1. Жарық терапиясы фототерапия


Жануарларға дәрі-дәрмектерді тері астына енгізу техникасы



бет12/43
Дата17.01.2023
өлшемі102.66 Kb.
#61732
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
22.Жануарларға дәрі-дәрмектерді тері астына енгізу техникасы Малдың дәрі ерітіндісін енгізетін жерінің түгін қырады, теріні спиртпен немесе йодтың спирттегі ерітіндісімен немесе йодиналмен екі рет сүртіп тазалайды. Инструменттерді 30 минут 2 %-ды ас содасының ерітіндісінде, шприцтермен инелерді дәкеге орап, дистилденген суда қайнатады. Дәрі-дәрмектердің судағы, майдағы ерітінділерін стерильді күйінде мал температурасы- на жақындатып енгізеді. Дәрі-дәрмектерді енгізер алдында қолды тазалап жуып зарарсыздандырады. Ірі қара малға дәрі-дәрмектерді мойынның үштен бір бөлігінің ортасына, жауырын астына, төстікке енгізеді. Сол қолдың бас бармағы мен сұқ саусағымен теріні көтереді, пайда болған шұңқырға инені 45° көлбей енгізіп, дәріні жібереді. Жұмысқа жегетін жылқыларға әбзелдер кигізетін жерге дәрілерді енгізуге болмайды. Ұсақ малға және ет қоректілерге сол және оң жақ мойнына кеуденің қабырғасына ортан жіліктің іш жағына, іштің төменгі жағына енгізеді. Шошқаның құлағының түбіне құрсақ қуысының іш жағына енгізеді. Тері астына ерітіндіні көп мөлшерде еккенде, жайлап енгізеді, дәрі енгізген жерді сипалап, ұқалап қойып отырады. Бір жерге тері астына Бобров аппаратымен және Жанэ шприцімен 200-300 мл дәрілер енгізіледі.
24.Перикардитті емдеу (травматикалық емес) ең алдымен, перикардитке себепші болған негізгі ауруға бағытталады. Бастапқы кезде ауру малдың жүрек тұсына суықтық тартады, су мен қомақты азықтар беруді азайтады. Жіті жарақатсыз перикардитте пенициллин қатарлы антибиотиктермен (натрий тұзды ампициллин, оксициллин, бензилпенициллин), алиногликозидтер (стрептомицин, гентамицин, аминокацин, цифолоспориндер (цефазолин), сульфаниламидтер тағайындайды. Жиналған экссудатты кетіру үшін несепті айдайтын дәрі-дәрмектер, йодты препараттар беріп, артериядағы қысым азайғанда глюкозаға қосып кофеин қолданады. Йодты препарат ретінде ірі қара малдарға кальцийодинді аузынан күніне 1-3 рет 2-10 грамнан, үсақ малдарға 0,2-1 г. береді. Кофеин-натрий бензоатын немесе кофеин-натрий салицила- тын тері астына мынадай мөлшерде енгізеді: ірі қара мал мен жылқыларға 3-8 г, ұсақ мал мен шошқаларға 1-2 г., иттер мен түлкілерге 0,2-0,5 г, тері астына кардиамин ірі қара малға 10-15 мл, итке 0,5-1,5 мл. Глюкозаны ауыздан беруге де болады, бірақ 30-40 % ерітіндісін қантамыры арқылы енгізген пайдалы, мөлшері: ірі қара мал мен жылқыларға 30-150 г, ұсақ малдарға 10-30 г, иттерге 2-8 г, түлкілер мен ақ түлкілерге 2-5 г. Перикардиттің жарақаттан болған түрін кей жағдайларда операция жасап, ауырған малды аман сақтап қалуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет