1. Климат-топырақ түзуші фактор ретінде


Топырақтың химиялық құрамы



бет3/15
Дата05.05.2023
өлшемі44,14 Kb.
#90345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
7. Топырақтың химиялық құрамы.
Топырақтың химиялық құрамы – бұл топырақтың минералдық бөлігінің элементтік құрамы, сонымен қатар ондағы қарашірік, азот, көмірқышқыл газы және химиялық байланысқан су. Топырақтың құрамына белгілі химиялық элементтердің барлығы дерлік кіреді.
Топырақтың химиялық құрамы бір кездері оның бетінде болған, содан кейін ыдыраған минералдармен анықталады. Сонымен қатар, топырақтың химиялық құрамы органикалық заттардың (өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары) сандық құрамымен, осы заттарды ыдырататын микроорганизмдердің белсенділігімен, ең соңында, адамның топыраққа белсенді әсерімен анықталады. Топырақтардың орташа химиялық құрамы, % (А. П. Виноградов, 1962):
О – 49 Sі - 33 Аl - 7,13 Fе - 3,80 Са - 1,37 Na - 0,83 К - 1,36 Mg - 0,60 Ті - 0,46 С - 2,00 S - 0,085 Мn - 0,085
Топырақтағы химиялық элементтердің мөлшеріне қарай бірінші орында О мен Sі, екінші Al мен Fe, үшінші Са мен Мg, солардан кейін Na, К, т.б. элементтер орналасқан, Топырақтың химиялық құрамы өзін түзген тау жыныстарының химиялық құрамынан айырмашылығы бар. Мұнда органикалық элементтердің мөлшерлері көп: көміртегі 20 есе, азот 10 есе өседі. Сонымен қатар, оттегі жəне сутегі мөлшерінің көп, ал алюминий, темір, калий, кальций, магнийдің аз екені байқалады.
8. Тұзданған топырақтардың генезисі, таралуы, жіктелуі.
Тұзданған топырақтардың жаралуы (генезисі)
Топырақтың тұздануы деп – топырақ қабатында суда жеңіл еритін тұздардың өсімдікке уытты мөлшерде шоғырланып жиналуын айтамыз. Мұндай топырақтарға сор, сортаңданған, кебір және қайтара тұзданған топырақтарды жатқызуға болады.
Қазақстанда тұзданған топырақтардың жалпы аланы 93 млн га болса (жалпы пайдаланатын жер алаңының 43%), оның ішінде егістік жерлерінің 4,6 млн га тұзданған (жалпы егістік жер алаңының 19,4%) болып табылады.
Тұзданған топырақтар негізінде қуаншылық және қуан аймақтарда кездеседі. Мұндай аймақтарда жер бетінен ылғалдың булануы жауын-шашын мөлшерінен жоғары болады және жақын орналасқан ыза сулары топырақтың қабатында тұздардың жиналуына жағдай жасайды. Климаты ылғалды аймақтарда жер бетінен булану қарқыны төмен болғандықтан шамалы жиналған тұздар түсетін мол жауын-шашын арқылы топырақ қабатынан шайылады.
Топырақтың жоғарғы қабатында және ыза суларында тұздардың жоғары мөлшерде шоғырлануы сол аймақта қалыптасқан белгілі жағдайларға тікелей байланысты.
Тұзданған топырақтардың қалыптасуы екі жолмен жүреді: Табиғи және антропогенді.
1) Табиғи жолы:
а) Тау жыныстарының мүжілуі салдарынан қомақты мөлшерде жеңіл еритін тұздар пайда болады. В. А. Ковданың деректері бойынша құрлықтан мұхитқа әр жыл 2735 млн т жеңіл еритін тұздар әкетілсе, мұхиттан құрлыққа 1 млрд т тұз тасымалданады. Қазақстан аумағын алатын болсақ тұздардың көп мөлшерде шоғырланатын аудандары Каспий теңізі маны ойпаты, Тұран ойпаты және Батыс Сібір ойпаты аумағына жататын Солтүстік Қазақстан аудандары.
б) Жанартаулардың ықпалы. Жанартаулардың әрекеті салдарынан бөлінген газдарымен бұлардың құрамында күкірт, хлор қосылыстары ауаға шоғырланады. Бұл қосылыстар қоршаған ортаға араласқан сон сульфат және хлорид тұздарына айналады.
с) Өсімдіктер әсерінен топырақта тұздардың шоғырлануы. Қуан климат жағдайында өсімдіктердің органикалық қалдықтарының аэробты ыдырауы нәтижесінде жоғары мөлшерде жеңіл еритін тұздар шоғырланады. Мұнда тұздардың негізгі көзі жақын орналасқан минералданған ыза сулар болып табылады.
д) Жел арқылы тұздардың тасымалдануы. Тұзды көлдермен сорлардың таралған аймақтарында тұздар жел арқылы тасымалданады және топырақтың тұздалуына себеп болады, 1 км2 ауданға шамамен 2-ден 20 т-ға дейін тұз түсуі мүмкін (Кларк).
Бұлар жазықтық белдеулердегі топырақ зоналарының барлығында кездеседі. ТМД елдерінде 52,3 млн. га немесе 2,4 %. Ал таза сорлар, сортаңдар 120 млн га, 70 %-ы Қазақстанда жайғасқан. Ал қалған 30% Батыс Сібірде, Орталық және Төменгі Еділ бойында, Украинаның оңтүстігінде, Орта Азия мен Кавказ алды тауларының Солтүстік-Шығысында кездеседі.
Топырақ асты, жер астындағы сулардың құрамындағы тұздар, олардың деңгейі көтерілгенде топыраққа сіңеді. Ал олар төмен қайтқанда, тұздар онда қалып қояды. Тіптен деңгейлері төмен түспеген күннің өзінде, сулары буланып, тұздардың топырақта концентрацилары молаяды. Мұндай жағдай егістікті бей-берекет суғарып, топырақ асты суларының деңгейі көтеріліп, тұздандырады. Мұны "екінші ретті тұздану" немесе "вторичное засоление" деп атайды.
Жер бетіндегі тұздар жел арқылы тұзданбаған топыраққа ауысады. Мұны "эолдық процесс" яғни "ауа арқылы тұздану" деп атайды.
Минералданған топырақ асты суларынан, тамыры арқылы сіңірген тұздар, өсімдіктердің қалдықтары шірігенде топырақта жиналады. Мысалы сексеуіл, бүйіргін, ала боталар осындай құбылыс береді. Қыраттар мен беткейлерден ғасырлар бойы жуылған еріген тұздар ойпаң жерлерге жиналып, шоғырланады, топырақтарына сіңеді.
Осы тұздану жолдарының нәтижесінде топырақта әр түрлі құрамдағы, құрлымдағы, қасиеттердегі топырақтар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет