1-жүргізуші:- Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс»



бет1/3
Дата14.10.2022
өлшемі22,38 Kb.
#43167
  1   2   3


1-жүргізуші:- Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
 2- жүргізуші: Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі- «Жеңіс күнімен» шын жүректен құттықтаймыз. Әрқайсымыз үшін жақын да қымбат мереке-Жеңіс күні!Ұлы жеңістің 77 жылдық мерекесіне арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
2-Жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.Ол кісілерге құрметпен бас иеміз!
1-жүргізуші: Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)
Батырлар
Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады.
Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы мына материал көрсетіледі:
Қошқарбаев Рақымжан (1924 —1988 жж.)
– Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы 1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген.1942 ж. әскерге алынған. Соғыс кезінде асқан ерлік көрсеткен. Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.
Өр тұлғалы келбетті
Қошқарбаев Рақымжан
Сын сағатта ерлепті,
Ер сүйсінген батыр жан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет