1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8



Дата02.03.2023
өлшемі15,78 Kb.
#71346


1-жүргізуші:
Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.




2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып,

Алдарыңызға әнші ______________________орындауындағы «___________________» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы құттықтау тілектерін тыңдайық.


1-жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,


Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып _____________________ орындауындағы «___________________________» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолында,- деп кезекті 6-сыныптың оқушыларының аналарға арнаған өлең шумақт арына берсек

2-жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,

1-жүргізуші:

Әлемнің жарығын,


Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жан баларыңыздың ана туралы әсем әнін тыңдаңыздар.
Хор _______________

1-жүргізуші:


Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет