1. Климат-топырақ түзуші фактор ретінде



бет1/15
Дата05.05.2023
өлшемі44,14 Kb.
#90345
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1.Климат-топырақ түзуші фактор ретінде
Ауа райының топырақ түзудегі рөлі орасан зор. Климатқа, яғни ауадан түсетін ылғал мөлшеріне. ауа температурасының ыстық, суығына, үсіксіз уақыттың қысқа немесе ұзақтығына қарай əр жерде əртүрлі өсімдік, жан-жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың əрекетінен əр жерде əр түрлі топырақтар түзіледі. Мəселен, шөлде шөл топырағы түзілсе, тундрада мəңгі тоң астында дамымаған, мəңгі жас, құнары аз топырақ, ал ауа райы жайлы, одан түсетін ылғалы мол, күн сəулесі жеткілікті аймақтарда құнары мол қаратопырақ түзіледі. Топырақ түзілу құбылысының жылдамдығы (белсенділігі) ғарыштан келетін күн сəулесінің қуатына тікелей байланысты. Күн сəулесімен қатар, тірі организмдерге ылғал қажет, осыған байланысты топырақ түзілу жылдамдығы, күні, жылы əрі ылғалы мол аймақтарда өте жоғары, ал керісінше, ылғалы аз, күні суық немесе ыстық аймақтарда бұл құбылыстардың белсенділігі төмен. Осы себептен де климат жағдайларына топырақтың химиялық жəне минералдық құрамдары тікелей байланысты.
Күні жылы, ылғалы мол аймақтарда топырақ минералдары негізінен қатты үгілген, балшықты екінші минералдардан, ал күн райы ыстық немесе суық, ылғалы өте аз аймақтар топырақ құрамындағы минералдардың басым бөлігі, жөнді үгілмеген алғашқы минералдардан тұрады.
Ылғалы мол аймақтын топырағында суға ерігіш тұздар аз кездессе, керісінше, құрғақ, шөл аймақтар топырақ құрамы суға ерігіш тұздарға бай келеді. Ауа райының жиі желді болып келуі де топырақтағы құбылыстарға, оның құнарына көп əсер етеді. Сонымен қатар айналамызды қоршап тұрған экологиялық факторлардың əсерлері де топырақтың түзілуіне көптеген əсерін тигізеді.


2.Құрғақ дала аймағының қара-қоңыр топырағы
Құрғақ даланың зоналық топырағы – қара-қоңыр. Жалпы көлемі 107 млн гектар, яғни ТМД елдерінің 4,8%-ын алып жатыр. Негізгі көлемі Қазақстан территориясында.
Қара шірінді мөлшері бұл топырақтарда 4% арасында. Қара қоңыр топырақтың морфологиялық құрылысы төмендегідей:
А – 0-20 см, қара қоңыр түсті, нығыздалған, 35-45 см-ден əк кездеседі.
ВС – 50 см-ден төмен ашық ақшыл, көптеген əк қосылыстары бар.
С – 100-120 см-ден гипстелген аналық тау жынысы қабаттары кездеседі.
Бұл зонаның өзі де терістіктен оңтүстікке қарай жылжыған са- йын бірнеше зонашаға бөлінеді. Зонаның ең солтүстік бөлігінде күңгірт қара-қоңыр топырақ, орталығында жай қара-қоңыр топырақ, ал оңтүстігінде ашық қара-қоңыр топырақтар кездеседі. Ең терістігіндегі зонаша құрғақтау дала саналса, ортасындағы зона- ша – нағыз құрғақ дала, ал зонаның оңтүстік шеткі бөлігі жартылай шөл (шөл дала) зонашасының үлесіне тиеді. Бұл топырақтарды пай- далануды Қазақстан мысалында қарастырамыз.
Ауа райының құрғақтығынан зонаның басым бөлігін жайылым алып жатыр. Зонада сортаң жəне сорланған топырақтар мол. Деген- мен, күңгірт қара қоңыр, жай қара қоңыр топырақтар зонашаларының кейбір аймақтарында жыртылған жер көлемі бұл зонашалардың 20- 30%-ға жуығы құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет