашушылардың  істері 

жөніндегі  комиссия  туралы  ережесі  Қазақстан  Республикасы  Инвестициялар 

және  даму  миннистрлігінің  Геология  және  жер  қойнауын  пайдалану 

комитетімен  бекітіледі,  өңіраралық  комиссиялардың  құрамына  сәйкес 

аймақтың өңіраралық департаментімен бекітіледі. 

10.  Комиссиялар  және  өңіраралық    комиссиялары  өз  қызметінде 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясын,  Заңын,  өзге  де  нормативтік 

құқықтық актілерін, осы Ережені, сондай-ақ пайдалы қазбалар кен орындарын 

алғашқы ашушылардың істері жөніндегі комиссия туралы ережені басшылыққа 

алады. 

11.  Пайдалы  қазба  кен  орнын  ашу  туралы  жеке  тұлғаның  өтініші  жеке 



басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен қоса өңіраралық департаментке 

ұсынылады,  онда  тіркеледі  және  өңіраралық  комиссияның  қарауына 

тапсырылады. 

12. Өңіраралық комиссия өтініш түскен күннен бастап он бес күнтізбелік 

күн мерзімде оны қарайды және: 

1) кен орнының ашылу фактісін және кен орнын ашуға өтініш берушінің 

(өтініш берушілердің) қатысқанын

2)  кен  орнының  өнеркәсіптік  құндылығын,  зерделену  дәрежесі  және 

толықтығын,  оны  рентабельді  өңдеу  мүмкіндігін  немесе  қосымша  зерттеудің 

орындылығын анықтайды. 

13. Өтініште баяндалған материалдарды қосымша зерттеу немесе тексеру 

жүргізу  қажет  болған  жағдайда,  қарау  мерзімі  отыз  күнтізбелік  күннен 

аспайтын болып ұзартылуы мүмкін, ол туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен 

бастап үш күнтізбелік күннің ішінде өтініш берушіге хабарланады. 

14.  Өңіраралық  комиссиялар  өтінішті  қарағаннан  кейін  материалдармен 

қоса  және  өтініш  берушіні  Алғашқы  ашушы  деп  тану  не  танудан  бас  тарту 

негіздемесі бар қорытындыны уәкілетті органға жібереді. 

15. Комиссияның отырыстары өңіраралық комиссиялардан пайдалы қазба 

кен  орнын  ашу  туралы  жеке  тұлғаның  өтінішін  қарау  нәтижелері  бойынша 

қорытынды алынған сәттен бастап бір ай ішінде, бірақ жылына кемінде бір рет 

өткізіледі. 

16.  Өтініш  беруші  Комиссияның  отырыстарын  өткізуге  байланысты 

шығыстарды төлемейді. 


 

 



17. Өтініш берушіні Алғашқы ашушы деп тану не оны Алғашқы ашушы 

деп  танудан  бас  тарту  туралы  шешім  Комиссияның  хаттамамен  ресімделетін 

ұсынымы  негізінде  қабылданады.  Шешімді  Комиссияның  ұсынымы  түскен 

күнінен  бастап  жеті  жұмыс  күні  ішінде  уәкілетті  органның  бірінші  басшысы 

бекітеді. 

18. Өтініш берушіні Алғашқы ашушы деп танудан: 

1) ол өзі туралы біле тура жалған мәліметтерді ұсынған

2) кен орнын барлауға, оны ашуға белсенді түрде қатысқан өтініш беруші 

үлесінің жеткіліксіздігі туралы шешім болған жағдайда бас тартылады. 

19. Уәкілетті органның өтініш берушіні Алғашқы ашушы деп танудан бас 

тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 

тәртіппен шағым берілуі мүмкін. 

 

 

            _____________________________________________________ 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет