1. Жарық терапиясы фототерапия



бет2/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
3. Миокардит диагностикасы Балау. Аурудың өту кезеңдерінің тән белгілеріне негізделінеді. Ауруды анықтауда электрокардиографияның (жүректің биотогын жазу) маңызы өте зор, өйткені ол әдіс арқылы аурудың өту кезеңдері туралы толық, анық мәліметтер алып, болжамы туралы да дұрыс пікір айтуға болады. Миокардитті анықтау үшін оның атқаратын қызметін сынай- тын (функциональді сынақ) әдіс қолданылады: малды шамалы желдіреді де, жүрек соғысын мұқият тексереді. Миокардитпен ауырса, желдіргеннен кейін де, жүрек етінің рецепторлар аппаратының қатты қозғандығының дәлелі ретінде, жүрек соғысының жылдамдығының жиілеуі қимылды тоқтатқаннан кейін де 2-5 минутке созылады.
4.Спецификалық емес белсендіру терапиясы (протеинотерапия) Протеинмен емдеу (протеинотерапия) дегеніміз – организмге емдік мақсатпен парэнтеральды жолмен түрлі белоктік заттарды енгізу: протеинмен емдеу принципі өте қүрделі емдеу әдістеріне жатады. Зат алмасудың бағыты мен белсенділігі орталық жүйке жүйесінің бақылауында болып, тітіркендіргіштердің экстеро және интерорецепторларға әсеріне байланысты жүреді. Бұл кезде организмнің түріне және ерекшеліктеріне байланысты күрделі рефлекторлық механизмдер іске асырылады. Жас организм кәрі организмге қарағанда диссимиляция өнімінің бірдей мөлшеріне басқаша қарсы әрекет көрсететініне күмән жоқ. Соған қарай бірде ассимиляция, бірде диссимиляция күшейе түседі. Белокты парэнтеральды жолмен енгізгенде, ол ыдырап клеткалар мен ұлпалардағы физикалық-химиялық процестерге әсер етіп, организмнің жүйке жүйесінің жауап беру мүмкіндігіне өзгеріс туғызатын биологиялық белсенді заттар құрайды. Олар пайдаланылған дәрінің қасиетіне байланысты қолайлы және қолайсыз болуыда мүмкін. Бұған дәрінің енгізу жолдары, мөлшері, ауру сипатының әсері де жатады. Кез-келген белоктың әсерінде екі фазаны бақылауға болады: бірінші фаза кезінде жергілікті, жалпы, ошақтық реакциялар байқалуы мүмкін, ауру малдың халі уақытша нашарлайды, дене қызуы көтеріледі, дәрі енгізілген жердің қабынуы байқалады. Дене қызуының көтерілуі ең жоғарғы шегіне 6-10 сағатта жетеді және көбінесе бір тәуліктен аспайды. белоктың ыдырау өнімдерінің жүйке жүйесіне әсерінен қан қысымы жоғарылап, бүйрек арқылы азоттық заттардың шығарылуы күшейеді, азық қорыту трактысының спастикалық жиырылуы тоқтайды. екінші фазасында дәрі енгізген жердегі реакция жоғалып, қызу өз қалпына келеді, қабыну процесі басылады. белок дәрісінің шамадан тыс көп мөлшерін енгізгенде және организмнің қарсы тұру қабілетінің әлсіреген кезінде орталық жүйке жүйесінің, тыныс алу, қан айналу жүйелерінің жұмысы бұзылуы мүмкін. сондықтан, протеинотерапияны қолданған кезде ауру организмнің жағдайын, оның ерекшелігін, патологиялық процестің сипатын ескере отырып, осыған байланысты дәрі мөлшерін дұрыс есептеу керек. протеинмен емдеу шектеулі инфекция пайда болғанда тиімдірек болады, мысалы фурункулез, флегмона, абсцесс, плеврит, желінсау, метрит, қатты созылмалы артрит, пиелит және тері аурулары кезінде. тән емес протеинмен емдеуді қатты және қатайған созылмалы инфекция кезінде, мысалы белсенді өкпе туберкулезі, жүрек компенсациясының бұзылуы, бүйрек қабынуы, бауыр аурулары, организм толық әлсіреген кезде қолдануға болмайды. Оны артериосклероз, гипертония, жүрек ақауы, миокардит, аллергиялық құбылыс кезінде аса сақтықпен қолдану керек. тән емес протеинмен емдеу мақсатында дені сау мал қанының сарысуын,соның ішінде иммундығын тілмеге қарсысын, чумаға қарсысын, сібір жарасына қарсысын және басқаларын қолдануға болады. Қолданылу мерзімі өткен иммундық сарысулар ерекше емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет