1. Жарық терапиясы фототерапия


Қан тамырлары аурулары (артериосклероз)



бет22/43
Дата17.01.2023
өлшемі102.66 Kb.
#61732
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
45. Қан тамырлары аурулары (артериосклероз) Ауылшаруашылық малдарының қан тамырларында кездесіп тұратын түрлі аурулардың ішінен жиі кездесетіндері тамырдың әктеніп қатаюы (артериосклероз) мен тамырдың қан ұюынан бекітілуі (тромбоз). Артериосклероз (Arteriosclerosis) - артерияның әктеніп қатаюы тамырдың қабырғасында дәнекер ұлпалардың өсіп қалындануымен сипатталады. Көбінесе атеросклероз - тамырдың ішкі қабығына холестериннің (май тәріздес зат) жабысып шоғырланып нығыздауы себепкер болады. Себептері. Артерияның әктеніп қатаюының өздігінен пайда болуы сирек кездеседі, егер кездессе, онда кәрі малдарда ғана болады. Көп жағдайларда, ол дұрыс азықтандырылмағандықтың салдарынан организмдегі зат алмасуының бұзылуынан және індетті құрт, жұқпалы емес басқа да аурулардың асқынып, уыттың денеге таралуынан пайда болады. Тамырдың қатаюына себепкер болатын бірде-бір жағдай, тамырдың қызметіне көп уақыт бойы ауыр салмақ түсіру. Дамуы. Артерносклероз, малдардың көпшілігінде баяу дамиды. Азғындаудың алдыңғы кезінде тамырдың ішкі қабатында (интима) май қату, жылтыр шеміршектену (гиалин) және шіру (атероматоз) процестері басымырақ болады да, сонан соң тамыр қабырғаларына дәнекер ұлпалар (фиброзды) өсіп кетеді (артериосклероз). Ауыр өткен жағдайда, тіпті тамыр қабырғалары, кальций тұздарының бөлініп шығуына байланысты, әктелініп кетеді(ПАӨ). Аталмыш өзгерістер тамыр қабырғаларының серпімділігін көп төмендетіп, тесіктерін тарылтып, қан айналымын қиындатады. Ол артериядағы қысымды көтеріп, жүректің, әсіресе сол қарыншаның жұмысын күшейтеді. Тамырлардың қабырғаларындағы азғындау өте қатты болғанда, олар жарылып кетіп малдарды аяқ асты өлтіреді немесе шала не толық салдандырады. Майда тамырлар жарылса, қан құйылады, ал оның тигізетін зардабы көлемі мен жайылған жеріне байланысты болады. Тамырлардың бәрі бірдей дерттенбесе, олардың кей жерлері кеңейіп (аневризм) кетеді де, сол кеңейген жерлері жарылып өлім- жітімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер. Тамыр лар жарылған жағдайларда қан аққан жерлер көрінеді. Симптомдары. Көп жағдайларда ауру баяу дамитын болғандықтан, сырт белгілері онша айқын білінбейді. Әдетте, малдардың өнімділігі, жұмыс істеу қабілеттілігі төмендейді, өрісте жайылып жүрген кездерінде тез шаршағыш келеді. Терілерінің серпімділік қасиеті нашарлап, жүндерінің (түктердің) әдеттік жылтырауы көмескіленеді. Жүйке- бұлшық ет күш-қуаты, шартты рефлекстері, әсіресе жұмыс істегеннен кейін нашарлайды. Сырт қан-тамырларының қабырға- лары қатаяды. Жүрек дыбыстарының бірінші сазы ұзарады, басыңқы естіледі, ал екінші сазы көбінесе қолқада күшейеді және екпінделінеді. Артериядағы қысым көтеріледі. Өтуі. Ауру, ылғи созылмалы түрде өтеді де альвеолалардың эмфиземасын, өкпелердің склерозын, бауырдың берішін, бүйректердің склерозын, асқазан мен ішек-қарындардың кілегейлі қабықтарының созылмалы қабынуларын тудырады. Балау. Қан-тамырларын тексеруге, қан қысымын өлшеуге, малдардың жұмысқа қабілеттілігі мен өнімділігінің өзгерулерін еске алуға негізделген. Болжамы. Шүбәлі, ауыр өткен жағдайда тиімсіз. Емі. Артериосклероздың толық дамыған кезінде емдеу нәтиже бермейді. Жылқыларды жеңіл жұмысқа ауыстырады да, жүйелі түрде демалып тұруын қадағалайды. Аурудың дамуының алдыңғы кезеңінде азықтандыруды реттеумен қатар (диетотерапия) йодты препараттар, жүрек қан-тамыр дәрі-дәрмектерін қолдану жақсы нәтиже береді, солармен қатар ұлпалық емде қолданады. Сақтандыру шаралары. Ауруды алдын ала ескертудің негізінде малдарды толық сапалы азықтармен азықтандырумен бірге, жұмысқа тиімді пайдалану керек. Атеросклероз бен артерио- склерозды тудыратын ауруларды дер кезінде емдеу керек. Майда еритін В тобы витаминдерді (РР витамині, В5 витамині ішке ірі және ұсақ малға 1 кг дене массасына 0,4-0,8 мг, ал бұлшық етке 0,2-0,6 мг). Поливитаминдермен емдеу белок (нәруыз) және май алмасуларын миокардта жақсартып, бауырда, мида метаболи- калық процестерді қалыптастырады, олардан В тобы витаминдері және аскорбин қышқылын қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет