1 Жоғары оқу орындарының пайда болу мен дамуына қысқаша шолу?



бет1/6
Дата04.10.2022
өлшемі28,09 Kb.
#41198
  1   2   3   4   5   6

1 Жоғары оқу орындарының пайда болу мен дамуына қысқаша шолу?
Жоғары оқу орындары экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар даярлайтын оқу орындары.Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар тағы басқалар жатады.
Қазақстанның бірінші жоғары оқу орны- Қазақ педагогикалық институты 1928 жылы Алматыда ашылды. Бұдан кейін 1929 жылы Алматы зооветеренарлық институты,1930 жылы Қазақ ауыл-шаруашылық институты, 1931 жылы Қазақ медицина институты ашылды. Бір жылдан кейін Орал педагогикалық институты ашылды. Көптеген студенттер білім алып шықты.1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті және Тауметаллургия институты ашылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жоғары білікті мамандарды даярлауда, оқытуда, ғылыми және мәдени дамуда едәуір жұмыс атқарып жатқан сегіз мемлекеттік жоғары оқу орнына ерекше мәртебе берілді. Республикада 141 жоғары оқу орыны жұмыс істейді, оның ішінде 63-і мемлекеттік емес жоғары оқу орны.Оқу жылдарында «Болашақ» бағдарламасы арқылы көптеген стипендиаттар әр елде білім алып жатады.
2 Қазіргі таңдағы жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындары?
Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны 1928 жылы Алматыда ашылған Қазақ педагогика институты (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті).Бірінші жылы онда 124 студент, 9 мұғалім болды. Алғашқы оқытушылары қатарында Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Құдайберген Жұбанов және тағы басқалар дәріс оқыды.
2001 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 8 жоғары оқу орнына «ұлттық» деп аталатын ерекше мәртебе берілді.
Олар:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,Қазақ ұлттық аграрлық университеті, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті,Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Назарбаев Университеті және тағы басқалар.
3 Жоғары оқу орындарына сипаттама?
Егер 1990-1991 оқу жылында Қазақстан Республикасында 54 мемлекеттік жоғары оқу орны жұмыс істесе,1996-1997 оқу жылында республикада 125 жоғары оқу орны болды, оның 71-і мемлекеттік емес.
Жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындары желісінің кеңеюі 2004 жылға дейін байқалды. Мемлекеттік емес университеттер саны 130-ға жетті. Онда республика студенттерінің жалпы контингентінің 50% - ға жуығы оқыды. 7 жыл ішінде қазақстандық ЖОО студенттерінің контингенті 2,5 есеге ұлғайды. Барлық ЖОО студенттерінің 80% - дан астамы қазір ақылы негізде, яғни өз қаражаты есебінен оқиды.
Соңғы үш жыл ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 70-тен астам филиалды жабу және білім алушылар контингенті аз 30-дан астам жеке меншік жоғары оқу орындарын біріктіру бойынша үлкен жұмыс жүргізді,жоғары оқу орындарының бір бөлігі колледжге айналды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік емес жоғары оқу орындары арасында ҚР жетекші мемлекеттік жоғары оқу орындарымен лайықты бәсекелесетін көшбасшылар айқындалды:олардың материалдық базасының дамыған инфрақұрылымы, жоғары білікті кадр құрамы, студенттердің тұрақты контингенті және олардың жұмысқа орналасуының жоғары пайызы арқасында жақсы беделге ие.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет