1. Жарық терапиясы фототерапия


Терапияның профилактикалық принципі



бет6/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
11. Терапияның профилактикалық принципі Сақтандырушы ем принципі өндірістік технологияда мал ай шаруашылығының шоғырлануы мен арнайы мамандануында жүзеге асырылады. Малды жеке емдеумен қатар топтап емдеуге көп көңіл бөледі. Оны малдың белгілі бір технологиялық топтарына, белгілі бір цехқа, аурудың жасырын түрін анықтауға қолданады. Мысалы, ірі қара малдың кетозын, остеодистрофиясын, белок және көмірсу тапшылығын, асқазан-ішек ауруларын, респираторлы ауруларын емдеуде қолданады. Шошқаларды емдеуде-гиповитаминоздарда, асқазанның ойық жарасында, қойды емдеуде кетоздарда, безоар ауруларында қолданады. Топтап сақтандырушы емдеуде жергілікті жерде шығарылған емдеу амалдары мен препараттар қолданылады: диеталық азықтар, премикстер, витамин және микроэлемент қоспалары, сүйек ұны, витаминді препараттар ж.б. Осы мақсатпен физикалық күштермен емдеу қолданылады: ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру, малды қыздыру, тоғыту, моцион. Топтап емдеу тек малдың саулығын қалыптастыру үшін ғана емес, қосымша және жаңа аурулардың туындауының алдын алады. Мысалы, ірі қараның кетозында - бауыр патологиясының, шошқада - гиповитаминоздарының, асқазанның ойық жарасының алдын алады.
12. Травматикалық перикардиттің диагностикасы Балау. Құрғақ перикардит, жүрек тұсын ауырсынуы, үйкеліс шуылының пайда болуы, жүрек түрткісінің күшеюі, жүрек соғуының жиілеуі және басқа да тән белгілері арқылы анықталынады. Ылғалды перикардит жүрек түрткісінің нақтылы орнын өзгертіп, күшінің әлсіреуімен, түрткісінің жайылып кетуімен, салыстырмалы және абсолюттік дүңкілдердің бірыңғайланып, көлемінің ұлғаюымен, жүректің соғу дыбыстарының бәсеңдеп күнгірттенуімен, тездетілуімен, шалпыл дыбыстарының пайда болуымен, мойын көк тамырының толып кернелуімен, ісінулермен бейнеленеді. Рентгенмен тексеру, ауруды диагностикалауда құнды мәлімет береді. Онда жүректің көлемі қатты ұлғайып, оның кескіні қозғалысқа келмейді, жүрек пен көк ет (диафрагма) үш-бұрышының көлемі анық көрінбей, көмескіленіп кішірейеді, жүрек тұсының үстіңгі жағындағы көрініс жарықтанады (жүрек қуысына газдың жиналуынан). Ауруды диагностикалаудың дұрыстығына күдік туған жағдайда күмәнданбас үшін жүрек қабының қуысын зарарсыздалынған инемен сол жағындағы төртінші қабыртқаның арасынан, иық буыны сызығы мен шынтақ арқылы өтетін түзулердің ортасынан теседі. Дұрыс нәтиже алу үшін қуысты новокаинмен блокада жасайтын инемен тескен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет